II. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |