Көрші бала Мәулен.
Соғыс емес пе! Сіз сияқты командир болғым келеді.
Достарыммен Ташкенттегі әсери училищеге түстік.
Бауыржан.
Ал, намысты қолдан берме! Мен саған сенемін.
(Мәулен кетеді, әйелімен орындыққа отырады. Сол уақытта табтан
бір әскери адам келеді)
Әскери адам.
Аға лейтенант Момышұлы, сізді штабқа шақыртуда.
Әйелі.
Неге шақыртты екен?! Тыныштық па...
(үрейлене Бауыржанға
қарайды)
Бауыржан
(әйелінің қолын алып)
. Уайымда, сен командирдің әйелісің!
Қазір соғыс уақыты. Мен тез барып, жағдайды білейін!
(Екеуі жүгіре басып, штабқа кетеді).(Полковник генерал-майор
Панфиловқа штабты таныстырып жатады. Сол уақытта Бауыржан
кіріп келеді)
Бауыржан.
Шақырттыңыз ба, жолдас...
(жалт бұрылып генерал-майорға
қарайды).
Саулығыңызды тілеймін, генерал-майор! Полковникке айтуға
рұқсат етіңіз. Аға лейтенант Момышұлы! Сізді шақыртуыңыз бойынша
келіп тұр!
Полковник.
Сізге айтқан адамым осы, Иван Васильевич! Бұл жігіт үшін
өміріме бәс тігуге дайынмын.
Панфилов.
Сәлеметсіз бе, мен генерал-майор Панфиловпын. Танысқаныма
қуаныштымын. Менің қарамағымда жұмыс істейсіз. Жұмыстарыңызды
тапсыру үшін қанша уақыт керек!
Достарыңызбен бөлісу: |