611 жылы Араб түбегінде өмір сүретін халықтың тілі араб тілі болды, ал ислам дінін ол кезде әлі ешкім ұстанбайтын. 711 жылы арабтілді мұсылмандар қазіргі Испанияның басым бөлігін жаулап алды, ал өзге мұсылман әскерлері қазіргі Пәкістаннан алты мың шақырым шығыста жатқан Синдке күшпен кірді. Осы екі арадағы жердің бәрі мұсылмандардың қарамағына өтті.Тарихта мұндай түбегейлі өзгерістер көп болмаған, ал тілдердің жаппай ассимиляцияға түсуіне әкелген өзгерістер тіпті аз. Бұл басқыншылықтың тағы бір ерекшелігі бар: арабтар тек жер мен билікті тартып алумен шектелмей, өздерінің дінін де күшпен таратып жүрді.
Арабтар көптеген халықтардың арасына жаңа дін таратуда жеңіске жетті, біраз уақыттан кейін ол халықтар араб тілін өздерінің ана тілі деп қабылдады. Құран жазылған VII ғасырдан бері араб тілі сәл ғана өзгеріп, әлі қолданыста жүр.
Мұсылман дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) ықпалының аясын кеңейтуді мақсат еткен саяси жетекші де болған. Ол қайтыс болғанға дейін-ақ көптеген ізбасар тауып үлгерді, қайтыс болғаннан кейін, сол ізбасарлары оның ісін әскерге қолбасшы бола жүріп жалғастырды. Өзара ішкі қақтығыстарда және көршілес елдермен соғысып, тісқаққан араб жауынгерлері әскер ісінде өте тәжірибелі болатын. Ислам арабтар алған барлық елдің негізгі дініне айналды, әлі де солай болып тұр. Оған қоса, ол содан бері бірнеше бағытта ілгерілей түсті. Қазіргі уақытта бангладеш пен индонезия сияқты ірі мемлекеттердің халқы – түгел мұсылман, африканың сахара шөлінің оңтүстігінде де басты дін – ислам. Діни экспансия соғысып, жеңіске жетуден анағұрлым ғұмырлы, анағұрлым ықпалды болып шықты.
-----------------------------------------------
Біздің заманымыздың 750 жылдарындағы араб әлемі
Біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырға дейін араб тілі Араб түбегіндегі көшпелілер мен отырықшы халықтың тілі болды. Бұл тіл иврит, финикий және өзге де тілдермен бірге семит тобына кіреді. Араб тілі әлі күнге дейін финикий тілінен дамып шыққан алфавитте жазады. Грек алфавиті де финикий тілінен пайда болған, сондықтан оның негізгі принциптері латын жазуының принциптерімен бірдей. Бірақ араб тілінде оңнан солға қарай жазады, әріптердің пішіні оның сөздегі орнына байланысты сөзге жартылай кіріп тұрады. Исламнан бұрын жазу көп қолданылған жоқ, бірақ көшпелі бәдеуилер керемет поэзиялық шығармалар тудырды, олардың өлеңдері алғаш рет қағазға жазылды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) уағыз жүргізді. «Құран» кітабы шықты. Құран мен бәдеуилердің поэзиясы классикалық араб тілінің жазба нұсқасын қалыптастырды. Саясат пен мәдениеттегі жарылыстай тез де түбегейлі прогрестің арқасында араб тілі жаңадан пайда болған империяда дін, билік пен әкімшілік-басқарудың тіліне айналды Араб тілі семит тілдеріне жатады, сондықтан араб тілі грамматикасы өзге семит тілдерінің грамматиксына өте ұқсас.
Араб жазба тілін бірнеше атақты ақын-жазушылар таратты. Тілдік үлгіні Құраннан және алғашқы поэзиялық туындылардан алды; грамматикалық ережелер мен емлені талқылау ерте басталды.
Араб тіліндегі сөздер Құранда қалай жазылса, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) заманындағы бәдеуилер қалай сөйлесе, солай айтылуы керек деген ортақ келісім болды. Ол кезде жазу нормасы латын тіліндегідей тұрақты және өзгермейтін болған, киелі кітаптарға негізделетін. Бастауыш мектепте Құранмен бірге осы тілді үйретті, діни сауатын ашты.
Медреселер мен жоғары оқу орындарында тіл тереңдете оқытылды.Әрине, ауызекі тіл өзгермей қалған жоқ. Бірақ үлкен империя тұрғанда, оның аймақтарының арасындағы қатынастар айтарлықтай жиі болды, бұл диалектілік айырмашылықтардың пайда болуына кедергі жасауы мүмкін. Тілдің өзгеруі саяси жағдаймен бірге жүрді.
Қорытынды:
Арабтар дін үшін және басқа да мақсаттармен өздерінің тілінің үстем болуына мейлінше тырысты, бірақ олардың бұл тілегі тек Араб түбегінен көп адам қоныс аударған жерлерде ғана орындалды. Араб тілі миграциясы мұсылман дәуірі басталмай тұрып белең алған, ол айтарлықтай ұзақ уақытқа жалғасты. ХІ ғасырда Солтүстік Африкаға, соның ішінде Мысырға да иммиграцияның жаңа толқыны келді. Осындай иммиграцияның көмегімен екінші мыңжылдықтың жартысының ішінде араб тілі тұрақтады.Осылайша өзге елдерді жаулап алу басқыншылар тілінің таралуына мүмкіндік берді, бірақ ол тілдердің өзге жерде өзгеріске түсуі басқыншы ұлттың қанша адамы мекен ауыстырып, өзге жерге тұрақтап қалуына немесе көшіп келуіне байланысты болды.