Әскери трибуналдың бастығы (амандасқан соң, қалың папканы алдыма қойып). Біз екі солдатты ату жазасына кестік. Осыны бекітіңіз. Тәртіп
бойынша үкімге дивизия командирі қол қоюы керек.
Бауыржан (ойланып тұрып). Қалай атқызам?
Прокурор. Сізге түк те болмайды.
Бауыржан (алара қарап, прокурорға). Қалай атпақсыздар?
Прокурор. Қазір солдаттарды жинап, сап алдында атамыз.
Бауыржан. Солдаттар соғысып жатыр ғой.
Прокурор. Әр бөлімшеден бір-біреуден әкелейік.
Бауыржан (дауысын қатайтып). Екеуін атам деп жүз солдатты өлтірем
бе? ССРО Жоғарғы Советі Президиумының атынан әскери трибунал
үкімін бекітпеймін!
Әскери трибуналдың бастығы. Бұл үшін жауап бересіз!
Бауыржан. Мен үкімді бекітуге де, бекітпеуге де еріктімін.
Жазалыларды әкеліңдер!
(Конвой екі жазалыны алып келеді) Обал жоқ, сендерге, оңбағандар! Қарабет болып қашқанша, қайрат
көрсетіп өлген артық! Маған сендер емес, үйдегі балалар аянышты.
190
Опасызда отан жоқ. Сатқын ретінде атылсаңдар, олар жұрттың көзіне
қалай қарайды?! Қазір белдіктеріңді шешіңдер де, алдыңғы шепке барып
соғысыңдар!
(Ұрыс. Мылтық пен зеңбіректің атылған дауыстары)