«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Оқу деңгейлері (сатылары)



бет40/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: 5В090700 - “Кадастр” мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жалғастыруға тілек білдірген білімалушылар өз ЖОО-да бір акдемиялық кезеңді бітірген, оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы және заманауи техникалық құралдардан ақпаратты алу мен өңдеуді игерген, сонымен қатар шет тілін еркін меңгерген болуы қажет.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, жерге орналастыру саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу. Қоғамға және қоршаған ортаға қатынастарын реттейтін мәдениеттілікті, этикалық және құқықтық нормаларды үйрету арқылы білім беру, білімалушыға өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруды, заманауи ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды жүзеге асыратын кәсіби білім беру.

II–оқу жылындағы ECTS кредиті: 54; III – оқу жылындағы ECTS кредиті: 54; IV-оқу жылындағы ECTS кредиті: 28,5.


Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім беру пәндері

10

15




Міндетті компонент

7

10,5

ShT 1103

Шет тілі

2




Fil2106

Философия

3




KN 2403

Құқық негіздері

2







Таңдау бойынша компонент

3

4,5

ТК 2101

1. Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері

1







2. Еңбекті ұйымдастыру мәселелері

ТК 2102

1. География топография негіздерімен

2







2. Қазақстан Республикасының және облыс топографиясы




Базалық пәндер

26

39




Міндетті компонент

14

21

ET 1203

Экономикалық теория

2




Тор 2206

Топырақтану

2




Fot 2207

Фотограмметрия

2




KGN 2208

Кадастрдың ғылыми негіздері

2




ZhK 2214

Жер кадастры

2




ZhOGZh 2215

Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар

2




ZhM 3217

Жер мониторингі

2







Таңдау бойынша компонент

12

18

ТК 2201

1. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

3







2. Агрономия негіздері

ТК 2203

1. Жер мелиорациясы

3







2. Жерлерді суару және құрғату мәселелері

ТК 2204

1. Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру

3







2. Жерге орналастыру мен кадастрды жүргізу негіздері

ТК 2207

1. Auto CAD, Credo негіздері

3







2. Компьютерлік жобалау негіздері




Жалпы кредит саны

36

54



2-оқу жылы
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: Sht 1103

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Каримова Г. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, граммати-калық нормаларын талдау. Сөзжасам модельдерін түсіндіру грамматика, оқу жазу, тыңдау.

Деректемелер/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Шетел тілінің айтылу, ырғақтық-интонациялық ерекшеліктерін түсіндіру. Дыбыстық жүйенің рецензиясы мен репродукциясы. Тілдің дыбыстық әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лекси-калық минимум, мамандықтың профиліне сай терминдер, лексика дефференциациясы. Мамандыққа байланысты шетел тіліндегі мәтіндерді ана тіліне тілдік нормаларға сай аудару.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Жаңабаева К. Basic English. Алматы, 2000

2.Бонк НА. и др. Учебник английского языка. Москва, 1995

3.Каирбаева. Учебник английского языка. Москва, 2004г.

4.Бурлак А.И. Учебник английского языка. 1989

5.Дудкина Г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения.

6.Синявская Е.В., Гальперина А.А. Пособие по развитию навыков устной речи на английс-ком языке. Москва, 1990

Сабақ беру әдістері: дәріс, практика, іскерлік ойын әдісі, контекстік оқыту, репродуктивті әдіс, оқытудың бейіндік технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, дамыта оқыту әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Исабекова А.аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы


1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Айтимов Б. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері



Пәннің коды: ТК 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, таңдау пән

Оқу жылы: екінші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Сарабекова Ұ. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:

-төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

-студенттерге жарақаттану зардаптарын, белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету

-өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету

-АҚ бойынша халықты оқыту жүйесімен таныстыру

-оқыту барысында студенттерді қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге осы пән міндеттерінің маңыздылығын терең игеруге бейімдеу.



Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы білім беретін орта мектептердегі қоғамдық пәндерден алған білім мен білік дағдылары.

Курстың/пәннің мазмұны: «Өміртіршілік қауіпсіздігі» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту. Төтенше жағдай кезінде өзара және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Азаматтық қорғаныстың оқулықтарымен таныстыру және өндірістік нысандардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу тұрақтылығын, құтқару мен кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды ұйымдастыруын оқытып-үйрету. Сонымен қатар Төтенше жағдай кезінде халықтың іс-әрекеті мен психологиялық дайындығы туралы тақырыптарды қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Әлібеков А. Азаматтық қорғаныс бүкілхалықтық іс. Алматы, 1998ж.

2.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР Заңы. 15 шілде 1996ж. «Егемен Қазқастан» газеті

3.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық әдістемелік жинағы. 1, 2, 3, 4, -шығарылымдары, Алматы 2000ж.

4.Арпабеков С. Өміртіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004ж.

5.Мырзабеков А. Жазатайым жарақат алғанда.Алматы 1988ж.

6.Оразақов Е. Дәрігерлік кеңес. Алматы 1991ж.

7.Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы 1-кітап. Алматы 2003ж.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: : әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

География топография негіздерімен



Пәннің коды: ТК 2102

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: екінші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: аға оқытушы, т.ғ.к. Абжамиева Л.Б.

Курстың мақсаты: Жердің көлемі, мөлшері жайлы және географиялық карталар жайлы түсініктеме беру. Кеңістіктегі және жазықтықтағы нүктелердің координаталарын анықтауда, план, карта жасауда, картографиялық проекцияның номенклатурасын географиялық төбелерге байланысты еспетеп табу. Карта құрудың негізгі этапын, қазіргі баспаларды, картаның автоматизациялық құру кезеңдері, топографиялық карта жаңартуды үйренеді.Пәнді оқытуда қойылатын міндеттер: тематикалық және атлас карталарын геоинформация картографиялық көріністердегі карта жасаудың технологиясын, әдісін, теориялық негіздермен танысу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны: География топография негіздерімен пәнінің негіздері және басқа ғылымдармен байланысы. Объектінің жергілікті жағдайын, санын, сапасын, сипаттамасын анықтау. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және топографиялық жұмыстар. Картадағы градустық және километрлік торлар. Нүктелердің координаталарын анықтау. Карта құрудың негізгі этапы. Картаның шынайы құрамы, әдістері. Топографиялық карта есептері. Картографиялық проекцияның математикалық негізі. Картографиялық проекцияның түрлері. Географиялық картаның математикалық негізі, масштабы, карта номенклатурасы. Географиялық координаттар бойынша карта номенклатурасын анықтау. Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін таңдаудың негіздемесі. Ауданның табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ірі масштабты топографиялық түрістер. 1:100 000 масштабтағы картаның орналасу схемасы. Топографиялық түсірістерді және карта жасау жұмыстарын автоматтандыру. Берілген ауданның жалпы экономикалық картасы. Топографияллық түсірістегі 1:5000, 1:10 000 масштабты карталардың атқаратын міндеттері. Жер бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу. Жер учаскесін жобалау мәні. Жобаларды құрастыру ережелері мен әдістері. Жерпайдалану ауданын аналитикалық әдіспен анықтау. Жер пайдалану учаскелерін графикалық әдіспен жобалау. Графикалық әдіспен ауданды анықтау. Учаскелерді механикалық әдіспен жобалау. Механикалық әдіспен ауданды анықтау. Қазіргі кездегі түсіру негізін GPS технологиясын пайдалану арқылы құру. Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Автоматты түрде карта жасауды ақпараттық қамтамасыз ету. Электрондық карталарды Maplnfo, GREDO жүйелерінде жасау. Ғарыштық суреттер арқылы цифрлы топографиялық карталар жасау.

Ұсынылатын әдебиет: 1. Вахрамаева Л.А. Картография және топография негіздері. М:Недра, 1985

2. Нұрпейсова. Геодезия. Алматы, 2005

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экономикалық теория

Пәннің коды: ET1203

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән


Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет