Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қаратаев М. Шеберлік шынына. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік
көркем әдебиет баспасы, 1963. - 339-340 б.
2. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. –Алматы: Жазушы, 1975.
3. Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Момышұлы Тараз: Сенім, 2000.
126
4.
http://engime.org/b-momishlini-shan-ya-shifarmasindafi-ltti-pedagogika-
koriniste.html
5.http://www.rusnauka.com/34_VPEK_2012/Pedagogica/2_121613.doc.htm
ТҰЛҒАСЫ ТҰНҒАН ТӘЛІМ, ЕСІМІ ЕЛГЕ МӘЛІМ
Жаксылыкова С.М.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы, №48ЖББОМ
Дәл осы сәт арналар жырым бүгін,
Қасқыр мінез қазақтай ұлып тұрмын.
Мен қағазға сыйғыза алмаймын ғой,
Алашқа белгілі еді ұлылығың.
М.Мақатаев
Отанды сүю, туған елге деген сүйіспеншілік – халқымыздың ежелден
қаймағы бұзылмай келе жатқан тарихи дәстүрі, өмір ережесі. Тарихта
қазақ халқының өзге елге басқыншылық соғыс жүргізгені болған емес. Ал
өз елі мен жерін қорғау жолында қазақ сарбаздарының көзсіз батырлығы
мен қайталанбас ерлігін, Отанын жанындай сүйіп, көзінің қарашығындай
қорғайтынын жаулардың өздері де мойындаған. Тіпті Ұлы Отан соғысы
кезіндегі қазақ жауынгерлерінің нағыз патриоттық ерлігі туралы көрнекті
жазушы И. Эренбург өзінің 1942 жылы жарық көрген «Қазақтар» деген
очеркінде бойлары 160 см төңірегіндегі қорку дегенді білмейтін қазақ
жігіттерінің қайсар ерліктері мен табандылығы фашистерге қатты үрей
туғызатынын жаза келіп: «Бір фриц маған: – Бізге қарсы аса қорқынышты
солдаттар тап болды – оларды ешқандай оқ та, от та тоқтата алмады, олар
тура бізге қарсы жайпап кетерліктей жүгірді», – деді деп, ерекше таңданып
жазған еді.
«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» дейтін
қазақ халқының ерлік рухы мен дәстүрі – елге деген сүйіспеншілікті ең
биік құндылық етіп санауында болса керек. Бұл турасында тұңғыш
Елбасымыздың мына сөздері дәйекті ақиқат бола алады: «Менің бабалары
батыр, аналары дана халқым бар. Тағдырдың талай тауқыметін мойымай
көтерген, өмірдің небір шырғалаң кезеңдерінде небір аласапырандарды
басынан кешірген төзімді халқым бар… Талай жаудың меселін қайтарып,
ел іргесін сөгілтпей, жерін жауға бермей, аман алып қалған батыр халқым
бар». Елбасымыздың бұл тебіреністі сөздері қазақстандықтарды патриот-
тық рухқа шақырады. Патриотизм дегеніміз – әке-шешеңді құрметтей білу;
ауыл-аймағыңды ардақтай білу; өз ұлтыңды сүю, ана тіліңді ардақтау; өз
халқыңның өткен жолын (тарихын) құрметтеп, оған тіл тигізбеу; өз
отаныңды жаудан қорғау екендігін кезінде Бауыржан Момышұлы ұрпаққа
өсиет етіп кеткен.
127
Бұның бәрі де, түптеп келгенде – патриотизм құрамдастары. «Патриотизм
– Отанға, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу –
міндет, патриот болу – парыз» деген Бауыржан Момышұлының сөздері
бар.
Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары –
патриоттық өсиет. Бауыржан Момышұлының өнегелігі сол, ол – елі мен
туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта
жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер.
Бауыржан Момышұлы өмір сүрген заман айқас пен шайқасқа толы
дүрбелең еді. Ұлы Отан соғысы тап болды. Соғыс – елдік пен ерлікке сын.
Бауыржан халқының ерлік, адамгершілік, әділдік рухымен өзі де
қаруланды, сарбаздарын да сол рухқа шақырды. Оның адалдығы
азаматтығымен ұштасып жатты. «Ар, намыс, адамгершілік, ақ ниет,
адалдық – алдымызда темір қазықтай жарқырап, шөлдегенде сусын,
қалжырағанда қайрат, шаршағанда шабыт, ашыққанда арымызға ақ
малтадай азық, белімізге тірек, көңілімізге қорек, болдырғанда ұстап
мінген төл атымыздай болды,» – деп жазды батыр-жазушы. Қазақ
халқының жауынгерлік салт дәстүрі, жаужүрек батырлығы мен ерлігі,
қаһармандығы, қолбасшылық қабілет-дарыны, әскерлерді ерлік жасай
білуге жұмылдыра білу қасиеті, шешендігі мен әмір ете білу құдіреті
Бауыржанның қолбасшылық тұлғасында ерекше толымдықпен көрініс
тапты.
Бауыржан Момышұлы өзінің «Москва үшін шайқас», «Генерал
Панфилов», «Қанмен жазылған кітап» т.б. кітаптары арқылы ұрпақтарды
отансүйгіштікке тәрбиелейтін бас тәрбиеші де бола алды. Оның «Ел
дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Тәрбиелі адам –
тәртіптің құлы, тәртіпті адам – елдің ұлы», «Отан үшін отқа түс –
күймейсің!» т.б. өсиеттері Отанды қастер тұтуға шақырады. Батыр
Бауыржан жастарға адамгершілік пен ерлікті өсиет етіп, келешек ұрпақтың
елін, отанын, халқын шын сүйген ерлер болып қалыптасуын қалады.
Атақты генерал И. В. Панфилов Бауыржан Момышұлының халқына, еліне
адалдығын, шынайы отаншылдық сезімін құрметтеп, мақтан тұтып кетті.
Орыс жазушысы Александр Бек соғыс кезінің өзінде-ақ «Арпалыс»
(«Волоколамское шоссе») романын жазып, патриотизмнің үлгісі ретінде
Бауыржан Момышұлының мәңгі өлмес қаһармандық бейнесін жасады.
«Айығар соғыс өрті, жылдар өтер, Ер халық ер ұланын жырлап
өтер», – деп ақындарымыз айтқандай адамзат тарихында, халық жадында
мәңгі өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ұл-
қыздарының көзсіз ерліктері мен қаһармандық істері ұрпақтан-ұрпаққа
ұдайы жырлана берері сөзсіз
Қазақ тарихында елін, жерін қорғаған талай қаһарман тұлғалар, яғни
батырлар дүниеден өтті. Олардың есімі еш уақытта халық санасынан
өшкен емес. Халық өз батырларын мадақтай білді. Олар жайында көптеген
аңыз- әңгімелер, жырлар жазылды. Ғасырдан-ғасырға, ауыздан-ауызға
128
жырланып жеткен жыр, әңгімелерде сол кезеңнің тарихы, батырлардың
ерліктері сөз болды. Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Қасым, Кенесары,
Наурызбай, Ағыбай Сырым, Исатай сынды батырлар туған топырақта
Бауыржан Момышұлы дүниеге келді. Осындай қасиетті топырақтан
шыққан, ата-баба дәстүрін ұстанған Бауыржан да қаһармандығымен көптің
ортасынан жеке даралана білді.
Бауыржан Момышұлын тарихи тұлға дейміз. Өйткені ол кісінің есімі
Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерлігімен бүкіл Кеңес Одағына
танылды
Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы.
Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс
шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен
тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі
болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы
емес, белсенді қатысушы. Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы
перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын
біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында
жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір
сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі
қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана
құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені,
өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең
түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар
бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен
жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені,
жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Б.Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны
байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы,
батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабынан оқып білдім.
Б.Момышұлының айтып кеткендері жетерлік. Бауыржан Момышұлының
әрбір айтқан ұлағатты сөздері біздер үшін қымбат. Ең үлкен бақыттың бірі-
Отанына, еліне, халқына қадірлі болу. Қай заманда болмасын, ер
азаматтың қадірлі болмағы ел-жұртын жаудан қорғап, айрықша ерлік
көрсетіп, халқының қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңіріп, ерлігімен
көзге түсіп, даңқ пен абыройға кенеліп, халқының сүйіспеншілігіне
бөленуден көрініс табады. Ел тұлғалары- әрбір халықтың көркі,
мақтанышы. Мен де Отаныма адал қызмет істеп, оның көркеюіне өз
үлесімді қосып, елімнің сүйіспеншілігіне бөленуге тырысамын.
Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, менде екі бейне көз алдыма
келеді: бірі-батыр, екіншісі - жазушы. Менің де мақсаты - бойымдағы
қасиеттерімді тек жақсы жағынан көрсетіп, Бауыржан атамдай жан-жақты
болу, әр нәрсенің өз бағасын жақсы түсініп, шын бағасын бере білу.
Қорыта айтқанда,
Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар,
129
Өзіндік парасатты байламы бар.
Баукеңнің ерліктері өз алдына
Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар
Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,
Болмайды ешқашан да төмен бағаң
Талай жыл, талай ғасыр өтсе –дағы
Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.
Бауыржан атамыздың даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге,
ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Бауыржан атамыздың даңқымен,
рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ
болмайтыны айдан анық.
Маңдайдағы наркескеннің өзісің
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің,
Халқыңменен біргесің сен, жан ата,
Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің!
Достарыңызбен бөлісу: |