«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет74/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171
Пайдаланылғын әдебиеттер: 
1. Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармашылық жинағы. – 
Алматы: «Өнер», 2010.
2. Нұршайықов Ә. «Ақиқат пен аңыз», – Алматы: «Жазушы», 2009. 
3.Ким Серікбаев «Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» 
БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ 
Альжанова М.Ж., қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия
Бауыржан Момышұлы - даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғарғы әскери 
академиясының профессоры, ұлтын сүйген патриот болуымен қатар, қазақ 
халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы. 
Оның өнегелі өмір жолы, әскери портреті талай қаламгердің қаламымен 
өрнектелгені белгілі.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық 
шеберлігін халқымызға мойындатқан алғашқы шығармасы.
Бауыржан Момышұлының тұлғалық болмысы халықтық педагогика 
негізінде дамытылып, патриоттық тәрбиені саналы меңгеруден тұрады. 
Бауыржан Момышұлына алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен 
басты фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы. Сондықтан да, Бауыржан 
Момышұлының өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктер қарымды қаламгердің «Ұшқан 
ұя» еңбегінде кеңінен қамтылған. Өйткені, шығармадағы күллі дүние 
батырдың қабылдауы, сезім-түйсігі арқылы өтеді. Бұған қоса, повесте 
автордың 
балалық 
шағы 
қамтылады, 
демек, 
онда 
Бауыржан 
Момышұлының қалыптасу, шығармашылық процесі көрініс тапқан.
Белгілі ғалым-сыншы М.Қаратаев сөзімен келтірсек: «Бұл 
Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен, тәрбие алған ортасын 
суреттеген өмірбаяндық 
шығармасы. «Ұшқан 
ұяда» 
Бауыржан 
Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть 
жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, 
өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. 
Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі 
өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген 
Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. 
Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген 
тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан 
түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен 


123 
шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. 
«Ұшқан ұяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық 
шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің» [1, 339-340].
Біздіңше, бұл тұжырым – көрнекті туындылардың бірі «Ұшқан ұяға» 
берілген әділ баға. 
Аталмыш шығармада Бауыржан Момышұлы өз ортасынан алған 
тәрбиесін өзіне ғана тән көркемдік дәлдікпен суреттеген. Бұл шығарманы 
оңтүстік қазақтары туралы нағыз этнографиялық шығарма десек артық 
айтпаймыз. Өзге жұрт, кейінгі ұрпақ қазақ халқының бай салт-дәстүрін 
«Абай жолынан» оқып-білгендігі анық. Алайда бұған қоса «Ұшқан ұяны» 
оқыған адамның қазақ туралы пайымы одан да нақтылана түсетіні ақиқат. 
Жазушы «Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында көрген, куә болған, 
есте қалған оқиғалар арқылы жалпы сол тұстағы әлеуметтік кезеңді, 
қоғамдық өмірді суреттеу мәселелерін басты міндет етіп қояды. Қаламгер 
өзінің ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі 
өмірін еркін әңгімелейді. 
Повесте қазақ ауылының көрінісі байыпты да терең бейнеленеді. 
Шығармада кеңестік идеологияның ыңғайына бейімделген, идея үшін 
боямаланған, қазақ өміріне қисынсыз келетін, ойдан құрастырылған 
оқиғалар кездеспейді. Бауыржан Момышұлы өзі өмір сүрген дәуірді 
шыншыл суреттеп, бастан өткенді ой елегінен өткізіп, өмір сыйлаған 
қуанышты, қиындықтарды шыншылдықпен жаза алды. 
Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он 
алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі 
тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы 
жылдары кеңінен қамтылған.Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» 
кітабы нағыз ұлттық шығарма.«Ұшқан ұя» сан қырлы, алуан бедерлі, 
айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда ол анау айтқандай көлемді 
дүние емес, бірақ «кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» 
дәл өзі. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, «Біздің 
отбасы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай 
Иманбеков «Ұшқан ұя » деп атаған. Бауыржанның бұл шығармасы алғаш 
рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. Бұл 
шығарманың ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. 
Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың нағыз қазақы 
қалпымыздың қалыбынан шыққан. Бауыржанның әжесі «аса ажарлы, ақ 
дидарлы кісі екен», ал атасы «қазанның түп күйесіндей» қара болыпты. 
Әжесі немерелерін жиіркенбей сүйетіндей болып туғанын қалап, 
балаларына ай көрікті, ақ перизатқа үйлен деген талап қаяды. Содан да 
ұлының үлкені - Имаш 33 жасында бірақ үйленеді. Қазақ перзентінің бәрін 
жақсы көрген, бірақ ұл баланың жөні бөлек болған. Әбден күттіріп барып 
дүниеге төрт қыздан кейін Бауыржан келеді. Бауыржан атасының батасы 
дарып, өсиет-тілегін орындаған азамат болып өседі. «Ұшқан ұядағы» 
жылы сезім, шуақты көңілдің нұрынан жаралған образ деп, Бауыржан 


124 
Момышұлының әжесі Қызтумастың образын айтамыз. Бауыржанның әжесі 
айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының 
бәрін бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына дарытпаған ақылды, 
қайсар, саналы да саялы әзиз ананың образы болып шыққан.
«Ұшқан ұяда» әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар
болмысы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы 
мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін 
үлкен сүйіспеншілік сезіммен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің 
жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан 
етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты 
адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, 
зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия 
қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. 
Бауыржан Момышұлы дүниеге келгенде атасы Имаш алақан жайып 
ел қарияларынан бата сұраған екен. - Төл немерең, бел немерең ғой. Бата 
жөні де өзіңдікі, - десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабасы былай деген 
екен: Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы болсын, құлыным - Қойнауы 
суға мол еді - Бұлағы болсын, құлыным. Елінің тілегі зор еді - Шырағы 
болсын, құлыным. Ата тілегі оң еді - Құмары болсын, құлыным. Бұл жер 
батырлар төрі еді -Сыңары болсын, құлыным. Аталы батамен Бауыржан
биік тұлға боп қалыптасқан-ау шамасы. Жарық дүниеге келгеніме екі-үш 
ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына 
әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен. Ағасының 
қолын ұзартып. қолғабыс беруге келді, - депті шешем ізетпен иіліп. Атам 
еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып: Құрық деп 
берсем - құл болма, Шыбық деп берсем - шіл болма. Бәрінен де, шырағым, 
Баяны жоқұлболма, - деп келініне мені қайтарып берген екен. Атасы мен 
алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге 
болсын деп әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын 
қайта қосыпты.
Шығармадағы тағы бір жайт... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл 
ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем 
дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да 
құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» - 
деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта 
біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып 
тұрып: «Ассалам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, 
әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өйткені мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір 
ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан 
сипап мақтады. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала 
жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге 
кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», - 
дейтін. Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. – Кімнің 
баласысың? - деп сұрайтын ол. - Мен Момыштың ұлымын. – Момыш 


125 
кімнің баласы? - Момыш - Имаштың баласы. Осылайша жеті атаға дейін 
жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. 
Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы 
ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген. Әжем малдың 
«тілін» ұғуды үйретуші еді. - «Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын 
кісінейді, бота көзі мөлдіреп ақсайды, қодық ақырады...» Әжем маған 
зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл 
сұңқар жайлы ертегілер айтатын... 
Міне, шығарманың қай тұсын алсақ та, тұнып тұрған тәрбие. 
Баланың таным-түйсігіне әсер ететін оқиғалар. Ендеше, баланың басты 
ұстазы – ата-анасы демеске шара бар ма?! 
8-сынып оқулығында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» 
әңгімесі 8 сағатқа берілген. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-
қатынасының тілдік көрінісін талдау; әдеби шығарманың идеясы мен 
пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; әдеби шығарманың жанрына 
байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау; 
композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; 
шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, 
перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, 
автор стилін анықтау; көркем шығармалардан алған үзінділерді өз 
көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану; шығармадан алған
үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу; шығарманың тақырыбы мен 
идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығын бағалау; шығарма бойынша жазылған әдеби сын-
пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу; шығармадағы 
материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, 
жаңашылдығына баға беру; шығарманың көркемдік идеялық құндылығын 
гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу сынды мақсаттарды қамтып, 
оқушыға шығарманы толық түсініп, кеңінен таллдауға мүмкіндік береді. 
Ойымызды түйіндесек, «Ұшқан ұя» патриоттық рухқа тәрбиелейтін
таптырмас 
туынды.Бауыржан 
Момышұлының 
шығармаларының 
құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, 
жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден 
қорықпайтын, оның қандайын болса да, жеңе білетін күрескерлік рухта 
тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. 
Әсіресе, мектеп оқулығына енген «Ұшқан ұя» шығармасы арқылы 
оқушыларға ұлттық тәрбиені тереңірек сіңіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет