Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы


апта. 3 семинар. 1 сағат. 5 б. 3 семинар сабағының тақырыбы



бет3/25
Дата27.10.2022
өлшемі63,88 Kb.
#155159
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

2 апта. 3 семинар. 1 сағат. 5 б.
3 семинар сабағының тақырыбы: Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы.
Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы, материалдық және рухани мәдениеті, мал шаруашылығының генезисі туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікірталас, дисскусия.
Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу кезеңдері мен негізгі ошақтары.
2. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуіріндегі шаруашылық ерекшеліктері.
3. Қола дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшелігі мен таралу аймағы.
4.Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.
Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің кезеңдерінің ерекшеліктері мен сабақтастығы, мал шаруашылығының генезисінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қола дәуіріндегі металлды өңдеу мен көшпелі өркениеттің қалыптасуының тарихи маңызы және зерттелу мәселесіне байланысты зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі, қоғамдық құрылымы мен рухани, материалдық мәдениетінің зерделенуі, қалалық мәдениеттің қалыптасуына байланысты жаңа көзқарастарды талдап, тұрақтар мен ескерткіштерге сипаттама жасау қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, картамен жұмыс жасайды.
2 апта. 4 семинар.1 сағат. 5 б.
4 семинар сабағының тақырыбы: Атқа міну мәдениеті.
Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторларды қарастыра отырып, студенттер мал шаруашылығының рөлі мен маңызын анықтап, шаруашылық түрлерінің ерекшеліктерін талдайды, көшпеліліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір талас, дисскусия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет