«Адам қайраты» әңгімесіндегі Әкімгерейдің қайраттылығы Келесі бір әңгімесінде Бауыржан Момышұлы тағы да ерлікпен қатар
шыдамдылық, сабыр және қайрат қатар жүретіні жайлы сөз етеді. Ол
«Адам қайраты» әңгімесі. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Әкімгерей. Екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас»
романындағы төртінші кітабынан алынған үзінді.
Тағы да бір соғыс күндерін баяндаған оқиға Бауыржан атамыздың
дивизия командирі болып жүрген кезін суреттейді. Машинасы батпаққа
түсіп кеткен дивизия командиріне қарсы бір рота кездеседі. Сапта келе
жатқандардың ішіндегі жауынгерлердің бірі командирдің қырағы көзіне
түседі. Кеудесіндегі қызық жолағымен ерекшеленген жауынгерді алыстан
байқап, жайын сұрайды. Қасына келген жігіт «Денесі аюдай, аяқ-қолы
добалдай, жалпақ бет, салпы ерін, кең маңдай, қыр мұрын, қою қас,
шүңірек көз, бура caн... Әйтеуір барлығы олпы-солпы. Түрі қазаққа
ұқсайды. Өзінің білгенінше әскери әдепті сақтаған болып қақшиып тұр»
[5]. Бұл әңгімеге арқау болған кейіпкер – өз аты Әкімгерей, ауыл
военкоматының (бай үкіметтің) писарі (бай сары) қойған Андрей атты
қазақ жігіті екен. Кейіпкердің мінез-бітімін, жаратылысын неғұрлым
ашып көрсету үшін оның портретін жасаудың да үлкен маңызы бар. Олай
болса, жазушы әңгімелерінен оның портретке ерекше мән бергенін аңғару
оңай. «Қайран қалдым, жолдас полковник! Денесінде бір оқ, бір жарықшақ
бар екен... Балтыр сүйектері екі рет жарақаттанған екен. Бір бүйрегін алып
тастаған екен... Өкпесіне оқ тигенде операция жасау үшін екі қабырғасын
алып тастаған...» Бұл медициналық тексерістен өткен Әкімгерей-
Андрейдің жарақаттарын баяндаған начсандивтің сөзі. [5]
16-рет жараланған қазақ батырының тағдыры Бауыржан атамызға
әсер етті. Оның қалай жараланғанын, жарасын емдеп алып қайта соғысқа
кіріскенін тек ерлік деп қабылдады. Начсандивке барлық жарақатын
куәландыратын құжаттарды дайындатты. Старшина деген лауазымын да
заңдастырып берді.
98
Оның ерлігіне қайран қалған Бауыржан оған медаль, ордендермен
қатар “Қызыл ту” орденін де бергізеді. Әрбір жауынгердің тағдырына,
өміріне аса жауапкершілікпен қарайтыны сезіледі.[6]