«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


Енді назарымызды тақтаға аударсақ Зейнеп Ахметованың 2016



Pdf көрінісі
бет118/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171
Енді назарымызды тақтаға аударсақ Зейнеп Ахметованың 2016 
жылы Қарағанды қаласына келгенде жергілікті телеарнаға берген 
сұқбатын тамашалап алсақ. 
2-оқушы

Зейнеп Ахметова - этнограф, жазушы, қоғам қайраткері.
Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді 
насихаттаушы. 
Қоғам қайраткері, жазушы З.Ахметованың «Шуақты 
күндер» шығармасы – ата мен келіннің, әке мен баланың, ұлт пен ұрпақ 
арасындағы байланыстың шебер көрінісі. Қаталдық артындағы 
жұмсақтықты, таяқтың ұшындағы тәрбиені, тентектік соңындағы тектілікті 
түйсіне білу көрегендік емей немене?
3-оқушы
. «Шуақты күндер» — Зейнеп Ахметованың кітабы. Кітап Ұлы 
Отан 
соғысының сұрапыл 
жылдарында 
қан 
майданда 
әйгілі 
Бауыржан Момышұлы 


173 
командирлердің 
бірі 
болған, 
гвардия 
полковнигі Бауыржан 
Момышұлының соғыстан кейінгі жылдарындағы өміріне арналған естелік.
4-оқушы.
Зейнеп Ахметова қиялдың жетегіне еріп, не болмаса, прототип 
етіп кейіпкер жасамаған. Шығарма барынша шынайы. Ақиқаттың кімге 
болса да ұнайтыны рас. Шығарманың желісінде қазақ қыздарына тән
барлық болмыс бейнеленген. Бүгінгінің өзекті мәселелеріне нақты 
жауаптар алуға болады.
5-оқушы
.
Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. 
Жолдасы Бақытжанға ренжіп, төркінге барғанда Зейнепке айтылған бір 
ауыз сөздің өзінде үлкен мән жатыр. «Шыққан қыз шиден тысқары, сенің 
түпкілікті тұрағың, түтінін түтетіп, тілеуін тілейтін үйің – күйеуіңнің үйі. 
Бір еркектің ыстық-суығына төзе алмасаң, кедір-бұдыр мінезін кешіруге 
кеңдігің жетпесе, жоғын бар етіп, ашылғанын жаба алмасаң, әйелдік ақ 
жаулықтан садаға кет». Шын мәнінде, қазіргі қоғамда мұндай сөздерді көп 
ананың аузынан ести алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет