Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет21/56
Дата06.06.2023
өлшемі348,27 Kb.
#178356
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

2. ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Өндірістік практикадан өтудің мақсаттары мен міндеттері:
Өндірістік практикадан өтудің мақсаты: пәндер бойынша теориялық білімдерін тереңдетіп, бекіту, кәсіби шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Өндірістік практикадан өтудің негізгі міндеттері:
- педагог-психолог функциясын орындауға қажетті кәсіби шеберлік пен дағдылар жүйесін қалыптастыру;
- педагогикалық үдеріс жүйесін, оларды басқару шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
- білім беру мен тәрбиенің басымдығынан туындайтын заманауи педагогикалық технологияларды таңдау мүмкіндіктерін дамыту;
- білім алушы ұжымдардың жас шамасын және психологиялық ерекшеліктерін, студенттердің жеке ерекшеліктерін болжай алуды игеру, соның негізінде олардың кәсіби даярлықтарын ұштау;
- білім алушының танымын белсендіретін әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру;
- ұжымды басқарудың әдістерін және студенттермен жеке жұмыс жасау түрлерін меңгеру;
- тәрбие жұмысын ұйымдастарудағы психологиялық-педагогикалық шеберлікті қалыптастыру;
- білім-тәрбиелік үдеріске, оның әртүрлі қырларына (жекеленген оқушылар мен ұжымдардың оқу және оқудан тыс қызметін, педагогикалық қызметті) талдау жасай алу шеберлігін меңгеру;
- куратордың тәлімгерлік функцияларымен, тәрбие жұмысының түрлері және әдістерімен танысу;
- студенттермен, әріптестермен, практика жетекшісімен тұлғалық-бағыттылықты қалыптасруды қамтамасыз ететін педагогикалық қарым-қатынас жасаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
- білім беру үдерісінде шығармашылық кәсіби ұстанымдарды қалыптастыру;
- болашақ педагогтың ішкі Мендік-тұжырымын қалыптастыру;
- педагогикалық қызмет мәдениетін қалыптастыру (сөйлеу мәдениеті, өзін өзі ұстау мәдениеті, педагогикалық қарым-қатынас жасай алу мәдениеті);
- магистранттарда педагогикалық өзін өзі тану және өз бетінше жетілу қажеттігін, өзінің педагогикалық қызметіне талдау жасай алу, түзетулер енгізу шеберлігін дамыту;
- осы қойылған міндеттерді жүзеге асыру магистранттарда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес кәсіби шеберліктері мен дағдаларды қалыптастыруды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет