Ақпаратты өңдеу форматтары



бет27/31
Дата24.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#113866
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Итн толық жауаптарыменн

Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеу процессін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа.

Сұрыптау мақсаты

Сұрыптау мақсаты - көптеген сұрыпталған обьектінің ішінен белгілі бір элементті іздеуді оңайлату. Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді сұрыптаудың маңызы өте зор.

Сұрыптаудың түрлері

Бүгінгі таңда сұрыптаудың көптеген тәсілдері белгілі. Олар:


  • Таңдау арқылы сұрыптау

  • Алмастыру арқылы сұрыптау

  • Индекстері арқылы сұрыптау

  • Енгізу арқылы сұрыптау

  • Біріктіру арқылы сұрыптау

Теориялық информатиканың зерттеу бағыттары

Информатика - ақпараттың ортақ қасиеттерін, оның өңделу процесстерін, әдістері мен құалдарын оқытатын негізгі жаратылыс ғылымы.

Инфоматиканың негізгі ғылымға жатқызылуы онда жалпы ғылыми мәнділік бар екенін, яғни оның ғылымның өз шеңберінде ғана емес, басқа да ғылыми және қолданбалы пәндерде ұғымы, заңдары мен әдістері қолданылатындығын біліреді.

Информатика екі бағытқа бөлінеді: терориялық және қолданбалы. Теорялық информатиканың зерттеу нәтижесі ақпарат пен ақпарат процестеріне қатысты ортақ заңдарды анықтап, қалыптастыру, ақпараттық роцестермен және дисккретті ақпараттарды өңдеумен байланысты техникалық жүйелердің жұмыс істеуін анықтау, сондай-ақ, ақпараттық үлгілерідің құрылуымен пайдаланылуының методологиясын құрастыру болып табылады. Қолданбалы информатика ақпарттық жүйенің тікелей жасалуын және оларға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруды, сондай-ақ олардың практикалық тасырмаларды шешу үшін қолданылуын қамтамасызданыдырады.

Теориялық информатика - математика әдістерін пайдаланатын пән. Кез келген ақпарат дискретті түрде көрсетіле алатын болғандықтан ақпараттық процессті баяндап беру үшін дискретті математика аппараты пайдаланылуы мүмкін. Алайда теориялық информатикада бұл аппарат ақпараттық объкетіге қоданылатындықтан нақты әрі өзгеше мазмұнға толы болды. Теориялық информатикаға мына пәндер кіреді: ақпарат теориясы, алгоритм теориясы, кодтау теориясы, жүйелер мен үлгілер теориясы, негізгі автоматтар теориясы, есептеу математикасы, математикалық бағдарламалау және басқа да толып жытыр.

Теріс сандардың тура, кері және қосымша кодтары?

Тура код.Таңба разрядына 1 цифры, ал санның мәндік бөлігінің разрядтарына сол санның абсолюттік шамасының екілік коды жазылады. Кері код сол санның абсолюттік шамасының екілік кодының барлық сандарының инверциялануы арқылы, яғни таңбасымен қоса кері кодымен алмастыру арқылы, нөлдер-бірлермен, ал бірлер-нөлдермен алмастырып жасалады. Қосымша код алдыңғы алынған кері кодтың ең соңғы разрядына бірді қосу арқылы алынады.

Мысал:Ондық сан түрінде жазылуы: Екілік кодтар түрінде жазылуы:


Теріс сандардың кері кодта қосу ережесі.

Кері кодтарды қосу. А мен В сандарының кері кодтарын қосу кезінде 4 негізгі және 2 ерекше жағдайды ескерген жөн.Теріс сандардың кері код сол санның абсолюттік шамасының екілік кодының барлық сандарының инверсиялануы арқылы, яғни таңбасымен қоса кері кодымен алмастыру арқылы, нөлдер – бірлермен, ал бірлер – нөлдермен алмастырылу жолымен шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет