«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет64/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ахтанов Т. «Ел қасиеті - ер қасиеті» Қазақ әдебиеті // 10 маусым,1983ж. 
2. Әлімжан Е. «Жанартау». Егемен Қазақстан // 27 қыркүйек, 2000ж 
3. Мырзахметұлы М. «Аңызға аты айналған» Тараз 2000 ж 
4. Момышұлы Б. Шығармалар жинағы 1, 2 т Алматы «Мектеп» 2001 ж 
5. «Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал-мәтелдердің 
тәрбиелік мәні.» Ұлт тағлымы. // № 1 2003 жыл 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 
Согосбай А.,
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
ЖББ №77 МБК 
Аңыз адам Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерді оқыған сайын
батырлық пен ерліктің символы, адамгершілік пен ізгіліктің тұнық 
бастауындай, адалдық пен абыройдың мөлдірілігін терең түсіне 
бастайсың. 


107 
Мекемтас Мырзахметұлының «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер» 
әдеби мемуарында Дмитрий Снегин «Ойнаған бұлт ішінде найзағайдай» 
атты естелігінде Б.Момышұлының шығармаларындағы ерекшелігі - оның 
әркез жастарға бағышталып отыратындығында дей келе, батырдың 
мынандай цитатасын келтіреді. «Жастар – біз бастаған ісітің жалғасы, 
елеміздің ертеңі. Сондықтан олардың өміріне немқұрайды қарай 
алмаймын» [1,37].
Өмірдің қайғысын да, қуанышын да ортақ деп білетін батыр
болашаққа 
деген 
шексіз 
махаббатымен, 
ел 
алдындағы 
асқан 
жауапкершілікпен қарайтын талғампаз махаббатының арқасында 
батырдың ең қымбат қазынасы – оған деген бүкіл халықтың шексіз 
махаббатын оятты.
Тәуелсіз ел болып өз ұлтымыздың рухын асқақтатар заман туғанда 
еліміздің болашағы үшін алаңдар азаматтар көп болса дейсің осындайда. 
Батыр өзінің туған халқын шексіз сүйгендігі ол кісінің шығармаларындағы 
ұлттық котпен ерекшеленіп тұратындығын зерттеуші ғалымдарымыз 
айтып та, жазып та жүр. Автор өз естелігіндн «Бауыржан нағыз қазақ 
жазушысы, ұлттық жазушы екенін баса айтықым келеді. Оның бар кітабын 
байқап отырсаңыз, олардың қазақтың қолынан шыққанын жазбай тану 
қиын емес. Бауыржан қазақша жазса да, орысша жазса да ұлттық өрнектен 
айырылмаған қазақ жазушысы. Оның байлығы мен бақытының көзі, міне, 
осында» 
Расымен, қай шығармасын алып қарасаңыз да өз туған халқына 
деген нәзік, ыстық, танымы мол махаббатты көресіз. Даңты тұлғаның 
жалғыз ұстазы ол-өмір. Ал өмірге деген тазалық пен құштарлық адами 
қасиеттердің таза шынайы болғанда ғана ақиқатқа айналары анық. 
Бауыржан Момышұлы екіжүзділік, надандық, арсыздық дегендердің бет 
пердесін жұлып алып, жұрт алдында әшкерелеп отырған. Осындай 
деректерді оқи отырып бүгінгі қоғамымызда жиі ұшырасатын жағымсыз 
қасиеттердің белең алуы ұлтымыздың дамуына шын кедергі болатын 
дүниелер екендігін сезінесің. Тарихтағы танымал тұлғаның осындай 
тағылымы мол өнегелі өмірлерін келер ұрпақтың санасына сіңіру, көбірек 
насихаттау жағы әлі де болса ақсап жатуы өкінішті-ақ.
Бауыржан қасиеттерінің сипаттары қандай? деген сұраққа 
замандастары - бұл қиын сұраққа оның берген жауаптарын жазған 
шығармаларынан табуға болады, - дейді. Бауыржан Момышұлы 
шығармаларында және замандастарының, келіні Зейнеп апамыздың 
естеліктерін оқи отырып, ол кісінің отбасы, жанұя құндылықтарын, 
қазақтың салт-дәстүрлерін керемет дәріптеп, өзі де қатаң ұстанғанын 
көреміз. Зейнеп Ахметованың «Дала этикасы» деген шағын естелігінде 
сәлем беру мәдениеті жайлы былай деп еске алады. «Сәлемнің ең ұлысы-
щаңырақ сәлемі. Кісі үйіне келген адам кейде біреу болсын, болмасын 
амандасып кіреді. Үй иелерімен сыртта ұшырасып, есік алдында есен-
саулық сұрасып алса да, табалдырықтан аттай бере, сол үйдің шаңырағына, 


108 
отының басына, сәлем беріп кіреді. Қазақ халқы шаңырақ пен 
табалдырықты, бесікті қасиетті санайды. Үй табалдырықтан басталады, 
шаңырақпен еңсе көтеріледі, бесікпен ұрпақ өседі. Әркімнің от жаққан, 
ұрпақ өсірген үйі өзіне құтхана. Сондықтан келген адамның кісі үйін 
сыйлауы шаңыраққа сәлем беруден басталады» [1,145]
Міне, сәлем берудің әркім біле бермес тәрбиелік сырын өз 
отбасының да біліп, ұстанып жүруіне де аса зер салып отырғандығын 
көреміз. Шыныменде, қазақ «сәлем сөздің анасы» деп бекер айтпаған. 
Сәлем беру, амандасудың да өзіндік үлкен мәдениеті, дала заңы, этикасы 
бар. Қазірде біз оған жете мән беріп зерделеп жатпаймыз.
Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» повесінде жете атасын 
тану жөнінде мынандай үзінді келтіреді: «Әкем маған ата-тегіміздің аты-
жөнін үйретуші еді. –Кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол. -Мен 
Момыштың ұлымын. - Момыш кімнің баласы? –Момыш –Имаштың 
баласы. Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген 
қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі 
білімімді тексеретін. [3,309]. Орыс отаршылдық саясатының құрбаны 
болған ұлтымыз жеті атаның не екенін ұмытты. Оның түпкі салдары өз 
шыққан тегімізден бастап тарихымызды танудан ада болдық, жалған желеу 
мен жаңғырық ұрандардың арасында күн кештік. Дәл қазір жаһандану 
үрдісіне бой алдырған мына заманда ұрпағымызға жеті атасын таныту, 
ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, көрсетіп отыру арқылы ғана 
өткенімізді қайта жаңғырта аламыз. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе 
жатқан ата-баба салтын бұрмаламай қолдану, ұлттық жан-дүниеміздің 
болашақтағы кепілі болары анық. Бауыржан атамыз айтқандай, елтанудың 
басы, алтын көпірі - жанұядағы тәрбие мен дәстүрлер сабақтастығы екені 
даусыз.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының ерлік, соғыс, ұлт, тіл, 
еңбек тағы басқа тақырыптар төңірегінде айтылған әңгімелері батырдың 
көзі тірісінде-ақ нақыл сөзге айналып, ел аузына тарап кеткен. Соның бірі 
ана тіліміз туралы айтылған: «Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, 
тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын 
қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, 
адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» -деген 
сөзі ана тіліміздің құдіреті мен қасиетін бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып айтқан 
даналығын көреміз. Немесе «Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық 
салт-сана өзегі» дейді. Өкінішке орай тәуелсіз ел болып, басқалармен 
терезесі тең заманда өз ана тілінде сөйлей алмайтын, қастерлей білмейтін 
қандастарымыз қаншама? Ана тілінің нарқы мен парқына түсінбейтін 
кейбір атқамінерлеріміздің ел тізігінін ұстап отырған жоқ па?
Тіл түзелмей мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. 
Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын 
барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізу бүгінгі күннің басты талабы 
болып отыр.


109 
Сөзімізді түйіндей келе, шағын ғана мақаламыздың арқауы болған, 
ол-дара да дана, ұлтымыздың мақтанышы Бауыржан Момышұлы жайлы 
жазылған естеліктерден бір үзік сыр қозғадық. Аңыз адам жайлы жазылған 
естеліктер мен шығармаларды бүгінгі буын оқи отырып, тағылым алса нұр 
үстіне нұр болар еді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет