136
киносындағы ойдан шығарылған қаһармандарға ұқсаймын деп жүгіріп
жүрген жеткіншекті көргенде ішің удай ашиды, ашиды да қояды, баланың
кінәсі жоқ, кінә –Бауыржанның тұлғасын таныта алмаған үлкендерде.
Қиын
ештеңесі жоқ, шүкір, Бауыржан да, Бауыржан туралы да жазып
кетті, айтып кетті, тек соны оқытсақ, қызықтырсақ, баулысақ болғаны.
Жалпы ер баланың қазақта орны ерек,
елдің тұтқасын ұстап, жау келсе
кеудесін тосатын да жігіттер, сондықтан баланың бойында елін сүйетін,
ұлтын сүйетін мінез қалыптастыру қашанда маңызды. Қылышынан қан
тамған Кеңес одағы уақытында тегіне Момышев деп жазғызбай,
Момышұлы болған Баукеңнің бойынан қасқайған қазақы мінезді аңғару
қиын емес, сол құжатындағы «ұлы» деген сөз Мәскеуді жаудан аман алып
қалса да, Кеңес Одағының батыры деген атақты дүниеден өткен соң
алуына себеп болды.
Иә, балаң
нағыз ер азамат болсын десең, Баукеңнің тұлғасын таны,
зерделе. 70-жылдардың соңы, бір газеттің тілшісі Баукеңнен сұхбат алмақ
ниетте есігін қақпай ма, 20-дан сәл асқан жас жігіт, сол кездің
«модасымен» шашын иығына дейін өсірген, кең балақ шалбар, салбыраған
жеңді көйлек киіп барыпты. Жігіттің бедерін көрген Баукең қолына
мылтығын алып, мынау еркек пе, әйел ме деп үйінен
қуып шығады емес
пе, ертеңінде әлгі жігіт шашын алғызып, дұрыс киімін киіп қайта барыпты.
Бұл жерде Алланың жаратылысына қарсы шықпай, еркектің еркек, әйелдің
әйел бедерінде қалу керектігін байқаймыз. Бүгінгі қоғамда мылтығымен
қуалайтын Баукең жетпей ме, қалай?
Момышұлының бойынан батырлық, ержүректік қана емес,
адамгершілік, кемел парасаттың иесі екенін аңғару қиын емес. «Сөз қадірі
– өз қадірің, өз қадірің – ел қадірі» деген сөзінен-ақ халықтың беделі мен
болашағына уайым жеген жан екенін білесің. Саналы ғұмырында сөзбен
ғана емес, жүріс-тұрысымен, ғибратқа толы істерімен де мол мұра тастап
кеткен Баукең патриоттықтың символы іспеттес. Көптеген орамды ойлары
мақал-мәтел деңгейіне дейін жеткен, мысалға «Отан үшін отқа түс,
күймейсің», «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық», «Жерге тер төгіп,
халыққа қан төгіп қызмет ет», «Тізе бүгіп тірі жүргенше,
тік тұрып өлген
артық» деген сынды сөздері күнделікті қолданатын мақал-мәтелге
айналып кеткелі қашан. Қорыта айтқанда, еліне орасан зор пайдасы тиген
Бауыржан Момышұлы дүниеден өтсе де, әлі күнге батырдан алар тәліміміз
орасан. Тек алыбымызды ардақтап, ұлттың ұраны болған Момыштың
ұлын ұлықтай білсек, келер ұрпақтың санасына сіңдірсек, баба
алдындағы,
болашақ алдындағы, қоғам алдындағы борыштың өтелгені
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: