186
(Көктем. Ағаш отырғызып жүрген Ата. Анасы нәресте Бауыржанды күн
көзіне шығарып, Имаш атасының алдына әкеледі)
Анасы
(ізетпен иіліп)
.
Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді.
Атасы
(еміреніп, немересін алақанына алып, қолына жас бұтақ
ұстатады)
.
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем - шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма.
(Келініне қайтарып береді).
2-акт
Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып
баппен қымыз ішіп отырады. Әкесі дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.
(Сырттан жүгіріп бала Бауыржан кіреді).
Бауыржан.
Әкее...
Әкесі
(ымдап шақырады да құлағына)
.
Сен не, аталарыңа сәлем беруді
ұмытып кеттің бе?! (
сыбырлады
).
Бауыржан қатты қызарақтап, үйден шығып, нық басып қайта кіреді.
Бауыржан
(көпшілікке қол қусырып тұрып)
. Ассялам алейкум, аталар!
(әр
сөзді қадап-қадап айтады)
.
Бәрі күлісіп, бір ауыздан «әлейкүм салам!» деді. Сонан соң әрқайсысы
маңдайынан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып бала әкесінің тізесіне
жайғасады.
Әкесі
(басынан сипап отырып).
Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан
үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді.
Достарыңызбен бөлісу: