188
Қарт генерал.
Отырыңыз (орындыққа қарай басын изейді. Темекіні
тұтатып тартып, біраз ойланып, Бауыржан Момышұлының басынан аяғына
дейін бірнеше рет қарап шығады. Бауыржан Момышұлы үндемей
отыра
береді.)
Қарт генерал
(Жұлып алғандай).
Бүгін
түн
ортасында
Десятидровкада жатқан 120 немістің бірін қалдырмай қырып
тастағандарыңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі ұстап алып
келмегеніңіз бе?
Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат берген
емеспін.
Менің қай жер болса, сол жерге шаша беретін командирім жоқ.
Мейлі, абырой болып, аман-есен қайтқаныңызға шүкір,
бірақ та бұдан
былай сізге әр додаға кірісе беру жарамайды. Ой, жастық, жастық кейде
алды-артын ойламайтын жастық! Егер
жазатайым болып кетсеңіз
батальонды кім меңгеріп, кім басқармақ. Сол
жағын аттанардың алдында
сіз ойладыңыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: