Сыныптан тыс іс шараның тақырыбы: « Әй,жарайсың!»
түрі: сайыс
Іс-шараның мақсаты:
Білімділік: Тіл туралы білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау, сөздік қорымызды молайту
Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: тақырып, сөзжұмбақ жазылған плакаттар, топ аттары жазылған қағаздар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін «Әй, жарайсың!» атты іс-шарамыз сайыс түрінде өтеді.
.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
-Сонымен ойынымызды бастаймыз!
-Бүгінгі сайысымыз екі топ арасында өтеді. Олар: 5 Бсынып оқушылары мен 6Б сынып оқушылары.Балалар 6 Б сынып сендер мыналарға кішкене жеңілдік жасап отырындар енді, олар кішентай ғой деп. Ал, сендер 5 Бсынып оларға берілмендер.
Сайыстың әділ-қазыларын сайлаймыз.
Екі топ өздеріне ат қояды.
Ойынның шартымен таныстыру:
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
І кезең- Әр топ өздерін таныстырып, өздеріне берілген ұрандарын оқиды.
1-топ «Жас ұлан»
2-топ «Топжарған»
ІІ кезең- «Дода»
1-топ
Қазақстан қандай мемлекет?
Көктем мезгілінде шеше мереке бар?
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
ҚР мемлекеттік тілі?
Абайдың өлеңдері?
Қыста не жауады?
Күздің бірінші айы?
Қазақстанның туының түсі қандай?
Наурызда пісірілетін басты тағам
Тұрлаулы мүшеге не жатады?
1 тәулікте неше сағат бар?
ҚР рәміздерін ата
Киіз үйдің төбесі
«Мұғалім» сөзінің синонимі
Қазақ тілінде неше септік бар?
2-топ
1.А.Құнанбайұлы кім?
2.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
3.Жүз жасаған адам
4.Қыс айларын ата
5.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата
6.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
7.Тамақ сақтайтын салқын жәшік
9.Наурыз мейрамы қашан тойланады?
10.1 жылда неше ай бар?
11.ҚР елбасы кім?
12.септіктерді ата
13.Қазақ қыздарының бас киімі
14. Ұлттық ойындарды ата
15.Көктем айлары
ІІІ кезең- «Үштілділік –өмір талабы». Әр топ дорбадан бір сөзден алып орысша, қазақша, ағылшынша аударады. Әр дұрыс жауапқа әділ-қазылар 5 ұпаймен бағалайды (орысша айтып, ағылшанша айтпаса 2 ұпай деп бағалайды)
(адам, оқушы, қалам, парта, сынып, бала, мұғалім,мектеп, табиғат, қазақ тілі, орыс тілі, дәптер, үй, сабақ, алма, шие, сүт, қант, кәмпит, нан, жолбарыс, қасқыр, көйлек, шаш, бас, көз, қол, аяқ, асхана)
IV- кезең «Аяқталмаған сөйлем» Топтарға таратпаларға бір сөздері жоқ сөйлемдер таратылады. Оқушылар сол сөйлемдерді аяқтап, жауабын оқиды.
Бүгін бізде бес сабақ ... .
Астана – жас ... .
9 мамыр – жеңіс күні ... .
Қазақстанда көп ұлт өкілдері ... .
Мәншүк Мәметова – қазақтың ... қызы.
Менің Отаным - ... .
V-кезең. Әріптер сайысы
Г И Т Қ Е О
Қандай елде тұрасың?
Қазақ тілі пәні ұнай ма?
Досың кім?
Қазір жылдың қай мезгілі
Қайдан келдің?
Елтаңбада не бар?
Сенің көзің қандай?
Бір жылда неше ай бар?
Қандай тағамдарды ұнатасың?
10.Жасың нешеде?
Б А Ә Ж М Қ
1.Мақал білесің бе?
2.Атың кім?
3.Аспанда не бар?
4.Қандай қаланы білесің?
5.Мұғалімдер қандай?
6.Алма тәтті ме?
7.Кім болғың келеді?
8.Сыныбыңда қанша оқушы бар?
9.Қандай аңды білесің?
10.Сенің анаң қандай адам?
VI- кезең - «Сыр сандық» Балалар сандықтар әр түрлі парақшаларды алады. Сол парақшаларда тапсырмалар болады. Әр оқушы өз парақшасындағы сұрағына жауап береді.
Ай аттарын ата
Апта күндерін ата
Жемістерді ата
Азық-түліктерді ата
Үй жануарларын ата
Оқу құралдарын ата
Отбасы мүшелерін ата
Жыл мезгілдерін ата
VI кезең- « Кім жылдам?» Тақтаға екі топқа бірдей сөз жазылады. Оқушылар сол сөзден не барынша көп сөз жасаулары керек. Сөздері қайталанбау керек.
«ҚАРЛЫҒАШТАРДЫҢ»
Сонымен балалар, әділ-қазылар өз ойларын түйіндесін. Шыққан ұпай сандарын санасын.
Қорытындылар шығарады. Жеңімпаз топты марапттаймыз, жеңілген топқа кішігірім сыйлықтар беріледі
VI I кезең. Өнерпаз болсаң...(өз өнерлерін көрсету)
Іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңа көптеген рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |