«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Оқу жылы: II Оқу семестрі



бет42/68
Дата15.09.2017
өлшемі11,18 Mb.
#32608
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: профессор, т.ғ.д. Қошқаров С.И.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жер қоры сипаттамасы, топырақ түзілу факторлары, құрамы және қасиеттерін және құрылыс негіздеріне, су, жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, оларды сақтау, қорғау әдістерін, сонымен қатар экологиялық бағалауды үйрету, мамандарға жердің жағдайын нашарлататын процесстерден сақтану және осы процесстерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру және дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Мелиорация туралы түсінік. Мақсаты, бағыты, шешетін мәселелері, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздары. Мелиорацияның түрлері, олардың өзара тығыз байланысы және кешенді түрде қолдануы. Суару мелиорациясы. Суару туралы жалпы мағлұматтар. Суару режимі және оның элементтері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсілдері. Суару жүйелері. Су көздері. Суармалы жерлердің сортаңдануымен (тұздануымен) күрес. Сортаң топырақ түрлері. Мәденитехникалық мелиорация. Топырақ эрозиясы және онымен күрес. Құрғату мелиорациясы. Мелиорацияның экономикалық тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. А.Ж.Ақбасова және т.б. "Экология және табиғат қорғау", Алматы, 2002

  2. Ж.Жатқанбаев "Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі", Алматы, 2000

  3. О.Зубаиров және т.б. "Мелиорацияның экологиялық негіздері", Қызылорда, 2000

  4. Қ.Ә.Әлімбетов және т.б. "Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері", Алматы, 2000

  5. М.С.Тонкопий "Экономика природопользования", Алматы "Экономика", 2002

  6. А.Баешов, Ж.Е.Дарибаев, Б.С.Шакиров, Ө.Қ.Мәдиев, А.С.Сарбасова Г.М.Тоқсейітова "Экология негіздері". Түркістан "Яссауи университеті", 2002

  7. Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, П.З.Сауытова "Экология", Алматы "Ғылым", ғылыми баспа орталығы, 2001

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру



Пәннің коды:ТК2204

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші: т.ғ.к. Ембергенов М.Ә.

Курстың мақсаты: болашақ мамандардың жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру саласындағы Мемлекеттік жер ресурстары жөніндегі ғылыми өндірістік орталығы мен оның еншілес кәсіпорындарының өндірістік қызметін талдау, жоспар құру, экономикалық негізделген нормативтер өңдеумен байланысты жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың теориялық білімін, әдістемелік тәсілдерін және тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдердегі жерге орналастыру органдарының қызмет ету тәжірибесі мен нормативтік құжаттарға сәйкес Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің және оның аумақтық органдарындағы жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері, жерге орналастыруды жобалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Жерге орналастыру бойынша жобалық-іздестіру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау. Іздестіру және зерттеу жұмыстарының түрлері. Топографиялық-геодезиялық іздестірулер. Инженерлі-геологиялық жұмыстар. Бөлу жұмыстары. Топырақ зерттеулері. Геоботаникалық зерттеулер. Жерге орналастырушылық іздестірулер. Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығындағы еңбекті бақылау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария. Жерге орналастыру жұмыстарының келешекте және ағымдағы жоспарлануы. Келешектегі және жылдық жоспарларды жасау тәртібі. Жобалық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыстарды жоспарлау. Жылдық жоспардың кварталдарының негізгі көрсеткіштері бойынша мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы бөлімшелерінің жұмыс жоспарын жасау және құрастыру. Есеп және есеп беру. Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығының құрылымы, еңбекақы төлеу және сыйлық беру жүйелері. Келісім-шарт құжаттамаларын дайындау және рәсімдеу. Тапсырыс беруші мен орындаушының арақатынасын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Келісім-шарт жобасы мен құрамдары. Жобалық-іздестіру жұмыстарының сапасын бағалауды және бақылауды ұйымдастыру. Бақылау жүйесі, міндеті, түрлері мен олардың сапасы. Жобалық-іздестіру жұыстарының сапасын бағалау түрлері. Іздестіру және жобалаудың сапасын басқарудың кешенді жүйесі. Шығаратын құжаттардың сапасын басқару мен оны жүзеге асыру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Земельный Кодекс Республики Казахстан. Алматы: «Юрист», 2003.

2. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «Эвлю», 1999.

3. Спектор М.Д., Байбугина М.К.,Хамзин Р.Г.Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

4. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

5. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

6. Гендельман М.А., Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства: Курс лекций – Ақмола, 1995.

7. Троицкий В.П., Волков С.Н., Гендельман М.А., Носов С.И. Научные основы землеустройства. Учебник для вузов – Москва: Колос, 1995.

8. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

9. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

10. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

11. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

AutoCAD, Credo негіздері



Пәннің коды: ТК 2207

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Балмаханов А.А, аға оқытушы

Курстың мақсаты: жобалау – сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету, студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерің тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу, оқу процесінде компьютерлік технологияны кеңінен қолдану, студенттердің басқа пәндерде алған базалық білімдерін курста оқып-үйренгендерімен ұштастыра білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: инженерлік геодезия, компьютерлік біліктілік, информатика және есептеу техникасы.

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Жүйенің құрылымы. Автоматтық жобалау жүйесінің қазіргі жағдайы және келешектегі даму барысы. AutoCAD LT бағдарламасымен жұмысты бастау. New (жаңа), Save (сақтау), Save as (қалай сақтау), Open (ашу), Quit (шығу) командалары.Units (өлшем бірліктері), Limits (шекаралар) командалары.Сызықтар. Line (Кесінді), Cartesian Coordinate System (Тік бұрышты координаталар жүйесі) Polar Coordinate System (Полярлық кординаталар жүйесі). Бұрыштардың санақ жүйесі, Absolute Coordinates (Абсолюттік координаталар), Relative Coordinates (Салыстырмалы координаталар), ПКЖ-ні ауыстыру, қолдану, Command options (Командалар опциялары), Undo (Кері қайтару), Redo (қайталау), Close (тұйықтау) Өлшемдерді қою. Linear (Сызықтық), Aligned (Параллель), Quick (Жылдам) командалары. VIEW (Көрініс). Zoom All, Zoom in, Zoom out, Zoom realtime, Pan realtime функцияларын сызу барысында қолдану. Объектілік байланыстырулар. Уақытша объектілік байланыстыру. From (жылжыту) Point style (Нүкте стильдері), Single point (дара нүкте), Multiple point (бірнеше нүкте), Size (нүкте өлшемі), Degrees, Minutes, Seconds (Градустар, Минуттар, Секундтар), DIMSTYLE. Бұрыштың өлшем бірліктері. Regen (регенерирлеу), Redraw (қайта салу) командалары Тұрақты объектілік байланыстыру. Object snap locations (Об. байланыстыру нүктелері), TOOLS (құралдар), Drafting Settings (Сызу параметрлері) Circle (шеңбер) командасы, Circle (шеңбер) командасының опциялары. Break (үзу), Diameter dimension. Radius dimension. Arc (доға), Start, Center, Angle (Старт, Центр, Бұрыш), Доғаның бағыты Tangent (Жанама), Fillet (Түйіндестіру) командасы. Radius (Радиус), Trim/Notrim (Қию/қимау) опциялары Chamfer (Фаска) командасы. Фасканың геометриялық параметрлері, Angle (Бұрыш), Distance (Қашықтық) опциялары Trim (Кесу) командасы. Кесу шектері. Use shift (Бірге өзгерту) Rectangle (Тіктөртбұрыш) командасы. Offset (ұқсас) командасы. Through (Нүкте) опциясы Extend (Ұзарту) командасы. Polygon (Көпбұрыш) командасы. Divide (Бөлу), Measuar (Интервал) Grid (Тор) режимі. Grid Spacing (тор масштабы). Snap (қадам). Snap Spacing (қадам масштабы).

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Финкельштейн Э. AutoCAD 2000. Библия пользователя.: Пер. с англ.- М.: Издательский дом “Вильямс”, 2000

  2. В.В. Полищук, А.В. Полищук «AutoCAD 2000» Практическое руководство, Москва «Диалог-МИФИ» 1999

  3. W.Baumback, P.Fahie, B,Davies «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998

  4. W.Baumback, P.Fahie, B.Davies «AutoCAD Modules AutoCAD II Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998

  5. W.Baumback, P.Fahie, B.Davies «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1999

  6. Ю.Н.Чигарев, Д.Г.Мезин Справочник команд AutoCAD LT 2000,Consistent Software 2000

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

3-оқу жылы

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Картография

Пәннің коды: Kar 3204

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: III

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, т.ғ.к. Абжамиева Л.Б.

Курстың мақсаты: Жердің көлемі, мөлшері жайлы және географиялық карталар жайлы түсініктеме беру. Кеңістіктегі және жазықтықтағы нүктелердің координаталарын анықтау, план, карта жасау, картографиялық проекцияның номенклатурасын, карта құрудың сатыларын, картаның автоматтандырылған кезеңдерін құруды үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: карталар мен жобаларды графикалақ безендіру, жер кадастры, жерге орналастыруды жобалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және картографиялық терминдер. Объектінің жергілікті жағдайын, санын, сапасын, сипаттамасын анықтау. Картография пәнінің негіздері және басқа ғылымдармен байланысы. Топографиялық картадағы ландшафттық элементтерді анықтау. Картадағы градустық және километрлік торлар. Нүктелердің координаттарын анықтау. Топографиялық карта есептерін шығару. Картографиялық проекцияның математикалық негізі. Картографиялық проекцияның түрлері. Географиялық координаттар бойынша карта номенклатурасын анықтау. Ірі масштабты топографиялық түрсірістер. Картографиялық генерализация. Топографиялық түсірістегі 1: 5000, 1:10 000 масштабты карталардың атқаратын міндеттері. Горизонтальдың қасиеттері және оларды биіктіктер арқылы жүргізу. Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін таңдау. Картаның жобалау легендасы. Жер бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу. Масштабы 1: 100 000 картаның орналасу схемасы. Карта құрудың негізгі этапы. Картаның шынайы құрамы, әдістері. Қазіргі кездегі баспалар. Ауданның жалпы экономикалық картасын құрастыру. Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Жер пайдалану ауданының шекарасын геодезиялық әдістермен анықтау. Ауданның орналасу схемасын, жалпы экономикалық картасын көрсету. Топографиялық түсірістерді және карта жасау жұмыстарын автоматтандыру. Топографиялық картаны жаңарту. Автоматты түрде карта жасауды ақпараттық қамтамасыз ету. Жер бетін сандық түрде бейнелеу. Ғарыштық суреттер арқылы сандық топографиялық карталар жасау. Электрондық карталарды Mapinfo, GREDO жүйелерінде жасау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Южанинов В.С. Картография с основами топографии М.Высшая школа, 2001

2. Вахрамеева Л.А. Картография М.Недра, 1981

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастыруды жобалау



Пәннің коды: ZhOZ2210

Пәннің типі: базалық міндетті пән

Оқу жылы: III

Оқу семестрі: 5,6

Кредит саны: 4 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, а.ш.ғ.к. Елеуова Э.Ш.

Курстың мақсаты: жерге орналастыру жобалауының әдістерін игеру, сондай-ақ жерге орналастыру жобалауының принциптерін, жобалардың классификациясын, барлық жер пайдалану түрлеріндегі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдаланушылығын ұйымдастыру әдістерін және ауылшаруашылығы емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын жобалау ерекшеліктерін үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен жер кадастры жұмыстарының ғылыми негіздері, жобалар мен карталарды графикалық безендіру, жер қатынастарының тарихы.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелер. Жерге орналастыруды жобалаудың мақсаты мен міндеттері. Жерге орналастыру қызметінің жаңа мәселелерді шешудегі ролі, жерге орналастыруды жобалау алдында тұрған жаңа мақсаттар. Жерге орналастыру жобалауының теориялық негіздері. Жобалаудың жерге орналастыру процессі ретінде дамуы. Жерге орналастыру жобалауының әдістемелік мәселелері. Қазіргі кездегі жерге орналастыру жобалауының мазмұны, принциптері және жобалау объектілері. Жерге орналастыру жобаларын құру және экономикалық негіздеу жолдары. Жобаларды классификациялау. Жерге орналастыру жобалауының кезеңдері. Жобалық шешімдерді шешу және оларды экономикалық негіздеу әдістері. Қазақстан Республикасының жер қоры және оның сипаттамасы. Жер қорын санаттарға бөлу. Жер қорының жеті санаты, олардың атқаратын қызметі. Жерге меншік түрлері. Жер иелену және жер пайдалану түсінігі, олардың мақсатты пайдаланылуы. Жер пайдалануды сипаттайтын кеңістіктік, экологиялық, табиғи климаттық және техника-экономикалық шарттар. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың түсінігі, мақсаты және оның әлеуметтік-экономикалық мәні. Шаруашылық аралық жерге орналастыру түрлері, мазмұны. Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері. Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектісі. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасының мазмұны. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың өндірістік процессі. Дайындық жұмыстары. Жобаны құру, қарау және бекіту. Жобаны жер бетіне түсіру. Жерге орналастырудың құжаттарын рәсімдеу жолдары. Жерді иелену мен пайдалануға құқық беретін мемлекеттік акт толтыру тәртібі. Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануларын құру, олардың жер иеленулерін қалыптастыру. Шаруа қожалықтарын құрудың құқықтық негіздері. Шаруа қожалықтарына жер бөлу тәртібі. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануларын құру мақсаттары мен принциптері. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын құруға жерді таңдау. Ауылшаруашылығы кәсіпорындардың шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасының құрылымдық бөлінуі. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануларын жетілдіру және кемшіліктерін жою. Оларды талдау және бағалау. Кемшіліктерді жою тәртібі. Жер пайдалану кемшіліктерін жою жобасын құру әдістемесі және экономикалық негізделуі. Жерді пайдалануға кұкық беретін құжаттарды жасау, тапсыру және жобаны іске асыру тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «Эвлю», 1999.

  3. Спектор М.Д., Байбугина М.К., Хамзин Р.Г. Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

  4. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

  5. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

  6. Гендельман М.А., Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства: Курс лекций – Ақмола, 1995.

  7. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  8. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

  9. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

  10. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.

  11. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқұ құралы – Астана, 2006.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Еңбекті қорғау

Пәннің коды: ЕК 2212

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: III

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 1 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Аяхметов А.Ж.

Курстың мақсаты: еңбекті қорғау мен оның негізгі функцияларын, міндеттерін, еңбек процестерінде адамдардың жұмыс қабілетін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін заң, актілер системасын, еңбекті қорғау мен ғылыми-техникалық процестерінің байланыстарын айқын көрсету, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Еңбекті қорғаудың негізгі құрылымы. Еңбекті қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік заңдылық актілері, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері және өндірістік санитария, метеорологиялық факторлардың адам организмне тигізетін әсері. Өндірістік шаңның, улардың, шу мен дірілдің адам организміне зияны және қорғану шаралары. Жеке қорғаныс құралдары және қауіпсіздік техникасы.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі, Астана, 15.05.2007 г.

  2. Танжарықов П.А., Абдрахманов С.Т., Сарабекова Ұ.Ж. Мұнай газ саласындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. Оқу құралы. Қызылорда, Тұмар, 2009ж.

  3. Кравченя Э.М., Козел Р.Н., Свирид И.П. Охрана труда и основы энергосбережения. Оқу құралы, Минск, ТетраСистемс 2008г.

  4. Нуржасарова М.А., Рыскулова Б.Р., Тургумбаева Х.Х. Охрана труда. «Фолиант» Астана-2007ж.

  5. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охраны труда на производстве. Алматы. 2002 г

  6. Долин П.А. Справочник по охране труда. М. Энергоатомиздат, 1990г.

  7. Межотраслевые правила по охране труда (Правила безопасности) при эксплуатации ЭЛЕКТРОУСТАНОВОК. Новосибирск, 2007.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

Пәннің коды:

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: III

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Будикова К.М.

Курстың мақсаты: жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістемесін игеру, жер қорының құрылымындағы өзгерістерді айқындау, оларды бағалау, кері процестердің салдарын жою және ескерту бойынша нұсқаулар жасау.

Деректемелері/Пререквизиттері: жер құқығы, жер кадастры, экология, жер учаскелерін

тіркеу және есепке алу



Курстың/пәннің мазмұны: Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау жүйесі. Бақылауды жүргізу объектілері. Негізгі нормативтік актілердің мазмұны, органдар жүйесі. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы жерге орналастыру ұйымының ролі мен функциясы. Жер заңындағы құқық бұзушылықтың түрлері. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жөніндегі есепті құру және оның мазмұны.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2003

2. В.М. Помогалова «Государственный контроль за использованием и охраной земель» Учебное пособие - Астана, 1998

3. Стамқұлов, Стамқұлова Жер құқығы. - Алматы, 2005

4. М.А. Гендельман, Ж.К. Крыкбаев и др. Научные основы землеустройства.– Акмола,1995

5. Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «Государственный контроль за использованием и охраной земель», Астана, 1998.

6. «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Қызылорда, 2009.


Каталог: Docs -> WEPsait -> oku
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет