«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет60/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171
Батырдан қалған өсиет 
Бауыржан атамыздың шығармашылығының бір саласы оның 
өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Батыр жазушының өсиет 
сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, 
тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзі айрықша естіледі.«Ел дегенде 
езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Жерге тер төгіп, халыққа қан 
төгіп қызмет ет», «Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек» деген 
сөздері бүгінгі күннің өзекті ұраны. [7. 16-17] 
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде Бауыржан атамыздың нақыл 
сөздерінің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер – фольклордағы 
дидактикалық ғибрат үлгілері. Бауыржан Момышұлының мақал-мәтелдері 
қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлгісінде қалыптасқан. Бауыржан 
Момышұлының қаламынан туған мақал-мәтелдерінде, нақыл сөздерінде 
әрбір сөз тіркесінде терең мағына бар. Бауыржан Момышұлының 
(Орталық мемлекеттік мұрағаттың жеке қорында №1432) жүз жиырма 
үштен астам мақал-мәтелдері бар. 
Қорытынды 
ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық 
жалынын бойына сіңіру үшін халқымыздың Бауыржандай ұлы тұлғасының 
қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл 
бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол 
– сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» дегені тегін емес. Оның 
адамгершілік қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, 
намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, 
ұлттық мақтаныш өз бойынан табылған нағыз жауынгер, нағыз патриот.
Бауыржан Момышұлы – әскери педагогика мен әскери 
психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның 
атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында 
суреттелді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш 
Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген 
атақ берілді 
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, 
Деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде. 
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде», - деп жырлаған Бауыржан 
атамыздай батырды ұрпағы ешқашан ұмытпауы тиіс.


99 
1.Бауыржан Момышұлы мен Мұхтар Әуезовтің кездесуі
2.Соғыс кезіндегі сурет 
3.Соғыстан жаралы болып емделуге келген кезіндегі майдандағы суреттер 
4.Жамбыл Жабаевпен кездескен сәтінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет