Африкалық трипаносома, Trypanosoma gambiense – созылмалы гамбиялық трипаносомозды (батыс – африкалық ұйқы ауруы), Trypanosoma rhodesiense – жедел родезиялық трипаносомозды (шығыс - африкалық ұйқы ауруы) тудырады.
Америкалық трипаносома, Trypanosoma crusi – Круз – Шагас ауруын тудырады
Тіршілік циклі. Трипоносомалардың тіршілік циклінің бірінші бөлімі це-це шыбынының (Африкалық трипаносомозда) және ұшатын қандаланың (Америкалық трипоносомозда) ас қорыту жолында өтеді. Екінші бөлімі – жылы- қанды омыртқалы жануарлардың қанында өтеді.
Трипаносомалар омыртқалы иелерінің (адам, үй және жабайы жануарлар) қанында болады. Қан сорғанда трипомастиготтар немесе амастиготтар це-це шыбынының немесе қандаланың ағзасына өтеді. Онда олар эпимастиготтарға немесе лейшманиялық түрлеріне айналады және ішекте, сілекей бездерінде көбейеді. Бірнеше жұмадан кейін жәндіктер ағзасында трипомастиготтардың (амастиготтардың) жаңа ұрпақ популяциясы жиналады және олардың сезімтал ағзаға өту қабілеті пайда болады.
Трипаносомалардың негізгі ерекшеліктері – иесінің жасушаларына белсенді өте алуы, онда олар әуелі талшығын жоғалтады, көбейеді, жасушаларды бұзады, қанға өтіп, қайтадан талшықтарын қалпына келтіреді. Трипаносомалар қоршаған ортаға шықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |