Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Оқыту әдістерін таңдап алу



бет2/3
Дата20.04.2022
өлшемі93,76 Kb.
#140177
1   2   3
Байланысты:
Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін, ӘЖҚБ 12семинар
Оқыту әдістерін таңдап алу. Оқыту әдістерін таңдап алуда мұғалім ең алдымен басты мақсат пен нақты міндеттерді анықтап алуы қажет. Әрі карай танымдық үдерісті дұрыс жүзеге асыру мүмкіндігін беретін тиімді жолдар қарастырылу керек. Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуда ескерілуі қажет жағдайлар:
— заңдылықтар мен олардан шығатын оқыту принциптері қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
— жалпы ғылымның, сол сияқты жекелеген пәннің, тақырыптардың мазмұны мен әдістерін ескеріп отыру;
— оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып отыру;
— оқушылардың оқу мүмкіндіктері, оның ішінде жас ерекшеліктерін, дайындық деңгейін, сынып үжымы ерекшеліктерін толық ескеріп отыру;
— сыртқы жағдайлар, яғни географиялық, өндірістік орта ерекшеліктерін ескеріп отыруды қамтамасыз ету.
— мүғалімнің мүмкіндіктерін, атап айтқанда тәжірибесін, дайындық деңгейін, оқыту үдерісіндегі типтік ситуацияларды білуіне де мән беру деп тұжырымдауға болады.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуға қатысты біркатар өлшемдер үсынылады. Мұндай өлшемдерге жататындар: 1) оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі; 2) оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі; 3) оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі; 4) оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі. Бұл өлшемдердің барлығы да өзара тығыз байланысты, бір-бірімен ұштастырыла қанағаттандырып отыруды талап етеді.

2

№ 14
дәріс

14 дәріс. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану барысындағы тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастырылу түрлерін, әдістері мен оқыту құралдарын таңдау
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
• Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.

2

№ 15
дәріс

15 дәріс. Спорттық ұжымды қалыптастыру және оған басшылық жасау
Мектептік жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар. Мектепте өткізілетін жарыстарға қойылатын жалпы талаптар мынадай: а) жоспарлылық; ә) барлық қатысушылар үшін міндетті және қатаң түрде шектелген ережелердің тұтастығы; б) жарыстар үшін арнайы жабдықталған алаңның және орынның болуы; в) төрешілер және жарыстын өтуі кезінде қатысушыларды бақылаудың болуы. г) стандартты құрал-жабдықтардың болуы; ғ) қатысушыларды жынысы, жасы және техникалық жетістігі бойынша топтарға дәл бөлу; д) қатысушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізу; е) жоғары тұрған орындардың (білім беру бөлімдері, дене шынықтыру және спорт комитеттері) жарыс қорытындысын бекітуі.
Жарыс секциясындағы оқу-педагогикалық процеспен табиғи байланыста болуы үшін, ол мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1. Кез келген спорттық жарыс оқу-машықтану жұмысының қорытындысы болуы керек. Осы жарыстың қатысушыларын алдын ала даярламай жарыс өткізуге болмайды.
Сондықтан да спорттық жарыстар оқу-спорт жұмыстарының жоспарында қарастырылуы керек. Барлық уақытта да жоспардан тыс кенеттен болатын жарыстардан аулақ болған жөн.
2. Спорттық жарыстар, осы жарыстың ережелерімен; бағдарламалары қатысушыларға күні бұрын белгілі болсағана өткізілуі керек.
3. Спорттық жарыстардың бағдарламасы сол секция немесе сыныптық оқу-спорт бағдарламасынан алынуы қажет, ал өзінің көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың жасы мен жынысына сәйкестендіріліп алынуы керек.
4. Кез келген жарыста мынадай негізгі жағдайлар жүзеге асырылуы керек жарыстың педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы және оның саяси бағыттылығы, қатысушылардың бағдарламаны орындауға шамасы келуі; бағдарламаның қатысушыларға арналған мақсаты көпшілікті қамтуы, ұжымшылдығы командалардың, топтардың, ұжымдардың қатысуы және осыған байланысты жекелеген қатысушылардың жеке жетістіктерін бір мезгілде анықтай отырып ұжымдық сынақ алу, сол жарыстың Президент сынамаларының нормативтерін және спорттық разряд нормасын тапсырумен байланысы, маманданған төрешілік етумен қамтылуы және жарысқа даярлық барысында насихат жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, жарысты өткізу және қорытындысын бекіту, жарыстың барлық кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет