Қызмет
кезеңдері
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
|
Шаттық шеңбер:
Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату-тәтті болайық!
|
Балалар шаттық шеңберінде тұрып, жылы лебіздерін білдіреді.
|
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
|
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қай ай?Сәуірден кейін қандай ай?
-1 мамыр қандай мереке білесіңдер ме?
Балалар 1 мамыр ынтымақ, бірлік, достық мерекесі.Біздің Отанымызда көптеген ұлттар өмір сүреді.Достық сезім тек қана адамдар арасында емес,ел мен елдердің арасында да болады.Мысалы,біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.Біздің ауылдық жерлерде басқа ұлттар тұрмасада қалаларда көптеп кездеседі.Бәріміз бір Отанда өмір сүріп жатымыз.(слайдшоу қарау)
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Осындай кең байтақ елімізбен жерімізді кім басқарып отыр?
-Қазақстанның Елордасы қай қала?
-Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
-Еліміздің рәміздерін атаңдар?
-Біздің ұлтымыз?
Балалар Отан,дос туралы тақпақтар,мақалдар білесіңдер ме?
-Біз бүгін ақын Ермек Өтетілеуовтың «Менің Отаным» өлеңімен танысамыз.
Отан біздің «атамекен»
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас,кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап,
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер
Отан-ана,
Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
Балалар өлеңде біздің Отанымыз туралы айтылған онда бәріміз дүниеге келіп өмір сүріп жатырмыз.Отанымызды туған жерімізді бағалап қадірлейік.
Сергіту сәті: «Шаңырақ»
|
1.Раяна
Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудедегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің.
2.Азат
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да қайда да,
Сенімді боламыз.
3.Мариям
Балдырған балалар,
Досты бағалар.
Есіңде сақта,
Адал бол,шыншыл бол,
Өтірік айтпа,сөзіңнен қайтпа.
Айсезім:Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Нұрдаулет:Жақсы дос жанға-серік,
Жаман дос-малға серік.
Алихан:Жолдасы бардың олжасы бар.
Ұлпан:Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.
Айсезім:Отан-жерім,
Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран,
Отан-туым,
Отан –мәңгі гүлденеді.
Саламат:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырым
Отан-өлкең астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өрілер
Бәріміз жүрсек айналып.
Киіз боп көрінер.
|
Рефлекциялық
(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)
|
Балалар біз бүгін Отан туралы достық туралы әңгіме айтып отырмыз.
Сұрақ-жауап:
-Өлең қалай аталады?
-Өлеңде не туралы айтылған?
Жүректен жүрекке
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз,
Ойынменен өседі
Ойымызбен санамыз
Қол ұстассақ бәріміз
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы.
Қорытындылау: «Өзің жақсы болсаң досыңда көп болады», «Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан,бәріміз дос болып жүрейік.
|
Балалардың жауабы:
Балалар келген қонақтармен қоштасады.
|