Сауда жарнамасындағы хат
Жарнама - белгілі бір мақсатқа жетіуге бағытталған тілдік мэтіндер. Жарнаманың сауда қызметінде алатын орны ерекше, тіптен ажырамас бір бөлігі деуге де болады. Газет, журнал секілді мерзімді баспасөз беттеріндегі, кең көлемде таратылатын радио, теледидардағы немесе жарнама кестесі мен афишалардағы жарнамалардан коммерциялық жарнама хаттың ерекшелігі - тікелей жарнамалау қүралы болуында (53,
3).Яғни, жарнама хат басқа жарнамалау түріне қарағанда қажет, тікелей болашақта бірге жүмыс жасайтын кэсіпкерге, фирмаға арналып жазылатындығында. Әрі пошта арқылы жарнама беру қарапайымдырақ және арзанға түседі. Сонымен қатар кэсіпкердің шығынын азайтып, үнемдеуге септігін тигізеді.
Жарнама хат - жарнаманың ең қарапайым, сенімді эрі жеңіл түрі. Мүндай хаттың бірінші бетінде эдетте компьютерде терілген мэтін болады. Қалған беттері товар түрі, аты, саны, бағасы жазылған ақ-қара немесе түрлі-түсті эшекеймен жасалған кітапшадан түрады.
Өтініш хаты
¥йымның, мекеме, кәсіпорынның өтініш хат жазатын жағдай, оқиғалары көптеп саналады. Өтінішті жеткізе отырып бүл хатта адресат өзінің бүл іске қызығушылығы барын, оның орындалуына мүдделі екендіктерін де көрсетіп кетеді.
Шақыру хаты
Шақыру хаты үжым төрағасына, белгіл бір жауапты адамға немесе жалпы үжым атына семинар, мэжіліс немесе семинар, сөзталасқа қатысуға арналып жазылады. Хат «Қүрметті...!», «Аса қүрметті...!» деген қаратпа сөздермен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |