«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет71/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
М.Мырзахметов
2.
М.Әбдіхалықов 
Б.МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ 
ТӘРБИЕ
Еликбаеа Сымбат Төлеубаевна, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №62 ЖБОМ
 


116 
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың 
даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған 
жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт 
мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге 
шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын 
алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы 
мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына 
шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 
Жасында Жамбыл қаласындағы интернатта тәрбиеленіп, сондағы 
орта мектепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл бойына өз ауданында, 
Қазақстанның Алматы қаласында, мекеме қызметінде болады. 
1936 жылы Бауыржан Момышұлы Совет Армиясының қатарына 
шақырылады. Содан бергі 15 жыл ішінде ол қатардағы солдаттан гвардия 
полковнигі дәрежесіне шейін өсті. 
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-
майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан 
жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, 
батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы 
жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. [2] 
Бауыржан Момышұлы – жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар 
азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл. 
Мәңгілік даңқ тұғырына қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы 
ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан 
Соғысы кезінде үлкен ерлік көрсетіп, артына өшпес із қалдырды. Батыр 
бойындағы намыс пен өр мінез оның қайталанбас ерлігінен ғана емес, 
шығармаларынан көрініс табады. Осы орайда «Қазақты тану үшін, 
алдымен, Абай мен Бауыржан ілімдерінен сусындау керек...» деген ғалым 
Мырзахмет Мекемтасұлының сөзін еріксіз еске түсіресің. Баукеңнің 
ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың 
ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің 
«Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі.Бұл кітап неміс, чех, еврей, 
ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан 
Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды.Ал 
осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, 
атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі 
ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары 
айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері 
осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс 
және қазақ тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» 
сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін 
шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген 
шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын 
кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген 


117 
елдердің тілдеріне аударылып басылды. Осы ретте, «Егемен Қазақстан» 
газетінде 2008 жылы сәуірдің 4-інде жарияланған Көсемәлі Сәттібайдың 
«Аңыз бен ақиқат» атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік. 
«…Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман 
перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та, 
жазылып та біткен жоқ. Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына 
қаламгерлігі сай тарихи тұлға.«Мен қазақтардың арасынан Бауыржанмен 
салыстыруға келетін жан таппай жүрмін. Бәлкім, таппайтын да 
шығармын» (Дмитрий Снегин). 
Расында да, ел боламыз десек, бесігіңді түзе дегендей бесіктегі 
баланың ұлтжанды патриот болуы үшін, үлгі боларлық түлға керек. Кеңес 
өкіметін құрған Ресей федерациясының тарихынан және біздің тарихтан 
өз орнын ойып тұрып алатын ерлігін елі ғана емес, өзге ұлт өкілдері 
мойындаған ұлтаралық деңгейдегі батырымызды қазақ халқы толығымен 
әлі танып, білмеді деуге толық қақығымыз бар. Себебі Бауыржан 
Момышұлының қанатты сөздерін оқып отырған адам, тәрбиенің темірдей 
тәртіптен ғана басталып қоймай, қазақ халқының ежелден келе жатқан 
өнегелі тәрбиесінің негізгі бастау көзін көретіні анық. 
Бауыржан халықтық даналықты өзінің шығармасында пайдаланғанда 
оның бала тәрбиесіне, жеткіншектің қалыптасуына, санасының өсіп, адами 
құндылықтың ұялауына көп мән бергенін байқаймыз. «Ертексіз өскен бала 
— рухани мүгедек адам» — мұнысы мақал-мәтелсіз, ұлттық нәрсіз өскен 
бала – елінің ойлауға сана-сезімін оята алмайтындығын аз сөзбен 
түйіндеген. Шындығында мақал-мәтелсіз өскен бала Бауыржан айтқандай 
мүгедек. Ата-ана балаға ақылды мылжың сөзбен емес, нақылға толы, 
ұтымды екі-үш сөз тіркестерінен құралған мақал-мәтелмен ұтымды 
жеткізген. «Ұшқан ұя» повесі арқылы суреткер атасы, әжесі, әкесі, ауыл 
ақсақалдары айтқан қазақи әңгімелердің, аңыз-ертегілердің, жыр-
дастандардың, мақал-мәтелдердің өзінің азамат болып жетілуіне қалай 
әсер еткенін, есейгенде суреттейді.Байлығына сенетін мырзасымақ, реңсіз, 
кекеш болса да айдай аруға ұмтылатын, ақыры уысына түсіріп, тоқалдыққа 
алған бір ауқаттының, яғни бір туысының келеңсіз қылығына Бауыржан 
«Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген мақалмен 
түйіндейді.«Құрығы ұзын қуып жүріп алады, құрығы кысқа құр қол 
қалады» деген мәтелдің түп төркіні қолында байлығы бар адам өзінің
қалағанына қалай да болса кол жеткізе алады, ал қолы қысқа адам жегеніне 
жете алмайды деп сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті айтады. Жазушы осы 
аркылы жас ару Зәмираның сүйгенінен айырылып, калың малға сатылып, 
тағылық заңның құрбанына айналып бара жатқан шарасыз сәтім 
суреттеген. Сол секілді жас келіннің мінезіндегі көргенсіз кер мінезді 
көрген ауыл үлкендері «әдепті білмейтін, тәрбие көрмеген» деп күңкілдесе 
бастайды. Босағаны аттай сала тәрбиесіздік көрсеткен келінге «жусаннан 
аласа, бетегеден биік боп иіліп жүрмеуші ме еді» деп мін айтады. Мұндағы 
«бетегеден биік жусаннан аласа» деген тәлімдік міндет атқарып тұр, яғни 


118 
«үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпауы» тиіс екендігін аңғартса керек. Жана 
түскен келін инабатты, сыпайы болу керек, мінезі биязы, «үлкенге ізет, 
кішіге құрмет» көрсете алатын болуы заңды деп қарайды. 
Ат ардақтаудың биік шыңы мына мақалдан керініс тапқандай. «Төл 
атыңды төреге берме». Жүйріктің қасиетін, сәйгүліктің бағасын біздің 
елдей ешкім білмес сірә, еш ел ұғып болмас. Халық арасында төрт түлік 
мал ішіне әсіресе, жылқы малына ерекше көңіл бөліп, адамның көмекшісі, 
ердің қанаты деп қарау, жас ұрпаққа ғибрат беру мақсатында ол туралы 
мақал-мәтелдер, батырлар жырларындағы жылқы малына берілген баға, 
өлеңдер, жырлар өте мол. Мұның барлығы қазақ халқының жылқы малын 
ерекше бағып, асырауында мән бер екенін аңғартып қана қоймай,ер –
азаматтың өз атын, жылқысын бағалауда ерекше мән бар екенін аңғартса 
керек, жылқы малын құрметтеген ер-азамат өз отбасын құрметтейді. 
Жылқы малын бағалаған адам, қай уақытта болмасын қиын-қыстау 
кезеңді, өмірді бағалайтын өресі биік адам деп түсінген.«Жеті атасын 
білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға ерекше мән беріп, өзінің бала 
–немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін 
жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отырамын. Еңді ойланып қарасам, 
орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір 
тексіз қазақ бала бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктең 
сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де осы ойымызды 
куаттайтыны ақиқат. [3] Қазақ халқының тәрбиесі әлі күнге өзінің 
өзектілігін жойған жоқ. Себебі, бұл тәрбие де барлығы бар.Ұлт тазалығы, 
дені сау ұрпақ, ұрпақ тәрбиесі барлығының басын қосқан тәрбие тек қазақ 
халқында ғана бар екен. Міне осыны, өз ойын өзге ұлт өкілдеріне орысша 
жеткізсе де қазақ тәрбиесінің философиялығын түсіне білген Бауыржан 
Момышұлы қазақ халқының ұлтының тәрбиесі мен болашағына көп 
алаңдағанын көру қиын емес. Тіпті қазақ тілі туралы айтқан мынадай 
қанатты сөзінде «Тілге жете көңіл бөлінбеуі, мән бермеушілік пен 
құрметтемеу – шынайы, нағыз патриоттар тәрбиелеу жұмысына зиян» 
деген сөзінің қоғамдағы патриоттардың дәл қазіргі уақыттағы жай-күйін 
анықтап бергендей. 

Шын дос сыртыңнан мақтайды. 

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді. 

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. 

Ежелден ер тілегі – ел тілегі.

Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. 

Опасызда Отан жоқ. 

Отанда опасызға орын жоқ. 

Отаның үшін отқа түс – күймейсің. 

Тәрбиелі – тәртіптің құлы. 

Тәртіпті – елдің ұлы. 

Белдескеннің белін сындыр, 

Тірескеннің тізесін бүктір. 


119 

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. 

Таяқтан тайсалмасаң, 

Семсерден сескенбесең, 

Жеңдім дей бер… 

Қарабет болып қашқанша, 

Қайрат көрсетіп өлген артық. 

Ептілік те – ерлік. 

Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді
.
[4]
Әр сөзінен ұлттың болмысы көрінген, қазақ халқын қай заманда да 
еңсесін көтерген, «қазақ» ұлтының өкілі екендігін өр мінезімен, өз 
ерлігімен таныта білген Бауыржан Момышұлы туралы оның ұлтына 
байланысты ойлары әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттелуді қажет 
ететіндігі сөзсіз.Біз Бауыржан Момышұлын Кеңес Одағының батыры деп 
қана танимыз, бірақ Бауыржан Момышұлын Кеңес Одағындағы ұлттарға 
«Өзге ұлтқа қазақ елін мойындатқан қазақ батыры» деп қарауымыз керек
деп ойлаймын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет