«ҰШҚАН ҰЯ» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Тусупова Жангуль Аманбековна,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жалпы білім беретін №17 орта мектеп
Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
қайталанбас, теңдессіз ерлігі, тарихи тұлғасы әлем ақын-жазушыларының
қаламында тербеліп, роман, пьеса, кинофильм, жыр-дастандарға айналып,
оқырман жүрегіне жол тапты.
Батырдың алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен басты
фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы. Бауыржан Момышұлының өмірі мен
шығармашылығы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудегі
мүмкіндіктер қарымды қаламгердің «Ұшқан ұя» еңбегінде кеңінен
қамтылған. Шығармадағы оқиғалар желісі кейіпкердің сезім-түйсігі
арқылы дамып, батырлық тұлғасының қалыптасуына негіз болады.
Осындай әдеби құнды мұраның ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері зор.
8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында «Ұшқан ұя»
повесі берілген. Тақырып (8.3.2.1.) мақсаты – шығармадағы материалдық
және
рухани
құндылықтарды
заманауи
тұрғыда
салыстырып,
жаңашылдығына баға беру деп көрсетілген.
Осы тақырып бойынша өз тәжірибеммен бөлісетін болсам, үй
тапсырмасын тексеруде
Достарыңызбен бөлісу: |