«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет113/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171
 
Сабақтың тақырыбы
Бауыржан Момышұлы сөздерінің тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру
қанатты сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіну, сөйлеу тілін байыту, 
көркем шығармашылық қабілетін дамыту. 
Көрнекіліктер:
Бауыржан Момышүлының өмір жолын көрсететін буклет, 
шығармалары, қоржын, асықтар. 
Түрі:
«Алтын сақа» танымдық ойыны 
Әдісі:
сұрақ-жауап. 
Барысы: 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
Құрметті оқушылар! 
Біз қазір Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерінің тәлім-тәрбиелік 
мәніне қатысты «Алтын сақа» атты танымдық ойынымызды бастаймыз. 
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін өтуге арнайы тақырып 
оқулықта берілмеген. Біз қосымша өз шығармашылығымызды дамыту 
мақсатында өзіміз оқып, оқылған шығармалар бойынша білімізді ортаға 
саламыз. Дайын болсақ, қанеки ойынды бастайық.
Төрт топқа бөлініп отырған оқушылар алғашқы ойынның кезеңі 
«Табалдырықта»
бақ сынайды. Сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген 4 
оқушы арбаға отырады. 
Сұрақтар: 
1.
Бауыржан Момышұлы жайында түсірілген фильм қалай аталады? 
(«Ел басына күн туса».) 
2.
«Қол бастаған батыр» өлеңінің авторы кім (Қалижан Бекқожин) 
3.
«Шуақты күндердің» авторы кім? (Зейнеп Ахметова) 
4.
Бауыржан Момышұлы «Кеңес Одағы Батыры» атағын қай жылы 
алды? (1990) 
Асықтар төрт түрлі түске боялған. Әр ойыншы өз асығын таңдайды. 
Сұрақ жазылған қағаздар да сол төрт түсте болады. 
Асықтар иіріледі, ойыншылардың реттік саны айқындалады. Келесі 
кезек 
«Әудем жер».
Жауап бере алмаған немесе асығы бүк түскен оқушы 
ойыннан шығарылады. Әр кезеңде осылай ойыншы азайып отырады. 
Тапсырмалар: 
Қанатты сөздерді жалғастыру керек. 
1.Жанын аяған (тәніне жау) 
2. Кемеңгерден не пайда –
(От басында сөз бермей, 
Топ алдында сынақта 
Тұтығып тілі күрмеліп,


170 
Ақылынан адасып,
Жұмған аузын ашпаса). 
3. Елсіз ел бола ма, 
(Жұртсыз жігіт бола ма?) 
4. Ерлік – елдің қасиеті, 
(Жүректілік – жігіттің қасиеті) 
Асықтар иіріледі. «Қозыкөш» кезеңі. Енді қалған 3 ойыншыға 3 сұрақ 
қойылады. 
1. Адал ұлдан не пайда –
(Ел намысын қолға алып, 
Қару-жарақ тағынып, 
Тәуекелге бел байлап 
Атаның жолын қумаса). 
2. Тізе бүгіп тірі жүргенше,
(Тіке тұрып өлген артық). 
3. Ана үшін аянба (ант ұрады), 
Бала үшін аянба (бетің күйеді), 
Елің үшін аянба (ерлігіңе сын) 
Жұртың үшін аянба (жігіттігіңе сын). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет