«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Оқу жылы: 1-оқу жылы Оқу семестрі



бет35/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Казбекова Б.М.– су ресурстары және суды пайдалану магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Тбиғатты пайдалану қағидалары мен заңдарына және диалектика категорияларына көңіл бөлу керек. Болашақ бакалаврларға ауыл шаруашылық мелиорациясының нысаны – жер бедерінің, оны түзетін жыныстармен, топырақпен, ауа-райымен, сулармен, тірі денелермен салыстырмалы бірлігін сипаттайтын және адамның әсерінен болатын ландшафттар жайлы ұғым беру. Бұл пән табиғатты пайдалану, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезінде табиғи қорларды тиімді пайдалану мәселелерін шешудің негізі болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау мәселелерін шешкенде ландшафттың ролін білу керек. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау нысандары ретіндегі, табиғи және табиғи-антропогендік ландшафттарды таныстыра білу керек. Табиғи пайдаланатын жерлердің өзгеру қарқыны және ландшафттық-экологиялық теңгермесін ескеріп, ландшафтты пайдалану бағытын дұрыс таңдау қажет. Ландшафттарды мелиорациялаудың экологиялық салдарын ескеру керек. Табиғаттың өзінде негізі қаланған табиғи ортаның потенциалды мүмкіндіктерін және тенденцияларын (мақсаттарын) оңтайландыру қағидаларын байланыстыру қажет.

Деректемелер/Пререквизиттер: мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология.

Курстың/пәннің мазмұны: Ландшафттанудың жалпы жағдайы, табиғат және табиғи ресурстар. Табиғи орта және өмір сүру жағдайы, адамның табиғатпен қарым-қатнасы. Табиғи жүйе, геожүйе, экожүйе, ландшафттар, агроландшафтар, геожүйенің ластануы. Қазақстанның ландшафтары. Ландшафттардың ресурстарын табиғи-экологиялық бағалау. Табиғи-техникалық кешендер.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Исаченко А.Г. Основы ландшафтоведение и физика-географическое районирование. М.: Высшая школа, 1985.

  2. Исаченко А.Г. Оптимизация природной среды. М.: Мысль, 1980.-264с.

  3. Арманд Д.Л. Наука о ландшафте, М.: Мысль, 1975.-287с.

  4. Чупахин В.М. Основы ландшафтоведение, М.: Агропромиздат, 1987.-168с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Сызба геометрия және инженерлік графика

Пәннің коды: SGIG 1207

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: т.ғ.к., аға оқытушы Қыстаубаев Қ.Ж.

Курстың мақсаты: Инженерлік графика студенттерді мәні әрі мағынасы әртүрлі графикалық мәліметтермен жұмыс істеуге мәліметтерді графикалық тұрғыда бақылауға, геометриялық объектілердің графикалық моделін жасауға, жобалау құжаттарын дайындау тәртібіне және құбылыстар мен өзгерістердің графикалық моделін жасау әдістеріне үйреттеді. Адам тіршілігінің барлық кезеңінде графикалық мағлұмат негізгі қатынас көзі болып саналады. Студент кез келген графикалық мәліметтермен сызба құжаттармен, мазмұндық құжаттармен және компьютерлік жобалармен дайындалған Web-парақтармен жұмыс істей білуі керек. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, пәннің мағынасы мен көлеміне және мамандық салысына әрі бағытына байланысты лайықты талап қояды. Кеңістік туралы түсініктер мен болжамдарды, конструкторлы ойлау қабілетін дамыту. Кеңістік пішіндері мен құбылыстарды талдау және оларды жинақтап, қорытынды жасай білу. Түрлі геометриялы пішіндерді жасаудың тәсілдерін үйрету. Геомертриялы денелердің кеңістік пішіндерін графикалық модельдері болып табылатын сызбаларын салу тәсілдерімен танысу және оны игеру. Конструкторлық құжаттаманы орындау мен безендіру ережелерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, Физика, Черчение.

Курстың/пәннің мазмұны: Сызба геометрия пәні. Ортогональдық проекциялар. Жазықтықтар проекциясының системасы және тік бұрышты координат. Нүкте. Кеңістікте орналасқан нүктенің проекциялары. Монжа эпюры. Түзу. Проекцияны түрлендіру. Көпжақты денелер. Қисық сызықтар және қисық беттер жөнінде түсінік. Конустық беттермен жазықтықтың қиылысуы, қиманың ауданын анықтау әдістері. Беттердің жазбалары дұрыс орналасқан призма, пирамида, цилиндрлік, конустық беттердің жазбалары. Аксонометриялық. Стандарттардың жалпы түсініктемелері. Көріністер. Қималар. Тіліктер.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Есмұханов Ж.М, Қонақбаев К.Қ. Сызба геометрия Мектеп 19б8ж.

  2. Ақпанбек Ғ. .Сызба геометрия. Алматы 1992ж.

  3. Виноградов В.Н. Начертательная геометрия. Москва1984г.

  4. Брилинг. Задания по черчению.

  5. Х.А. Арустамов Сборник задач по начертательной геометрий Москва 1978г.

  6. Дүйсеков С.А., Хегай Ф.Е. Радиоэлектрондық құрылғыны жобалау негіздері. Оқу құралы – Алматы, 1996ж.

Сабақ беру әдістері: Берілген курс лекциялық және практикалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады. Практикалық жұмыстарда әрбір студентке жеке тапсырма беріліп, әкімшіліктік істі жүргізу орындалады. Тапсырманы орындау, қосымша сұрақтарға жауап беру, жұмысты уақытылы және ұқыпты көркемдеу сабақтағы белсенділікті қалыптастырады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмысты орындау сапасы, қойылған сұрақтарға жауаптары, жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс): Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.

Оқу тілі: Қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жылдық есептер, кітапхана қоры.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Климатология және метеорология

Пәннің коды: КM 1208

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Буланбаева П.У. – ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Климатология өзінің даму барысында атмосферада болып жатқан физикалық процестерді, оның өзгеру заңдылықтарын байқауда метеорологияға арқа сүйесе, оның жер бетінде қалай таралуы, жер бедерінің әсерлері жөнінен географиямен тығыз байланысты және өз мақсаттарына шешуде жоғары математиканың да салаларын пайдаланды. Ауылшаруашылығында климаттық ресурстарды дұрыс есепке алу және пайдалану ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін арттыруда маңызды фактор болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, физика, математика.

Курстың/пәннің мазмұны: Метеорология ілімі туралы түсінік. Жер бетіндегі ауаның құрамы. Ауаның тығыздығы және атмосфераның массасы. Күн радияциясының шағылысуы. Күннің ұзақтылығы және оның маусымдық өзгеруі. Топырақ температурасының тәуліктік және жылдық жүрісі. Су айдынының қызу мен салқындауы. Су бетінен, топырақ бетінен және өсімдіктерден ылғалдың булануы. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспаптар. Циклондар мен антициклондардағы ауа райы. Синоптикалық карта. Климат құрушы факторлар. Теңіз және құрлық климаттары арасындағы негізгі айырмашылықтары. Ауаның абсалюттік және салыстырмалы ылғалдылығы. Климаттардың жіктелуі (классификациясы).

Ұсынылатын әдебиет:

1. С.И. Костин. «Основы метеорологии и климатологии». Л. Гидрометеоиздат. 1978г.

2. Н.В. Кобышева, С.И.костин, Э.А. Струнников, Климатология. – Л. Гидрометеоиздат. 1980г.

3. Ю.Ч. Чирков «Агрометеорология» Л. Гидрометеоиздат. 1979г.

4. Г.П. Дубинский, И.И.Гуральник, С.В.Мамиконова, Метеорология. Л. Гидрометеоиздат. 1965г.

5. Методичские указания по изучению дисциплины. Метеорология. Л. Гидрометеоиздат. 1970г.



6. К.С. Лосев. Климат: вчера, сегодня и завтра? Л. Гидрометеоиздат. 1985г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құрылыс материалдары және бұйымдары

Пәннің коды: КMВ 1209

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қаршығаев Р.О. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Бұл пәннің оқытылу мақсаты құрылыс өндірісінде, әсіресе құрылыста қолданылатын материалдардың қасиетіне қарай пайдалана білу. Яғни олардың құрылымына қарай қасиеттерін талдау беру және қайсы жерде қолдануға болатынын білу. Сонымен қатар олардың қалай дайындалатынын, қандай әдіспен жасалатынын айта білу екені шарт. Әр-түрлі материалдардың қасиеттерін білу керек. Пәнді меңгерудің бірде – бір шарты, бұл жоғарғы курстарды оқытылатын арнайы пәндер тығыз байланыстылығы және де бұл пән жалпы теоретикалық пәндер негізіндегі сабақтастығы, атап айтсақ (химия, физика, жоғары математика, материалдар кедергісі және т.б.). Инженер-құрылысшы табиғи құрылыс материалдар өндірісінің теориялық негіздерін конструкциялар өндірісімен байланыстыра білуі керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, геометрия, химия.

Курстың/пәннің мазмұны: «Құрылыс материалдары және бұйымдары» пәнін оқып-үйрену құрылыс материалдары мен бұйымдарын, сәулет өнерін, экономика-құрылыс жұмыстарының технологиясын, құрылыс экономикасының негіздерін білуге сол сияқты студенттердің оқу-өндірістік тәжірибесін өткізу кезінде жинақталған білімі мен шеберліктеріне негізделген. Курста құрылыс, құрастырудың жекелеген түрлерінің техникалық негіздері және көтергіш, қоршау, өңдеу өнімдері, басқа да үймереттер мен ғимараттардың арнайы жұмыстарды нақтылығы жүзеге асырудың рет тәртібі, әдістері берілді.

Ұсынылатын әдебиет:

    1. Қ.А. Бисенов, С.С. Үдербаев, Г.С. Абиева. «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008ж.

    2. А.Г. Домокеев Строительные материалы: Учеб. Для строит. Вузов. – 2 изд. –М.: ВШ., 1989. -495с.

    3. Микульский В. Г., Горчаков Г. И. и др. Строительные материалы. М: АСВ, 1996, -489 с.

    4. Комар А. Г. Строительные материалы и изделия. М.: , 1988, -487 с.

    5. Чехов А. П., Глущенко В. М. Строительные материалы. Лабораторные занятия. Киев: В. Ш., 1981,- 207 с.

    6. Попов Л. Н. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий. М.: В. Ш., 1984, 2-165 с.

    7. Воробьев В. А. Строительные материалы. М.: В.Ш., 1979, -382 с.

    8. Драченко Б. Ф. Ерисова Л. Г. Технология строительного производства. М, 1978, -460 с.

    9. Дворкин Л. И. Строительные материалы и детали /практикум/. Киев, 1988, -200 с.

    10. Дворкин Л. И., Пашков И. А. Строительные материалы из промышленных отходов. Киев.: В. Ш., 1980, -141 с.

    11. Воробьев В. А., Комар А. Г. Строительные материалы. М.: В. Ш., 1976, - 478

    12. Журналы: “Строительные материалы”, “Бетон и железобетон” и др.

    13. Құрылыс материалдарына байланысты Мемлекеттік стандарттар.

    14. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. 2003 ж.

Сабақ беру әдістері: Берілген курс практикалық және зертханалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2102

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2 - оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Исабекова А.А. аға оқытушы

Курстың мақсаты: Философия пәні және функциялары. Философия пәні және оның тарихи динамикасы. Философия пәні анықтамаларының алуантүрлiлігі және басты философиялық ойлар. Философия және дүниетану. Дүниетану ұғымы, оның құрылымы және негiзгi функциялары. Дүниетанудың тарихи түрлерi. Философиялық бiлiм құрылымы. Философиялық ойлаудағы ерекшелiк. Рефлексия және критицизм классикалық философияның iргелi сипаттамалары ретінде. Эвристикалық және философиялық ойлаудағы творчестволық сипат.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Тарихи өлшемдегi философия. Философия және аңыз: шығыстың ежелгi өркениеттерiнiң мәдениетiндегi философияның қалыптасуы. Ежелгi Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік. Көне грек өркениетi және көне философиялық дәстүрдiң ерекшелiк сипаты. Орта ғасырлық еуропалық мәдениеттегi философияның мәртебесі және функциялары. Араб шығыстық орта ғасырлық философиясы. Ренессанс дәуiрiнiң философиясы. Философия және ғылым: жаңа европалық мәдениетiндегi философияның өз тағдырын өзi шешу мәселесі. Әлеуметтiк-тарихи және дүниетану философиялық бiлiм берудiң негізі ретінде. Еуропалық философиялық дәстүрдi дамытуындағы немiс классикалық философиясы және оның рөлi. XIX ғасырдың философиясы: рационализм. XIX ғасырдың философиясы: иррационализм. Қазақ мәдениетiндегi философия феноменi. Қазақ халықының ұлттық сезiмiнiң қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы. XX ғасыр және XXI ғасыр философиясы. Қазiргi философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде. Iргелi ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдiс мәселесi. Болмыс философиясы. Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелерi. Тәуелсiздiктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негiздерi, ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негiзгi аспектілері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.

6. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

7. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

8. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

9. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

10. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

11. С.Мырзалы. Философия . А., 2008.

12. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.



Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Ерниязова Ж.Н. э.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Деректемелер/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Экономикалық теория. Оқу құралы - Алматы, 1999.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,

  3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

  4. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  5. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003

  6. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008

  7. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ. , Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ Қ-орда 2004

  8. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы 2010.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Исаева А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі; Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: қазақстан тарихы, саясаттану, мемлекет және құқық тарихы, экономикалық теория, қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың/пәннің мазмұны: Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы,2006

  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж.

  4. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  5. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  6. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.

  7. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.

  8. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Адам өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: Aoknek 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, таңдау компонент

Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет