Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-



бет1/3
Дата28.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#22308
түріСабақ
  1   2   3
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

№1 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ

Мамандығы: 0306000- «Фармация»

Біліктілігі: 0306013- «Фармацевт»

Курс: 2


Семестр: III

Қүрастырушы:

Оқытушы: Серікбай С.С

Шымкент, 2014 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді.

«____»_____________

№ «____» хаттама

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Бөлешов М.Ә.



1 дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». Медициналық апат пәнінің мақсаты. ТЖ-ғы халықты тіршілік қауіпсіздігі мен медициналық қамтамасыздандырудың ұйымдасқан негіздері

  2. Сағат саны: 90 минут

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмекті көрсете білу.

  • тәрбиелік: өмірлік жолды таңдау және мақсатқа жету

  • дамыту: төтенше жағдайларда қауіпсіздік шараларын арттыру.

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан ауызша сабақ сұрау

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 25 минут

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру

  1. Жаңа сабақты түсіндіру 25 минут

«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттердіадамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.

Оқыту міндеттері:

бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;

өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;

тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;

студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;

зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;



қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың

зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.



I-тарау. Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.

Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз (1-сурет)

Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:

Бірінші міндет-нақтыіс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация).



Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементінанықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрісенімді шараларын әзірлеу.

Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебітолық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.

Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігіболғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлікапатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).



Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау,өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады.

Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.

Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.



Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:

адамның өзі;

өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат,еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

Шыққан тегі бойынша:

техногендік әсер ету;

антропогендік;

тұрмыстық;

спорттық;

жол-көліктік.

«Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп қатерді топтастыру

Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.

Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады.

Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.

Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп – қатері

Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс - әрекетінің және өзі құрған объектілерінің, жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

1.3. Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.

Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.

Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады.

Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.

Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз.

Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң).

Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар.

Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында

байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:

түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;

фотохимиялық смог - өткір газ бен аэрозольдің қою тұмансыз жиынтығы, ол күннің ультрокүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияға түсіп құралды әрі өте улы келеді.

Фотохимиялық смог 1940-шы жылдарда Лос – Анджелес қаласында байқалған, қазірде ғаламшарымыздың барлық дерлік бұрыш – бұрыштарында көрінеді.

Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.



Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.

Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.

Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.

Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.

Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді.

Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.



Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.



Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді.

Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілінуінің негізгі күрделі болып төмендегі факторлар саналады:

ұшақтардың шығаратын газдары;

змырандардың шығаратын газдары;

вулкан газдары;

фреонды пайдаланатын технологиялар;

атом жарылыстары.

Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3 пайызының бұзылуына әкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Озон қабатының бұзылуына өмірінің ұзындығы 100 жылдарға созылаты фреон үлкен әсер етеді. Фреонның шығатын негізгі көздері: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылары және т.с.с.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту 10 минут

  1. Төтенше жағдай деген не?

  2. Төтенще жағдайдың түрлеріне сипаттама беріңіз

  3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы сипаттама беріңіз

  4. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы сипаттама беріңіз

  5. Апат медицинасы деген не?

  1. Сабақты қорытындылау 10 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

  1. Үйге тапсырма беру 5 минут

    1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

2 дәріс



  1. Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттағы ТЖ-да халыққа көмек көрсетудің медициналық қызметінің міндеті, принципі, ұйымдастырылуы

  2. Сағат саны: 90 минут

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ-да халыққа медициналық көмек көрсету.

  • тәрбиелік: тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету

  • дамыту: бейбіт және соғыс уақытында медициналық көмектің барлық түрін көрсету.

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.



6. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

«Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

«Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

«Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 25 минут

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру

  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 минут

Медициналық алғашқы жәрдем отряды негізгі жылжымалы медициналық құрама болып табылады және ең алдымен зақымданғандар мен науқастарға медициналық жәрдем көрсету үшін арналған.

Оны қаланың, сондай-ақ селолық жерлердің емдеу-профилактикалық мекемелерінің базасында жергілікті денсаулық сақтау органдары ұйымдастырылады. Отрядтың жұмысын оның бастығы, мамандық жөнінідегі дәрігер басқарады.

ОПМ штатына дәрігерлерден, фельдшерлерден, медбикелерден, лаборанттардан, фармацевтерден басқа оның бөлімшелерінде жұмыс істейтін санитарлық жасақшы әйелдер енеді.

Штат бойынша отрядтың мынадай бөлімшелері болады: қабылдау-сұрыптау, ішінара санитарлық өңдеу және киім мен аяқ киімді дезактивтендіру, операциялық байлау, госпитальдық, эвакуациялық, медициналық жабдықтау, лабораториялық және шаруашылық бөлімелері.

Отрядтың негізгі міндеттері:

Зақымдану ошақтарынан келіп түсетін жарақаттанған адамдарды қабылдау, тіркеу және уақытша орналастыру:

Медициналық сұрыптау, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, жұқпалы аурулармен сырқаттанған және психикалық бұзылудан ауырған науқас адамдарды оқшаулау болып табылады.

ОПМ бастығы мен оның орынбасары отряд жұмыс жасайтын учаскеде істейтін санитарлық жасақтарды басқарады, қажет болған жағдайда оларды медициналық мүлікпен жабдықтайды.



Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарының мақсаты:

-дәрігерлердің медициналық эвакуациялаудың алғашқы сатысында зақымдану зардабын жоюға, зақымданған адамның өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда, ауруы асқынғандарға профилактикалық көмек және зақымданғандарды эвакуациялауға дайындауға бағытталған емдеу-профилактикалық шаралар кешенін орындау.



Алғашқы дәрегерлік көмек- жарақат алған жерде зардап шеккен адамның өзі немесе басқа адаммен қолында бар құралдарын пайдалана отырып, адамның өміріне қауіп төндіретін зақымдану зардабын жою және ауруын ары қарай асқындырмай алдын алу мақсатында көмек көрсетуде қолданылатын қарапайым медициналық шаралар кешені.

Санитарлық пост(СП), ол 4 адамнан тұрады (посттың бастығы және 3 пост мүшесі)

Санитарлық жасақ (СД), 24 адамнан құралады-жасақтың командирі, саяси жетекші, байланысшы, автокөлік жүргізуші, 4 адамнан тұратын 5 звеноға біріктірілген санитарлық жасақшы әйелдер.



Санитарлық жасақтар отряды (ОСД), ол 4-5 санитарлық жасақтардан және отрядты басқару тобынан тұрады. Отрядтар біріңғай міндеттерді орындайтын бірнеше санитарлық жасақтарды неғұрлым жақсы басқару үшін құрылады.

Қосарланған зақымдалу ошағындағы медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері.

АҚМҚ үшін үлкен қиыншылық КЗО-ға зақымданғандарға медициналық көмекті ұйымдастыру болып табылады. Бұл кезде қолданылған қарудың түрі және зақымдау сипаты есептеледі. Жауларға ядролық және химиялық қару қолданғанда УЗ-мен зақымданғандарға медициналық көмекті көрсетуде негізгі күш жұмсалуы керек.

АҚ күш топтарының 1-эшалонының бірінші еменіне барлық УЗ-мен зақымданғандарға бірінші медициналық көмекті көрсетумен қамтамасыз ететін СД саны енеді.

Әр СД үшін жұмыстың ұсақ аймақтары анықталады, транспорттың жеткілікті мөлшері бөлінеді және СД жұмысшыларына оның максимальды жақындауын қамтамасыз етеді.

Зақымданғандарға шұғыл медициналық көмек көрсету:


    • құтқару жұмыстарын басқару обьектілерінің өз транспортымен зақымданғандарды БМКО әкету және қаладан тыс ауданға оларды эвакуациялауға дайындау.

Қабылдау-сұрыптау палаталары бір уақытта қабылдауға және зақымданғандардың көп мөлшерін орналастыруға болатын қарапайым үйлерде орналасады.

Жылы уақыттарда қабылдауды және сұрыптауды сұрыптау алаңына өткізуге болады. Олар зақымданғандардың екі ағымында жүретіндер мен носилкалықтарды қамтамасыз етеді. Жеңіл зақымданғандарды сұрыптау үшін бригада құрамына дәрігер, медбике және медициналық тіркеуші, ал носилкаларды сұрыптау үшін қосымша әр бригадаға медбике және тіркеуші кіреді.



5 . Жаңа тақырыпты бекіту 10 минут

  1. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің түрлерін атаңыз.

  2. Алғашқы медициналық көмектің алғашқы көмектен айырмашылығы қандай?

  3. Санитарлық бекеттің, санитарлық жасақтан айырмашылығын атаңыз.

  1. Сабақты қорытындылау 10 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

  1. Үйге тапсырма беру 5 минут

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу.

3 дәріс



  1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық сұрыптау. ТЖ-ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары.

  2. Сағат саны: 180 минут

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: медициналық сұрыптаудың мақсаты.

  • тәрбиелік: медициналық көмектің барлық түрлерін көрсете білу.

  • дамыту: АҚМҚ-де медициналық көмектің түрлерін дамыту.

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 25 минут

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру

  1. Жаңа сабақты түсіндіру 25 минут

Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.

Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:



  • қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар);

  • апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.

Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады. Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:



  • экологиялық катастрофа;

  • өндірістік немесе көліктік катастрофа;

  • техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.

Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.

Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (19-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет