Түстен кейінгі үзілісте, 15.25.-15.40 аралығында, «Өлең, мен сені аялап өтем!» тақырыбында Ф.Оңғарсынованың (мұғалім – Жалелова Р.Ш., Қожабекова С.Б.), М.Өтемісұлының (мұғалім – Каменова А.Т., Самбетова Н.Р. ), Ж.Нәжімеденовтың (мұғалім – Текеева Ж.) шығармашылығы бойынша көркемсөз оқушылардың бас қосу бұрышы ұйымдастырылды. Олар жиналған өлең сүйер қауымға Атырау өңірінің төл перзенттері, ақиық ақындарының шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін жатқа айтты. Бірі Махамбеттің күйін тартса, бір тобы Жұмекеннің «Ән бұлағы» шығармасынан сахналық қойылым көрсетті. Ал, енді бірі өзінің төл туындысын, ақындарға арнау өлеңдерін оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |