3.6-қосымша
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Жеке педагог қызметінің психологиялық құрылымын анықтау мына әрекеттерді орындауды қажет етеді:
1. Педагог қызметінің жалпы құрылымындағы кәсіи маңызы бар шеберлік тізімін зерттеу, меңгеру;
2. Бақылау жүргізу бағдарламасының пән бойынша педагог қызметімен сәйкестілігі (қалыптасқан білгілі бір шеберлігін негіздеуге қажетті эмпирикалық белгілерді анықтау, нақты жағдайда көрінген педагог қызметінің ерекшелігін ескеру (ауысым, оқу тобы, жасы, студенттің жынысы). Эмпирикалық белгілер сабақ өткізілген оқу тобына, сабақ түріне байланысты белгіленеді.
3. Педагог қызметіне алдын ала бақылау жасау негізінде бақылау жүргізу сызбасын жасау (алдын ала әзірлеген сызба негізінде).
4. Алдын ала әзірлеген сызбаға сәйкес бекітілген сабақтар бойынша бақылау жасау.
5. Дайындалған шеберліктер тізімі негізіндегі сарапшының бағасы.
6. Дайындалған шеберліктер тізімі негізінде өзін өзі бағалау.
7. Нәтижелерді талдау және мінездеме құрылымын жасау.
3. 7-қосымша
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Жүргізілген бағалау шкаласын қолдана отырып, Сіз тәжірибеден өтіп жатқан педагог-психологтың, әріптестеріңіздің қызметіне әрі өзіңізге сипаттама беріңіз.
Ақпараттық-құрылымдық шеберлігін бағалау шкаласы
|
5. Студенттердің жеке тұлғалық және интеллектуалдық дамуын болжау, педагогикалық қызметке талдау жүргізе алуы.
|
|
4. Қол жеткен әзірлік деңгейін дұрыс бағалайды.
|
|
3. Оқытуды жекелендіру үшін психологиялық-педагогикалық білімдерді қолданады.
|
|
2. Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық жалпы ерекшеліктерін біледі.
|
|
1. Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық жалпы ерекшеліктерін білмейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |