Plasmodium vivax – үшкүндік малярия туғызушы.
Plasmodium malarie – төрткүндік малярия туғызушы.
Plasmodium falciparium – тропикалық малярия туғызушы.
Plasmodium ovale – үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.
Бәрінің даму циклі және кұрылысы ұқсас: аралық иесі - адамдар, ақырғы иесі - безгек масасы болып табылады.
Тіршілік циклі үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.
I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |