Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты



бет5/6
Дата14.12.2021
өлшемі464,33 Kb.
#100600
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттард

Жауап хат (қабылдамау)

Сүраныс хаттағы мэселені қабыл алмаған тараптың жазған жауап хатының логикалық схемасы төмендегідей:



  1. жауап беріліп отырған мэселеге байланысты келген өтініш хатқа сілтеме жасау;

  2. кабылдамау себебі;

  3. қабылдамау констатациясы.

Осы түста айта кетер мэселенің бірі қазақ қоғамының барлық саласында жаппай аударма үдерісінің жүріп жатқандығы.

Ресми-іскери стильдің өтініш, арыз, мінездеме, шағым секілді қарапайым үлгілерінен бастап жарғы, заң, жарлық, ереже, келісім сияқты күрделі түрлеріне дейін қазақ тілінде көрініс тапты жэне олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады. "Әділет министрлігінің "Республикалық қүқықтық ақпарат орталығының" дерегіне сүйенсек, эр жыл сайын бір мыңға жуық нормативті қүқықтық актілер қабылданады екен. Осының бэрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге аударылады..."(9). Бүл мэселенің қазіргі жай-күйі және болашағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" нақтыланған: "Қүжат мэтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тэжірибесінің мемлекеттік органдар жүмысында одан эрі беки түскен үрдісі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара терінде қарастырылуға тиіс.

Сондықтан мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңмен көшуді жүзеге асыру керек" (44).

Сол себептен де қазақ тіліне икемделіп құралды дегенмен де әлі де хаттардың «орыстанып» тұрғаны даусыз. Бұ_л тұрғыда С.Ережепова:

«Официально-деловой язык казахского языка по свидетельству специалистов, находится в стадии формирования, поэтому неизбежны ошибки, проявляющиеся как в желании скопировать правила функционирования русского языка в сфере официально-делового общения, так и в стремлении использовать в официально-деловом общений литертатурно-художественный или публицистические стили казахского языка» (25 ,5).

Сондықтан да сөйлеу, жазу тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне және өзінің құрылымдық күрделілігіне байланысты іс қағаздар тілінің жетіліп, қолданыстық қалыптарының тұрақталуы жэне халықаралық стандартқа сай іріктелуі, оның қоғамда орнығуы белгілі бір кезеңді, тірліктік тэжірибені талап етеді.

Аударма процесі кезінде құжат мэтіндерінің композициясын ұйымдастыру, грамматикалық тұлғаларын, сөздерді іріктеу жэне оларды сауатты орналастыра білу - екі тілдің де ерекшеліктерін терең- меңгеруге итермелейтін фактор.

Ресми-іскери стиль тілдің ең көлемді стилінің бірі болып табылады. Оның лексикалық құрамы тек кеңсе сөздері мен дипломатиялық тұрақты сөз тіркестерімен шектелмейді, өйткені қоғамның экономикалық, мэдени жэне саяси салаларының бэрінде іс жүргізу институты бар.

Н.Ерғазиева өзінің «Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар лексикасының баюы» атты еңбегінде ресми іс қағаздары стилінің лексикасы 3000 аса термин сөздері мен сөз тіркестерін қамтитынын атайды. Әрине, бұл стильдің сөздік құрамы соңғы жылдары, эсіресе, соңғы 10 жыл ішінде көптеген жаңа сөздермен жэне сөз тіркестерімен байыды, кейбір сөздердің қолданылу аясы мен стилистикалық ерекшеліктері өзгерістерге ұшырады.

Сондықтан, біздіңше, бұл топ лексикасы санының көбейіп өзгеруі заңды үрдіс жэне оның негізгі себептері тілдің ресми іс қағаздары саласында жиі қолданылуында, оның біртіндеп мемлкеттік іс жүргізу тілі болып келе жатқандығында деп түсінуге болады (27, 56).

Коммерциялық хаттар фирма, өндіріс орындарының сыртқы сауда қатынастарын растаушы, эрі соттың істі қарауы үшін коммерциялық келіспеушіліктерді тексеру кезінде көрсететін негізгі соттың істі қарауы, коммерциялық келіспеушіліктерді тексеру кезінде көрсететін негізгі заңдылық қүжаты болып табылады.

Кэсіпкердің өз бизнесінде жоғарғы жетістіктерге жетуі осы коммерциялық хаттардың жалпыға ортақ этикет нормасына сай жазылуында. Мүндай іскери хаттардың сапалы сипаты көптеген осы саланы зерттелген ғалымдар пікірінше үтқыр ой, айқындылық, сауаттылық жэне сыпайылық секілді 4 негізгі қүрамға байланысты дейді.

Ой - бүл хаттың мазмүны. Айтылатын идея анық эрі айқын, түсінікті түрде көрсетілуі керек.

Айқындылық (үғымдылық) - хат мәтінінің түсінуге оңай болуы. Ол үшін хатта мэнсіз көп сөзден де ұғымды жеткізе алатындай таңдаулы қысқа фразалар мен абзацтарға жүгіну керек.

Сауаттылық - мэтіннің грамматикалық нормалар мен дүрыс жазу ережесін сақтауы болып табылады. Грамматикалық түрғыдан ия жазу ережесінен қате жібермес үшін грамматикалық оқулықтар мен орфографиялық сөздікті қолдану артық етпейді.

Сыпайылық - мэтіндегі жазушының үні, тоны. Ол үн жазылған хаттың өн бойынан көрініп түрады. Таңдалған сөз тіркесі, стильдің ресми, бейресмилігі және адресаттың статусына сай-сай еместігі хат иесіне сын болып саналады.Ол эрине, бүл істің болашағын шешетін маңызды рөл атқарады.

Ой қорытындысы күтілетін іс нэтижесі болу үшін хақсы жазылған хат оңай эрі тез оқытуға икемді, ай тылар ой түсінікті эрі анық болуы керектігімен қатар түрі де үқыпты жасалынған, қатталған болуы шарт.

Сонымен коммерциялық хаттар - бүл мэтін басқаша айтқанда, грамматикалық жағынан сауатты үйымдастырылған, семантикалық түрғыдан аяқталған, білгілі бір нақты коммуникативтік бағыты бар жэне ресми-іскерлік функционалды стильге тэн шығарма (мэтін) болып табылады.

Қазақ тілінде аударма негізінде қалыптасып жатқан коммерциялық хаттардың ерекшелігі - атау септігі формасының абсолюттік ерекшелігі, жай сөйлемдердің айрықша қолданылуы, сүраулы жэне лепті сөйлемдердің кездеспеуін жатқызуға болады.

Коммерциялық корреспонденция тілі автордың жеке дара индивидулды үлгісінің пайда болуын жол бермейтін стильдік біркелкілікпен сипатталады. Яғни коммерциялық корреспонденция жазудың белгілі бір тәртібі бар. Бүл заңдылық араб тіліне де тэн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет