ЛОР-ағзаларының, яғни жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының зақымдануларында организмнің негізгі қызметтерінің бұзылысы болады. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсете білу керек. Жоғары тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей, трахея жатады. - ЛОР-ағзаларының, яғни жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының зақымдануларында организмнің негізгі қызметтерінің бұзылысы болады. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсете білу керек. Жоғары тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей, трахея жатады.
ЛОР-ағзаларының жедел көмекті қажет ететін аурулары: - 1. ЛОР-ағзаларынан қан кету.
- 2. ЛОР-ағзаларының жарақаты.
- 3. ЛОР-ағзаларына бөтен денелердің түсуі.
- Мұрыннан қан кету жиі кездеседі. Мұрыннан қан кету басқа да аурулар кезінде кездеседі. Кейде себебі белгісіз болады. Мұрын пердесінің алдыңғы-төменгі бөлігінен қан жиі кетеді. Мұны арнайы құралдарсыз анықтауға болады. Бұл қан кету адам өміріне қауіп тудырмайды. Мұрын қуысының басқа бөліктерінен қан кету қауіпті және оны анықтау қиынға соғады.
Қан кетудің 3 дәрежесін ажыратады: - 1. Жеңіл дәрежесі аз уақыт тамшылап қан кету;
- 2. Орташа дәрежесі 200 мл дейін қан кету;
- 3. Ауыр дәрежесі 200 мл көп қан кету;
- Көп мөлшерде қан жоғалтқан кезде терісінің бозаруы, салқын тер, әлсіз пульс, қан қысымының төмендеуі байқалады.
Жедел көмек: Жергілікті қан кетуді тоқтату. Дәрігерге дейінгі кезеңде мұрын қуысына 3% сутегінің асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малынған мақта тампонын қою. Кейін мұрын пердесіне қарай тампонды және танауды қысу. - Жедел көмек: Жергілікті қан кетуді тоқтату. Дәрігерге дейінгі кезеңде мұрын қуысына 3% сутегінің асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малынған мақта тампонын қою. Кейін мұрын пердесіне қарай тампонды және танауды қысу.
- Мұрын және шүйде бөлігіне мұздай қою керек.
- Қанның коагуляциялық қасиеттерін жоғарылату және тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында гемостатикалық терапия (дицинон, аминокапрон қышқылы және т.б.) қолданылады.
Сиптоматикалық терапия негізгі ауруға сәйкес жүргізіледі. - Сиптоматикалық терапия негізгі ауруға сәйкес жүргізіледі.
- Егер қан тоқтамаса, онда мұрынның алдыңғы тампонадасын, ал мұрын-жұтқыншақ және мұрынның артқы бөлігінен қан кетсе, артқы тампонадасын жасайды.
- Мұрынның артқы тампонадасынан кейін де ұзақ уақыт бойы қан тоқтамаса, онда аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жатқызады.
Мұрынның жарақаты - Мұрынның жұмсақ тіндерінің жарақаты, мұрынды ұрып алу, мұрын сүйектерінің сынуы кездеседі.
- Мұрын жарақатына тән белгілер: ауырсыну, мұрыннан қан кету, мұрынның деформациясы, жұмсақ тіндерінің ісінуі. Беттің тері астына қан құйылулар, параорбитальді гематомалар болуы мүмкін.
- Жедел көмек: қан кетуде мұздай компресс қою, жарақатты тігу, қажет жағдайда мұрынның алдыңғы немесе артқы тампонадасын жасау керек.
Мұрынға бөтен дененің түсуі - Жиі кездеседі. Әсіресе балалар абайсызда майда заттарды мұрынға салып жебереді. (бұршақ, моншақ, жемістің майда сүйектері).
- Өндірістік және әскери жарақаттарда да мұрынға бөтен денелер (шынының, металдың майда ұшқындары, оқ, снаряд және минаның майда бөліктері) түсіп кетеді. Рефлекторлы түрде түшкіру, көзден жас ағу, мұрын арқылы дем алудың қиындауы болады.
- Жедел жәрдем: Мұрынның шырышты қабатын жансыздандырып,мұрын қуысынан бөтен денені ілмекпен абайлап алу. Егер алынбаса, аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесіне жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |