Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-


Сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Алғашқы дәрігерлік көмек



бет3/3
Дата28.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#22308
түріСабақ
1   2   3

Сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Өзінің физиологиялық көлеміне немесе буынға қарсы қимыл жасалғанда буын сіңірлері созылады не үзіледі. Жарақаттанудан кейін буын ісініп, қатты ауырады.

Алғашқы көмекте, соғылған кездегі тәсілді пайдаланып, буынды қатты таңғышпен бекітеді.Буынның шығуы. Буын қуысында бір-бірімен қиылысып тұрған сүйектердің бірі орнынан ауытқыса, жылжыса немесе қабығын жарып маңайындағы жасушаларға өтсе буыннан шығу дейді. Толық буыннан шығу- буын қуысындағы сүйектердің бір-бірінен толық ажырасуы, жартылай буыннан шығуы- сүйектердің орталай шығуы. Буыннан шығу атауы қай сүйек тұсынан шығуына байланысты. Жанама жарақаттануда да буыннан шыға береді. Егер адам бүгілген аяғын ішке қайырса құласа- жамбас, қолын соза құласа иық шығады.

Аяқ-қол шығуының негізгі белгілері:



  • қатты ауырсыну

  • буынның сол тұста қозғалтпауы;

  • мүше пішінінің өзгеруі, ерекше ұзаруы не қысқаруы;

Буынның шығуда алғашқы көмек. Біріншіден, ауырсынуды басу керек. Ол үшін буын шыққан маңайға салқын басып, ауыруды басатын анальгин, амидопирин, промидол салу қажет. Аяқ-қолды жарақат алған күйінен қозғалтпау.Қолды орамалмен, бинт орамымен жоғары көтеріп байлау, ал аяқты жақтау салып қозғалтпау керек. Екі ойнамалы буыннан шығудан гөрі жаңадан шыққанды салу оңай. Жарақат алған 3-4 сағаттан кейін сол тұсқа қан ұйып, жасушалар ісініп, буынға салу қиындай түседі. Буынға салу тек дәрігерлік іс. Сондықтан, науқасты тез арада дәрігерге жеткізген жөн. Қол буыннан шыққанда сырқат дәрігерге өзі де жетеді немесе оны кез келген көлікпен шықса, сырқатты жатқан күйі тасымалдайды.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 10 минут

1. Ұзақ уақыт жаншылу синдромына жалпы сипаттама.

2. Соғылу, жанжылу белгілері.

3. Сіңірдің созылуы кезінде медициналық көмек көрсету түрлері.



12. Сабақты қорытындылау 10 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 5 минут

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

6 дәріс



  1. Дәрістің тақырыбы: Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер.

  2. Сағат саны: 90 минут

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдай кезіндегі адамдардағы психологиялық бұзылыстар

  • тәрбиелік: организмге келер қауіп қатердің алдын алу

  • дамыту: алғашқы дәрігерлік көмекті және реанимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білу

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 25 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру

10. Жаңа сабақты түсіндіру 25 минут

· Біздің балаларымыз кейде өздеріне әртүрлі жағымсыз келеңсіздіктерді тартып тұратындай, ыстық судың үстіне құйылып кеуі, ваннаның бұрышына қабағын жару.... Қай ата-ана осы сөздерді теріске шығара алады! Егер бөбегіңіз қақалып қалса ше? Мұрыннан аққан қанды қалай сауатты тоқтату керек? Қандай жағдайда дәрігерді шақыру керек? Біздің ойымызша, осы сұрақтарға жауап алу үшін, әр ата-анаға біздің «Оқыту- үйрету орталығынан» дәріс алып, үйрену керек.

·Жұмыста. Көптеген мамандықтар қатерлі істермен байланысты - әртүрлі өнеркәсіптер, құрылыстар, көшпелі жұмыстар, көлік қызметтері сияқты орындар. Көп жағдайларда, сізге сеніп тапсырған, адамның – бірінші кезекте балалардың өмірі сіздің сауатты, дұрыс іс-әрекеттеріңізге байланысты. Сонымен қатар офистік өмірде де алғашқы көмек көрсете білу пайдалы: сіздің әріптесіңіздің жүрек ұстамасы ұстаса, тоқ соқса, төбе құлап кетсе .... Жалпы айтқанда, өмірдің тосын сыйлары аз ба?

·Саяхаттауда. Санақ бойынша, саяхатқа шыққан кезде әртүрлі келеңсіз жағдайлар өте жиі кездеседі: күнге күю, зиянды шыбын-шіркейлердің шағуы, уланулар, жарақаттар тағыда сол сияқтылар. Алыс сапарларға шыққанда, дәрігерлік сақтандыруды рәсімдеу – жақсы әдеттердің бірі. Бірақ, демалыс орнында қандай жағдай болмасын, зардап шегушінің өмірі мен денсаулығы, мамандандырылған дәрігерлік көмек, нақ алғашқы сауатты көрсетілген көмекке байланысты.

·Саяжайда. Сіздің саяжай мамандандырылған дәрігерге дейін қаншалықты алыс екенін анықтадыңызба? Тәжірибеде, оқыс, аяқасты жағдайларда бар ауыртпашылықты өзіңізге көтеруге тура келеді- күйікті өңдеу, сыныққа шендеуіш салу, уланғанда асқазанды жуу....Сонымен қатар, саяжайда шұғыл босандыру сияқты – әр түрлі жағдай болады! Сондықтан саяжайдың мезгілі басталғанша керек білім мен машықтануды «Оқыту- үйрету орталығынан» алыңыз.

·Автокөлікте. Өзіңіз көлікті қауіпсіз және сеніммен жүргізсеңізде, өкінішке орай, басқа жол жүргіншілері туралы бұлай айта алмаймыз. Жол апатынан кейін - ең маңыздысы алғашқы минуттарында. Санақ бойынша, уақытында және сапалы, сауатты көрсетілген алғашқы көмек, зардап шегушілердің санын екі есеге артық аман алып қалады. Кім біледі - мүмкін сіз де аман қалушылардың санын көбейтетін шығарсыз?

·Спортпен шұғылданған кезде. Жалпы спортпен шұғылданудың қай түрін алсақта қауіптілікпен байланысты. Доппен ойнап жүріп, аяғын қайырып алу, велосипедтен құлау, шаңғы тебетін тау баурайында сынық алу .... Егер экстремальды спорт - дайвинг, парашютты спорт, мотоспорт түрлерін алсақ, зардап шегушінің өмірі көбіне дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс көрсетілуіне байланысты. Әр түрлі оқыс, аяқасты жағдайларда мамандандырылған көмек әруақытта тез келе бермейді, сондықтан барлығына ертерек дайын болған жөн.

· Үйде. «Менің үйім – менің қамалым» - деген қағидаға сенбеңіз. Жарақаталу пункті қызметкерлерінің растауынша – атап айтқанда үйде, бос жерде, қисынсыз оқиғалардың жиі кездесетінін айтады. Өзіне қайнап тұрған сағанды (кастрюль) құйып алу, диваннан қисынсыз құлау, үстелдің қырына соғылу .... Алғашқы диагностиканы жүргізу, жедел жәрдемді сауатты шақырту, қолда бар заттармен жарақатты таңу, адамды тасымалдауға дайындау – осының барлығына сізді «Оқыту- үйрету орталығында» үйретеді.

· Дәрігерлер үшін. Дәрігерлер өздерінің алған мамандықтары бойынша кәсіпқой мамандар, бірақ жалпыдәрігерлік білімдері ақырындап жойыла бастайды. Егер бақытсыз жағдайға тап болсаңыз, қолыңызда «дәрігерлік қобдиыңыз» болмаса, не істер едіңіз? Сіз жүрек-өкпе реанимациясын сауатты жасай аласызба? Зақымның алғашқы диагностикасын өткізесізбе? Егер сіздің көзіңізше бақытсыздық жағдай болса - жан-жағыңыздағы адамдар дәл сізге сенеді, олардың сенімін ақтауға тырысыңыз! Сол себепті көптеген дәрігерлік мекемелерде қосымша алғашқы көмек көрсету бойынша білімдерін толықтырып, әр түрлі өмірлік жағдайларда не және қалай істеу керектігі жайлы айқын нұсқаулар кездейсоқ емес.

· Студенттер үшін. Осы орталықта оқып кетсеңіз, халықаралық студенттік бағдарлама бойынша (Work and Travel; Camp USA; Au Pair) сізге жұмысқа орналасу артықшылығын аласыз. Қазақстанда халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп жатқан компанияларға жұмысқа орналасу үміті арта түседі.

Оқытудың бағыттары

1. Әрекет. Алғашқы көмек және Төтенше жағдайдағы жүріс-тұрыс

· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Анатомия және физиология негіздері

· Зардап шегушіні тасымалдау.

· Тыныс алу жолдарының бұзылуы

· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы

· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).

· Күйік және үсік. Суық өту.

· Кейінге қалдыруға болмайтын жағдай ( талма, эпилепсия, инсульт, қант диабеті, жоғары температура)

· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)



2. ӘРЕКЕТ.ШҰҒЫЛ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК.

· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Зардап шегушіні тасымалдау.

· Тыныс алу жолдарының бұзылуы

· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы

· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).

· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)



3. ӘРЕКЕТ. Полигон. ОЙЫН КҮНІ. МАШЫҚТАНДЫРУДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Айналадағылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Жүрек-өкпе реанимациясы жұмысын машықтандыру

· «Қалада» қысқа жағдайлық ойындар.

· «Алыс шығаберісте» жағдайында

· Құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер келгенге дейінгі әрекет

· Құтқаратын құралдардың қолданылуы



БІЛІМ. ПСИХИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БАСҚАРУ.

· Девиантты мінез- құлықтың талдау негізі (қияңқы,өзіне-өзі қол жұмсау)

· Девиантты мінез- құлықтың белгілерін анықтау: түр сипаты, сөзі, тәртібі.

· Алдын- алу шаралары, даулы жағдайларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері

·Даулы жағдайлардағы тәртіп алгоритмі ( холлда, номерде, демалыс орындарында)

· .Дағдарыстық жағдайды шешуде арнайы қызметтермен өзара әрекеттік әдістемесі



БІЛІМ. КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК.

· Компания қауіпсіздігі негізі

· Офистің қауіпсіздігі, күдікті әрекеттер

· Өрт сөндіру қауіпсіздігі

· Қолдағыны қолдана білу.

· Жарылыс қаупі, пошталық терроризм, күдікті заттар.

· Есірткіні, жарылғыш заттарды анықтау

· Көлікті тексеру, компания автомобильдерінен ұрлық

· Ақпараттық қауіпсіздік

· Тонаудағы іс-әрекет, саяхат жасаудағы қауіпсіздік



4. ТЕРРОҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ.

· Қауіпсіздік формасы: Security&Safety

· Телефон, e-mail және жазбаша түрдегі қауіп-қатер , қорқытудағы әрекет алгоритмі

· Жарылғыш заттарды тауып алғандағы әрекет алгоритмі.

· Басып алу/ кепілге алынған кездегі әрекет алгоритмі.

· Жеке және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Арнайы қызметті сауатты шақыру

· Арнайы қызметтің келгеніне дейінгі іс-әрекет

· Эвакуацияны ұйымдастыру

· Жағдайлы – рөльдік ойындар



5. ӘРЕКЕТ. ПОЛИГОН. ӨРТ & ЖОЛ АПАТЫ

· Өрт, жол апаты және құрылымдардың опырылуындағы әрекет алгоритмі.

· Өрттің шығуын алдын-алу

· Жеке және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Арнайы қызметті сауатты шақыру

· Құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер келгенге дейінгі әрекет

· Өрт сөндіргіштерді қолдану.

· Құтқаратын құралдардың қолданылуы

· Эвакуацияны ұйымдастыру

БІЛІМ. АЛДЫН-АЛУ ДАЙЫНДЫҒЫ. NEW!

· Таңдап алынған аймақтағы қауіпті факторлардың талдануы

· Қауіп-қатердің автономдық дәрежесіне байланысты бағалау.

· ТЖ болу мүмкіндігіне байланысты іс-шараларды қамтамасыз етуді жоспарлау.

· Таңдалған аймақтағы шұғыл шақырудың қызметі.

· Тіршілік тынысының автономдық аспектілері



ТЕКСЕРУ.ТЕКСЕРУ ҚАУІПСІЗДІГІ

· Security&Safety қауіпсіздік форматы

· Кәсіпорын, офис, пәтерлер, саяжайлардағы тексеру қауіпсіздігі.

· Құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер,яғни кәсіби мамандар арқылы жүзеге асырылады.

· Анықталған қауіп-қатерге байланысты кепілдеме (ұсыныстар) беріледі.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары

· Бағдарламаны барлық жастағы және әлеуметтік топтардың меңгеру мүміншілігінің барлығы.

· Біртұтас үлгіқалыптағы ақпараттық блоктардан тұратын бағдарлама, топтардың немесе мамандардың қызығушылықтарына байланысты кеңейтіп, қысқартуға болады.

· Санитарлық нормаларға сай орындарда, Қазақстан республикасының кез келген қалаларында өткізуге болатын мүмкіншілігі мен жинақы материалдық-техникалық негізі бар жоба.

· Оқу күндері 2-5 күн.

· Нұсқаушыларды жоғары деңгейде мамандандыру қалыптасқан.

Нұсқаушылар — кәсіби құтқарушылар .

· Бағдарлама тыңдаушыға заңдық, сараптамалық, психологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.



11. Жаңа тақырыпты бекіту 10 минут

1. Төтенше жағдай кезіндегі психологиялық бұзылыстар.

2. Девиантты мінез- құлықтың талдау негізі (қияңқы,өзіне-өзі қол жұмсау)

3. Девиантты мінез- құлықтың белгілерін анықтау: түр сипаты, сөзі, тәртібі.



4. Алдын- алу шаралары, даулы жағдайларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері

12. Сабақты қорытындылау 10 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 5 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет