«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет121/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171
3-оқушы. 
Мезгіл түске таяп қалған. Газ плитасына шай қойып
қайнағанша бүгінгі газеттерді қарап отыр едім, есік сынып кетердей 
тарсылдады. Үйде жалғыз отырған соң әрі әдеттегіден тыс мына 
тарсылдың өзгешелігі шошытып жіберді. Тапа-тал түс болса да, есікке 
келіп: - Бұл кім? - дедім. 
- Мен! Атаңмын! Бар, киін! - деді күн күркірегендей гүрілдеген үн есіктің 
сыртынан. Алғашқы қорыққаным қорыққан ба, зәрем ұшты. «Бар, киін» 
деген сөздің байыбын бірден ұға алмай, үйде киіп жүретін халатымның 
түймесін бір салып, бір ағыттым. Киім салатын шкафқа жүгірдім, 
сасқалақтап, киімдерімді жұлмалап, әлекке түстім де қалдым. Дегенмен 
өзіме-өзім сабыр-сабырлап, үстіме жеңі ұзын көйлек, басыма орамал, 
аяғыма шұлық тауып кидім. Барып есік ашып, ата-бабамның салтымен 
иіліп сәлем істедім. 
- Бақытты бол, балам! - деп, қолын басыма болар-болмас тигізіп, бөлмеге 
кірді. Ата жалғыз емес, қасында бір кісі бар, өң-түсінің қандай екенін 
көргем жоқ, бірден басымды көтеруге батылым жетпеді. 
Олар кеткен соң талайға дейін өзіме-өзім келе алмай дел-сал күйде отырып 
қалдым. Шірей бұралған домбыраның тырсылдап тұрған ішегі босағандай 
бір күй кештім. Біраз уақыттан кейін атамның әрбір сөзін есіме қайта 
түсіріп, жүйелеп талдай бастадым. 
... «Бар, киін» дегенін де өзімше түсіндім. Жасыратыны жоқ, үйде жеңіл 
болсын деп кеудесі ашық халат киіп, жалаңаяқ, шашымыз қобырап жүре 
береміз. Содан бара-бара әдетке айналады. Үйге біреу келе қалса да, сол 
күйі қабылдай береміз. «Көшеде емес, өз үйімде жүрмін ғой», - деп, 
өзімізді өзіміз жұбата салатын әдетіміз тағы бар. Атам мені осындай 
келісімсіз, ашық-ашық күйде көргісі келмеді. Мен өзім де аңқайған киімге 
жақын емеспін. Өз әкем де ондайға жаны қас кісі еді. 
«Баланы жастан, келінді бастан» деген өте дана сөз. Мен кейін, атаммен 
бірге тұрған жылдары осы алғашқы жүздесудегі көңіліме түйгендерімнен 
танбадым. Атам еш уақытта сен былай киін, олай киін деп айтып көрген 
жоқ. Атам өз өмірінде сый-құрметке, қошеметке бөленген адам. Бірақ 
халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнап-
ақ тұратынын білетін едім. 
Мұғалім.
1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери 
қызметте жүргенде былай деп жазған екен: 
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, 
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 


175 
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.
- Міне, батырдың өзі жазғандай, Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі 
істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің 
қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық, жас ұрпақ! 
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет