«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет81/171
Дата22.04.2022
өлшемі2,42 Mb.
#140462
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   171
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» 1974 ж, 14-б; 
2. Бауыржан Момышұлы «Ұлы тұлғалар» сериясы, Алматы 2011ж.
3. Еркін Жаппасұлы «Бауыржан Момышұлының мақал-мәтелдері, қанатты 
сөздері» 
4. Бауыржан Момышұлы «Ұлы тұлғалар» сериясы, Алматы 2011ж.
5. Көпжасар Нәрібаев «Ұлтымыздың ұраны болған ұлы тұлға»
 
ҚЫРАН МІНЕЗДІ ҚАҺАРМАН БАТЫР 
Орындаушы: Муканова Диляра Сапаровна 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Аяукан Батархан., тарих пәнінің мұғалімі 
Қарағанды қаласы, «№68 мектеп-интернат» КММ 
Аты аңызға айналған қазақ елінің акиық қыраны Момышұлы 
Бауыржан (1910-1982жж)-екінші дүниежүзілік соғыстың даңты 
жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Атамыз 7 
жылдық мектепті бітіргенннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда 
жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, түрлі әскери 
бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Екінші 
дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. 
Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 
316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, 
полк командирі қызметтерін атқарады.
Өздеріңіз білесіздер, Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. 
Сол 1418 күн мен түнде бастан аяқ соғыс ауыртпалығын көріп
қиыншылықтарын басынан кешірген командирлердің бірі еді. Бұл 
соғысқа 200 рет рет қатынасып, тозақтың отына бетпе-бет келді. Сол 
шайқастарда 4 рет өзінің батальонының бірде-бір адамын шығын етпей, 
тұтқынға түсірмей, аман-есен өзінің дивизиясына алып келе білді. Ұлы 
Отан соғысында мұндай ерен ерлік жасаған адамдар сирек. 5 рет қоршауда 
қалып, бұзып-жарып шыққан. 7 рет жарақаттанып, 3 рет контузия алған 
Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне
аңыз болып тарады. Атамыздың осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс 
жазушысы Александр Бек «Волоколамское шоссе» қазақшасы «Арпалыс»
повесін жазады.
Мәселен, Мәскеу түбіндегі нағыз қысылтаяң шақта: «Крюковадан 
шығысқа қарай жер жоқ!»-деп картаның жартысын қылышпен шауып 
тастаған екен.
Соғыстан кейін Баукең Кеңес Армиясы Бас Штабының Жоғары
әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен 
айналысады. Қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде 
көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын 


140 
арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының
іздеп оқитын шығармаларына айналды. Оның кітаптарының жалпы 
таралымы 2 миллионнан асып кеткен еді. Баукеңнің кітаптары Кубада 
және Израилде 20 рет, Польшада 15 рет, Чехословакияда 13 рет басылып 
шыққан. 
«Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы 
да, қайраткерлігі де, жазушылығы мен ойшылдығы да дұрыс бағаланған 
жоқ. 45 жыл бойы батыр атағына 2 рет ұсынылса да берілмейді. 
Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл «Жоғарғы тактикадан» аға 
оқытушы болып, қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті. 13 
жыл генералдық қызмет атқарды. Бірақ генерал шені берілген жоқ. 
Аңыз адам, батырдың бейнесіне көз жүгіртсек оның көз жанарының 
оттай өткір, бадандай үлкен екенін байқаймыз. Көз көргендерінің айтуы 
бойынша соғыс кезінде немесе ашуланған кезде бұл көздер найзағайдың 
отындай жарқылдаған. Бұл Бауыржан батырдың ең басты ерекшелігі.
Әрбір уақытын есептеп жүреді. Жас кезінен кітапты көп оқыған. 
Үлкендерді сыйлаған. Білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты 
мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын 
қиюға дайын тұрған. Игерген өнерлері көп. Атап өтсек: 
- Құралайды көзге атқан мерген; 
- Турникке және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен; 
- Ат құлағында ойнайтын шабандоздығы мен атбегілігімен аты шыққан; 
- Москва түбіндегі шайқастағы атақты ақ боз аты туралы аңыз әңгіме көп
- Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық 
нәтиже 
көрсеткен. 
Нағыз қаһармандарды 
тәрбиелеген 
және 
жауынгерлерінің «Батька» «Ақсақал» дегендей қошеметіне ие болған; 
- Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Генералдарға сабақ 
берген ұстаздығы да бір төбе. «Бауыржан Момышұлының соғыс 
тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында 
оқытылады. Және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның
әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша
дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз
білгірі деуге болады. 
- Кітабы әлемге тараған жазушы. (Кубадағы қолтаңба қоюы) 
- Көпшілікке белгісіздеу өнері суретшілігі (Анасының өзі салған суреті) 
- Бильярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқтатпай торға тоғытқан
сәттерін ескерсек, бүгінгі ең мықты бильярдшылармен бәйгеге
түсетіндей қабілет иесі. 
- Сөзге шешен және тапқыр.
Бақытжан Момышұлының «Восхождение к отцу» кітабындағы
Баукеңнің парыз туралы айтқан ойлары терең тамырлы дәлелдерімен 
назар аудартады. Келіні Зейнеп Ахметқызына «Мені аударам деп қаратер 
болмай-ақ қой» - дейтін аталы сөзін қаперге ала отырып, орысша мәтінін 
қаз-қалпынша ұсынуды жөн көрдік. 


141 
«... Каждый должен хорошо выполнять свой долг на своем месте. Сейчас 
ваш долг – добросовестная учеба и надо учиться не только языку и 
педагогике, но и трудолюбию, честному отношению к делу. В этом 
прочный залог будущих успехов, спокойной совести, Малый долг, 
который обернется большим.» 06.12.1947 жыл Красноярскіде жазған мына 
өлеңінде:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,- 
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде 
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде – дейді. Байқап қарасақ, «Сексен
мен жүздігімді» деген атаулы сандардың астарында үлкен мән жатыр. Неге 
десеңіздер, 80 жылдығында Бауыржан атамыз Кеңес Одағының Батыры 
атағын алып, халқымен қайта қауышса, 100 жылдық мерейтойы 
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді.
Осы мерейтой қарсаңында Бақытжан аға мен Зейнеп жеңгеміздің 
және немересі Ержан Момышұлының арнайы сарапшылық етуімен 
«Өнер» баспасының директоры, жазушы, «Қаһарман Бауыржан 
Момышұлы» атты фотоальбом жобасының үйлестірушісі Әшірбек 
Көпіштің басшылығымен бес бөлімнен тұратын 2000 данадан асатын 
құнды суреттер жиынтығын арнайы альбом етіп шығарылды.
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 
жыл толуына орай Ресей елордасындағы мектептердің біріне батырдың 
есімі берілді. Мұндай бастаманы сол кездегі Қазақстанның Ресейдегі 
елшісі З.Тұрысбеков пен Мәскеу мэрі Ю.Лужковтың кездесуінде 
көтерілген болатын. Батыр атамызға мәскеуліктердің құрмет көрсетуі 
орынды. Б.Момышұлы 1941 жылы Москва түбіндегі сұрапыл
шайқастарға қатысып, қайсарлық пен ерліктің ерен үлгісін танытқан 
болатын. Бір айта кетерлігі, бұған дейін Мәскеудегі №189 орта мектепке 
Әлия Молдағұлованың есімі берілген екен. Кездесу барысында Қазақстан 
жағы осы мектепті заманауи үлгіде жарақтандыруды және күрделі 
жөндеуден өткізуді мойындарына алатындықтарын мәлімдеді.
Өмірде білген-түйгені көп Бауыржан атамыз халық ауыз әдебиетін 
қастерлеген, соны терең білген. Оның өлеңдерінің батырлар жырына ұқсас 
болу себебі де сонда жатса керек. Атамыздың ел аузында жүрген мақал-
мәтелдері өте көп. Енді кезекті соған берсек: 
Отан үшін отқа түс-күймейсің. 
Ерлік елеусіз қалмасын. 
Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді. 
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. 
Тәртіп – тән үшін,
Ынтымақ – жан үшін керек. 
Тәртіпке бас иген – құл болмайды, 


142 
Тәртіпсіз – ер болмайды. 
Ерлік – елдің қасиеті, 
Жүректілік – жігіттің қасиеті. 
Тірескеннің тізесін бүктірген – ер, 
Белдескеннің белін сындырған – ер, 
Жағаласқанның жанын жаһанамға тапсырған – ер. 
Тізе бүгіп, тірі жүргеннен,
Тіке тұрып өлген артық. 
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға. 
Тексізден – тезек артық,
Арсыздан – айуан артық. 
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл 
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан халқын сүйген, 
ұлтын сүйген, ана тілін қастерлеген:
Көшеде бояу ерін сылқылдаған, 
Былдырлап орысшалап жырқылдаған. 
Ұмытып ана тілін, салт-санасын, 
Не қалды тілімізде жыртылмаған?-деп ана тілінің жағдайына сонау 
1944 жылы алаңдаушылық білдірген екен.
Б.Момышұлының «Офицер күнделігі», «Москва үшін шайқас», 
«Майдандағы кездесулер», «Біздің генерал», «Ұшқан ұя», «Куба әсерлері» 
тағы басқа романдары, әңгімелері және Баукең жайлы жазылған 
естеліктер, мақалалар, көркем шығармалары сан алуан. Оған А.Бектің 
«Арпалыс», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Мекемтас 
Мырзахметовтың «Батыр Бауыржан», З.Ахметованың «Шуақты күндер» 
тағы басқа шығармалары бізге рухани азық. 
«Менің рухым!»-Жаужүрек Бауыржан бабамыздың осыдан 65 жыл 
бұрын ойран болған Отан үшін шайқас барысында көрсеткен жанқиярлық 
ерліктері! 
«Менің рухым!»-«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген нақыл 
сөзді ұстанып, осы қағиданы азық етіп өмір сүрген Бауыржан атамыздың 
өжеттігі мен өр тұлғасы!» 
«Менің рухым!»-дивизия командирі Бауыржан ағамыздың сұрапыл
соғыс жылдарында қан кешіп жүріп, қазақ тілін жоғалтып алмау жайлы 
жазып кеткен әрбір өсиеті!»
«Менің рухым!»-Ержүрек Баукең аңсап өткендей, қазақтардың бір –
бірімен қазақша амандасуы, іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуі! 
«Менің рухым!»-Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы 
армандап, алайда көре алмай кеткен қалаларымыз бен ауылдарымыздың, 
даңғылдарымыз бен көшелеріміздің қазақша аталуы! 
«Менің рухым!»-«Фамилияңызды Момышов деп өзгертейік» 
дегеніне көнбей, оны «қорлау» деп түсінетінін қорықпай айтып, 
«Момышұлы» деген фамилиясын сақтап өмірден өткен Атамыздың 
табандылығы! 


143 
«Менің рухым!»-Атасы Бауыржан Момышұлының өсиетіне адал 
болып өсіп, намыстарын ешқашан да, ешкімге таптатпай, Желтоқсан 
көтерілісінде өмірлері қиылып, қыршын кеткен ұлтымыздың ұл-
қыздарының қайсарлығы! 
«Менің рухым!»-Кескін-келбеті мен кесек тұлғасы маршалға
бергісіз Бауыржан секілді жүрек жұтқан ұлды дүниеге әкелген ҚАЗАҚ
деген қаһарман ұлттың лайықты перзенті болу! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет