Орындалу шарты:
1-топ
- жақтаушы тарап, өз анасының айтатын бесік жырының өзіндік
құндылығын айтады.
2-топ
- даттаушы тарап, электронды бесік жырының тиімділігі мен
ерекшелігін айтып, жақтаушы тараптың пікірін теріске шығарады.
3-топ -
бағалаушы болады.
Бұл әдіс
мынадай 5 критерий бойынша бағаланады:
Тақырыптың ашылуы;
Дәлелдер мен фактілердің келтірілуі;
Сөйлеушінің сөз саптауы;
Уақытты тиімді пайдалануы;
Өзін-өзі ұстауы.
Жекеленген тапсырма бойынша әр оқушы
рухани құндылықтарды
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере отырып,
«Кейіпкерге хат» әдісі
арқылы
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
тақырыбына әңгіме авторына хат үлгісінде шағын ойтолғау жазады
.
Сабақтың шарықтау шегі ретінде екі оқушыдан жұптасып, әңгімедегі
құндылықтарды тауып, оларды материалдық және рухани құндылықтарға
жіктейді.
Материалдық құндылық Рухани құндылық
Автордың бағасы
Өз бағалары
Сабақты қорытындылау кезеңіне бекіту сұрақтары мен жабық сұрақтарын
алдым:
Достарыңызбен бөлісу: |