1-оқушы. Балашка, шайың бар ма? - деген дауыс ойымды бөліп жіберді.
Атамның жақсы тынығып, сергек тұрғанын біле қойдым. Неге десеңіз,
көңіл күйі өте жақсы кезде мені «балашка» дейді, бірқалыпты болса
«балам», ал ренжи бастаса «Зейнеп» тіпті ашуға мінгенде «турчанка» деп
айқайлайды.
(З.Ахметова. «Шуақты күндер», 30-бет.)
2-оқушы. Тура қақаған қыстың ортасында етігімнің сыдырмағы ажырап
кетті. Әрі- бері шұқылап көріп едім, қолымнан келер емес. Амалсыздан
күздік туфлиімді киіп, етігімді шеберханаға апардым. Жол-жөнекей
талайлар аяғыма көз тастап өтіп жатыр. Пендешілікпен бір түрлі
қорынғандай болып үйге жеткенше-ақ еңсем түсіңкіреп қалды. Есіктен
кіргенде атам коридорда телефонның қасында тұр екен. Жіті көзбен бас-
аяғымды бір шолып өтіп:
– Әй, балам, мынау қандай сән?- деді.
– Етігімнің сыдырмағы бұзылып… соны…
– А, сәнің бе десем, салақтығың екен ғой, жазда күн қайнап тұрғанда қыс
хабар беріп: «тоны жоққа сәлем айт, етігі жоққа өзім барам» демеп пе еді?
– деді.
174
Әлгіндегі көңілдің көлеңкелене қалған түйткілі лезде ғайып болып, ал кеп
күлейін. Алайда атама тән осы екі ауыз қызық сөздің өзінде ақыл да,
тәрбие де бар болатын.