Білім беру жүйесі және мемлекеттік тіл



Дата28.01.2018
өлшемі25,76 Kb.
#34367
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2010 | Руханият


Еліміздің ұлттық білім беру жүйе­сін­де ел тәуел­сіздігін баян­­ды етуге, қазақ тілінің мәрте­бесін нығай­туға игі ықпал ететін мы­надай басым ба­ғыттарда жұмыс жүргізілді:

Біріншіден, қазақ тілінде білім беретін оқу орын­дарының желісін кеңейту;

Екіншіден, қазақ тілінен басқа тілдегі мектептер мен сыныптардағы жә­не жоғары оқу орындарының орыс тілінде білім беретін топтарын­да­ғы қазақ тілінің оқу сағаттарын арттыру;

Үшіншіден, кәсіптік орта және жо­ғары оқу орындарында қазақ тілін мем­лекеттік тіл ретінде оқытатын ма­мандар даярлығының көлемін арттыру;

Төртіншіден, “Болашақ” бағдар­ла­­масы бойынша шетел уни­вер­си­теттеріне оқуға баратын үміткерлер үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру талабын енгізу;

Бесіншіден, Ұлттық бірыңғай тес­тілеу (ҰБТ) барысында қазақ тілі­нен басқа тілде оқытатын мектеп тү­лек­терінің қазақ тілінен тест тапсыруы.

Туған тіліміздің өрісін кеңейтіп, өресін биіктететін аса пәрменді тетіктердің бірі – қазақ тілінде білім беретін ұйымдардың көбеюі болмақ.

“Тәрбие басы – тіл” – деп Махмұд Қашқари айтқандай, баланың өз ана тілін қажетті деңгейде меңгеруі аса маңызды. Соңғы 10 жылда қазақ тілінде тәрбие беретін ұйымдар қатары 2960 ұйымға артты.

Қазақстан мемлекетті­гі­нің түп қазығы – қазақ ті­лінде білім беретін мектептер желісі еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жыл­дарда үздіксіз өсуде. Мысалы, қа­зақ мектептерінің саны 1991 жыл­мен салыстырғанда 906 ұйымға, соңғы 10 жылда 266 мектепке көбейді.

Жалпы қазіргі кезде барлық мектептің 77,7 пайызын құрайтын қазақ және аралас тілді 5888 мектеп қазақ тілінде білім береді.

Мемлекеттік тілде білім беру желісін кеңейту жұмыстары барлық дең­гейде жүргізілуде. Қазіргі кезде кә­сіптік лицейлер мен колледждерде бар­лық кәсіптер мен мамандықтар қазақ және орыс тілдерінде даяр­ла­на­ды. Онда оқитын 600 мыңнан астам баланың 50,4 пайызы қазақ тілінде білім алуда. Олардың саны 2007 жылдан бері 50200 адамға көбейді.

Қазіргі кезде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі бойынша әзірленіп жатқан 800 аталмыш оқу әдебиеттерінің 520-сы (65%) – қазақ тілінде.

Сонымен қатар мемлекеттік тілде жоғары білікті маман даярлау ісі ұдайы дамып келеді. Егер 2001 жылы еліміздің 145 жоғары оқу орын­да­рында оқитын студенттердің тек 31,5 пайызы қазақша оқыған болса, бүгінгі күні 610 300-ге жуық студенттің 304 мыңдайы, яғни 50 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алады.

Білім және ғылым министрлігін­де халықаралық стандарттар негізін­де ҚАЗТЕСТ қазақ тілін білу дең­гей­ін бағалау жүйесі әзірленгені белгілі. Қазіргі кезде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тіл меңгерудің 5 деңгейлік (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары) мемлекеттік стан­дарт­тары дайындалып, Индустрия және сауда министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №39 хаттамалық шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақ тілін меңгерудің деңгей­ле­рі­не сәйкес жалпы саны 40 000-ға жуық тест тапсырмаларының қоры жинақталды.

2008 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бой­ынша емтихан тапсырған 1097 үміт­кердің 995-і, 2009 жылғы 2288 үміт­кердің 2053-і өтіп, келесі турға жіберілді.

Білім беру жүйесінде жүргізіліп отырған реформалардың бір өзекті саласы – тіл мәселесі болуы орынды. Тіл мүддесі – ел мүддесі.

Білім беру мен тәрбиелеу ісі – педагогикалық қауымнан тынымсыз ізденуді, жан аямай еңбектенуді талап етеді. Бұл – біздің мемлекет, қоғам, халық алдындағы биік парызымыз.



Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Білім және ғылым министрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет