Демек, бала тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы сәби дүние
есігін
шыр етіп ашқан сәтінен бастап-ақ басталуы тиіс деп есептеген
Бауыржан кейінгі ұрпаққа оны ұғындыра отырып, тәрбиелеудің мәнімен
маңызына терең бойлауды қатаң талап ететінін көреміз. Ұлттық тәлім-
тәрбие адам болып қалыптасудың ұлы мектебі екенін, сондай-ақ бүкіл
ұлтты сақтап қалуға ұлттық тәрбие алған адамы бар ел ғана жете
алатындығына осы шығарма арқылы көз жеткізуімізге болады.
Бауыржан Момышұлының барлық шығармалары шындыққа
негізделген, олардың тарихи құжаттылығына, шындығына және
түпнұсқалылығына баға жетпейді. Бауыржан Момышұлының бірегей
тұлғалығы - қазақ халқының мақтанышы. Ол – сирек кездесетін
адамдардың бірі, ол сөз жүзінде айқын ақыл, батылдық, адалдық пен
адамгершілікті көрсете білді. Ол өзінің батыр ата-бабаларының шынайы
ұрпағы. Біз - ұлы тұлға ұрпақтары, Қазақ тарихының жарқын жұлдызы
Бауыржан Момышұлының мұрасын сақтап қана қоймай, оны келесі
ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бізге оның шығармаларын оқи отырып,
қуаттандыратын
энергиясын
бойымызға
сіңіре
отырып,
оның
адамгершілікті жоғары деңгейге қоятын нақыл сөздерін ойымызға түйіп
отыру қажет. Қазақ халқы Бауыржандай батырын мәңгі есінде сақтап,
мақтан етеді. Өйткені, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Б. Момышұлы
тек батыр ғана емес, ол өзінен кейін үлкен шығармашылық мұра
қалдырған жазушы.