Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы


семинар сабағының тақырыбы



бет9/25
Дата27.10.2022
өлшемі63,88 Kb.
#155159
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

9 семинар сабағының тақырыбы: Ортағасырлық мемлекеттер ХІҮ-ХҮ ғғ.
ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің тарихын, сыртқы саясаты мен билеушілердің рөлін, зерттелу мәселесін ауызша баяндау, тарихи деректермен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы) тарихы.
2. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).
3. Жетiсу мен Шығыс Дешті қыпшақтағы Әмiр-Темiрдiң басқыншылық жорықтары.
4. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.).
5. ХIII-XV ғасырлардағы Ноғай ордасы мен Сібір хандығы.
Семинар сабағының мақсаты: ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің құрылуы, дамуы, ішкі және сыртқы саясатын кешенді түрде тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде зерделеу, негізгі оқиғалардың маңызын көрсете отырып, Ұлы Дала тарихындағы әр мемлекеттің, билеушінің рөлін анықтап көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: ХІҮ-ХҮ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің сасяи және әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастыру. Ақ Орда мен Моғолстанның саяси-экономикалық тарихын қарастыру және Темір жорықтарының салдарын ашып көрсету. Семинар осы мемлекеттердің тарихына қатысты тарихи деректер мен зерттеу еңбектеріндегі мәтіндердің мазмұнымен жұмыс бойынша жүреді. Семинар барысында ХІҮ-ХҮ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билеушілерінің саясаты бойынша пікірлерін деректердегі мәліметтерден үзінді келтіру арқылы анықтайды. Міндетті түрде осы тарихи кезеңдегі жеке тұлғалардың алатын орнын талдаймыз. Студенттер бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасайды.
5 апта. 10 семинар.1 сағат. 5 б.
10 семинар сабағының тақырыбы: Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы.
Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасының ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, қала мәдениеті, архитектурасы, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау, зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы.
2. Қала құрылысының өркендеуі.
3. Алтын Орда кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени дамуы (жаңа археологиялық ашылымдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет