114
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың ұлы,
ержүрек қолбасшысы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр
Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып
кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны
ерекше. Оның өнегелі өмір жолы әскери портреті талай қаламгердің
қаламымен өрнектелгені белгілі. Олардың ішінде әдеби көркем
шығармаларымен қатар естеліктер, нақыл сөздері, ғылыми еңбектер де
кездеседі. Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа
тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер,қанатты сөздерін қалдырған.
Б. Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес
мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз
ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын оның қандайын болса да, және
білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп
өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих.
Достарыңызбен бөлісу: