«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет58/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171
Зерттеу бөлімі 
Жауынгердің тұлғасы 
«Еліңді сүйсең, ерлік істейсің» дейді қазақ мақалы. Біздің батыр 
атамыздың ерлігі халқын, жерін сүйгендіктен жасалған десек артық 
айтпаймыз. «Отаның үшін отқа түс – күймейсің» деп Бауыржан 
Момышұлы өзі де Отанын сүюге, Отан үшін құрбан болуға шақырады. 
Шығармаларынан ерлік пен отансүйгіштіктің лебі есіп тұрады.
«Жауынгердің тұлғасы» әңгімесінде «Мәскеуге не бетімізбен 
барамыз, дұшпанды өкшелете артымыздан ертіп. Жігіттер сүйегіміз қалса 
да, не болса да, осы жерде болсын. Бір адым кейін шегінуге жол жоқ. 
Артымызда Мәскеу!» [4] деп жарлық еткен Бауыржан Момышұлы қол 
астындағы жауынгерлерінің бойында батылдық рухын сіңіре білген. Бұл 
әңгімеде Мәскеу маңындағы соғыстың бір кезеңін бейнелейді. Әңгіме 1941 
жылдың қараша айында болған бір шайқастың төңірегінде жазылған. Бұл – 
Бауыржан атамыздың Мәскеу түбінде болған соғыстың бір кезеңін 
баяндаған әңгімесі. Әңгіме желісі Бауыржан Момышұлының генералмен 
кездесуінен басталады. Генерал атамызды дивизияның штабына шақырып, 
бір жағынан өз басын қауіпке тіккенін бетіне басса, бір жағынан оның 
әскери шеберлік танытып, түн ішінде 120 немісті бірін қалдырмай қырып 
тастағанына ризашылығын білдіреді. Батальонын қалдырып, бірнеше 
жауынгерімен барып, өзінің тактикасымен 120 неміске кенеттен шабуыл 
жасап, оларды айласымен алған командирді қарт генерал оны жастығына 
қарамай, әскери атағы кіші болса да полк командирі атағына лайық деп 
санайды. «Сен полк командирі болдың, ол полктың ақылы, миы, басы өз 
ұлтыңның «білек бірді, ақыл мыңды жеңеді» деген мақалы әр уақытта 
есіңде болсын» деген генералдың сөзінен Бауыржан Момышұлының 
ерлігін бағалап, оның тапсырған істі аяғына дейін абыроймен жеткізетініне
сенім артқанын байқауға болады. 
Бұл әңгімеде Мұхаметқұл атты қазақ командирі туралы да сөз 
болады. Оны ««Түсі жақсыдан түңілме» дегендейін, табанды,сабырлы, ісін 
ақылға салып, түбін ойлап істейтін, жүректі командирлеріміздің бірі еді» 
деп сипаттап, өз орнына батальон командирі етіп тағайындайды. Ол да 
өзінің азғыруға көніп, үрейін көрсеткен кезде Баукеңнің «Қазақтың 
«Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» деген мақалын білуші ме едің» деп 


97 
намысын оятқан екі ауыз сөзінің қаншама ерлікке әкелгенін мақтан етіп 
айтуға болады.
Волоколамск тас жолында болған қатты шайқас 1941 жылдың 
қараша айының ортасынан асқан кезде болған. Әңгімеде сол күнгі болған 
көп оқиғаның біреуінен көрініс жазып өтеді. Екі жолдың қиылысқан жері 
М. станциясын лейтенант Филимонов басқарған 120 атқыш қорғағанын 
әңгімелейді. Бұл кезде де Бауыржан атамыз өз тактикасының арқасында, 
120 солдатпен 300 неміс солдатын жер жастандырғанын «ерлік», 
«тапқырлық» деп айтуға болады.
«Бұл соғыс, ата-бабамыздың айтып кеткен «білек бірді, ақыл-айла 
мыңды жеңеді» деген мұра, соғыс дәстүрінің халық тәжірибесінен 
шыққандығына дәлел» деп Бауыржан Момышұлы әңгімесін аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет