Ақпаратты өңдеу форматтары



бет31/31
Дата24.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#113866
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Итн толық жауаптарыменн

I = log2N

Мысалы, бірден жүзге дейінгі сандар ішінен бірін кездейсоқ түрде таңдап алу қажет болсын. Хартли формуласы бойынша осы мысал үшін қандай информация көлемі керек екенін табуға болады: I = log2100 > 6,644. Бұдан дұрыс табылған сан жайлы хабардағы информация мөлшері шамамен 6,644 информация бірлігіне тең болатыны шығады. Осындай есептер үшін екінші бір америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды. Шеннон формуласы: I = – ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN),мұндағы pi — N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы. Бұл формула бойынша егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.Бұл екі формуладан басқа да ұсыныстар болған. Бірақ бір есте ұстайтын жайт – кез келген теориялық ұсыныс бастапқы алынған шарттарға қарай тек кейбір оқиғаларға байланысты ғана дұрыс нәтиже береді. Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір бит (ағылшынша bit — binary digit — екілік сан) бірлігін ұсынды.Информация теориясында: Бит — ықтималдықтары бірдей екі оқиғаның бірінен бірін ажыратуға қажетті информация мөлшері. Есептеу техникасында командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның ("0" мен "1“) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды. Бит — өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі — байт қолданылады. Байт — қатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компью-тер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбала-рының кез келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28). Бұдан басқа іріленген өлшем бірліктері де қолданылады:

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,



1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт"

Мысалы, жеребеге тиынды лақтырғанда герб түскені туралы хабар 1 бит ақпарат әкеледі.Себебі, оқиғаның мүмкін болу саны 2-ге тең (герб немесе сан) және екеуі де теңықтималды. Демек, нәтиже саны, 2 х = 2 теңдеуін шешкенде, х = 1 бит деп шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет