ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛІ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
СЫНЫБЫ: 10
Тақырыбы: Қазақ тілі қазақ халқының ұлттық тілі
Мақсаты: а) Тілдің ұлттық құндылықтарын анықтап, кеңінен жан-жақты ашып дәлдеу.
ә) Сұрақ-жауап, дәлелдеу, кеңейту, эссе, мысал арқылы дамыты.
б) Ана тілін қадірлеп, қастерлеуге, терең ұға білуге, таза мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру (қызығушылығын ояту)
ІІ Мағынаны ашу.
ІІІ. Ой-толғаныс.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, қима қағаздар, электрондық оқулық
Түрі: дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, табиғаттану, адам және қоғам.
Жаңа сабақ: Қызығушылығын оятуға арналған жаңа сабақ /қатысымдық тұрғыда
Үй тапсырмасын еске түсіру сұрақтары
Дамыған тілдің негізгі белгілері не? (сөз байлығы)
2. Үшендік (триадалық) жүйе құрамы? (бейтарап, кітаби, сөйлеу)
3. Сөздің алуан түрлілігі сөз несін көрсетеді?
4. Әдеби тіл (кітаби тіл, сөз, сөйлеу тілі) стиль түрлері.
Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар нелер?
Ту, Елтаңба, Әнұран
Ұлт боп жаратылу үшін басты қажет құрал?
Тіл, дін, дәстүр
Қазақ тілі қандай тіл?
1.Дәлелдеу. Сұлу, көркем, келбетті, кескінді, реңді, арайлы, шырайлы, жүзді.
2.Қазақтың уақыт белгілері
Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, таң, таңертең, құланиек, құлан сәрі, таң сәрі, сәске, сәске түс, ұлы сәске, түс, тал түс, бесін, кіші бесін, құлама бесін, құлама бесін, намаздыгер, ақшам, ымырт, кеугім, намазшам, кеш, түн, іңір, қызыл іңір, жарым түн, таңға жақын.
3.Уақыт өлшемдері: ат шаптырым, сүт пісірім, шай қайнатым.
4.Қашықтық өлшемдері: Таяқ тастам, қозы көш, ат шаптырым, ит өлген жер.
Жалпыхалықтық қазақ тілінің түрлері:
Әдеби тіл
Қарапайым сөйлеу тілі
Жергілікті сөйлеу тілі
Байырғы әдеби тіл (жыраулар әдебиеті) шағатай тілі, ескі кітаби тіл.
Қазақ тілі «өз буына өзі семіріп, өз қазанында ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс-берісі бар.
Қазақ тілінің қолданысына кірген сөздер немесе сөз құрамы.
Жеке-жеке мысал келтіру
1
Әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің дамуы үшін тіл қандай болу керек?
(шұрайлы, түсінікті, икемді, өткір, ішкі, қуатты мықты).
«Тұғыр» деген сөзді түсіндір. (орныққан жер немесе тұғырына тігіледі)
Үш тұғырлы тілге қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын)
Кім айтты?
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Әр заманда бағасы жойылмайтын, бір үлкен қымбат қазына боп табылатын ғылыми әдебиет жанры жасалады.
Аудару:
қазақша орысша ағылшынша
тіл язык language
Отан Родина Motherland
жер земля Earth
білім знание knowledge
арман мечта dream
мақсат цель purpose
ту флаг flag
Шекер сөзінің тарихына үңілу.
Тарихы: Үнді, Қытайда пайда болған.
Қазақ тіліндегі синонимі: шекер, қант, тәтті, шақпақ, шекер.
Сіздердің қолданыстарыңыздағы (кірме, жаргон, қыстырма) сөздерді ата, мағынасын түсіндір.
Тілге қатысты аңыздар:
Басқа бәле неден?
Дүниеде не тәтті?
Пысықтау сұрақтары:
1.Тілді жасаушы кімдер?
2.Үш тұғырлы тіл неге қажет?
3. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Үйге тапсырма: 36, 37 жаттығу.
«Тілін жоғалтқан ұлт (этнос) тағдыры» атты эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |