Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы



Дата29.03.2018
өлшемі23,46 Kb.
#39817
  • Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
  • Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
  • Диалектика теориясының мәселелері. Эпистемиология
  • Н.Ж. НҰРМАХАНОВА
  • Диалектика термині ежелгі Грецияда (dialektіке) шыққан. Алғашқы кезде диалектиканы әр түрлі пікірлес адамдардың өзара сұхбаты, пікірталасы арқылы ақиқатқа жетудің жолы (dіаlеgо) деп түсінген. Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап тапқан - Зенон. Аристотель өз философиясында диалектиканы ықтималдық пікірлер жөніндегі ілім деп, оны дәлелдеулер туралы ілімнен - аналитикадан ажыратып қарайды.
  • Диалектика өмірдегі, табиғаттағы бар нәрсеге зейін қояды. Ол -табиғаттағы, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалектика үшін жалпы болмыстың өзі - процесс. Онда мәні тұрақты еш нәрсе жоқ. Өмір жалпы - ағым. Болмыста барлық құбылыстар өзара тікелей не дәнекерлі байланыста болады.
  • Ежелгі Грецияда мәселені осы мағынада алғаш қойған Гераклит (б. д. д. VI ғ.). Элей қаласынан шыққан Зенон әрбір нәрсенің ішкі қайшылықта екенін алғаш ашты деуге болады. Ол қозғалыстың не екендігіне тұңғыш логикалық талдау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген тұжырымға келген.
  • Диалектикалық ойлау тарихта үш кезеңді бастан кешіруде:
  • Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бүтіндіктің диалектикасы деуге болады. Бүтіңдіктің диалектикасында өлі даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философияның көптеген бағыттары болды, олардың барлығына дерлік диалектикалық ойлау тән. Толассыз қозғалысгы элеаттардан басқаларының бәрі де мойындайды, бірақ өзгеріс, әсіресе даму олардың ұғымына жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқын. Платонның бұрын айтқан мәңгілік түпкі идеялары ешқандай өзгермек емес.
  • Аспан денелері, мысалы, осындай мәңгі өзгермейтін нәрселер, себебі олардың табиғаты рухани нәрсе. Аспан денелері қатаң анықталған біржолымен мәңгі қозғалыста. Қозғалыс бар, өзгеру жоқ. Табиғаты неғұрлым жетілген, яғни ешбір кемдігі жоқ тұтастық өзгеруге тиіс емес. Тірі жәндіктер, әсіресе адамдар қатаң бір жолмен жүрмейді, олардың қозғалыс жолы бұралаңқы. Бұл олардың рухани табиғатының жетілмегендігін көрсетеді. Олар кемдігі жоқ тұтастықты әлі таппаған. Сондықтан да олардың өмірі тұрақсыз, өзгере береді.
  • Ең негізгі құндылық тұрақтылықта. Өзгермелілік - шексіз бақытсыздық. Жетілген бүтіндік, яғни қажет бөліктерінің бәрі де бар бүтіндік, мысалы қоғамдық құрылыс, адамдар үшін де, құдайлар үшін де ең негізгі игілік.
  • Бүтіндік, ол - бөліктердің жәй жиынтығы емес. Бүтіндік бәдіктерді анықтайды. Бөліктің мәні сол бүтіндіктің құрамындағы орнына байланысты, ал оны бүтіндік анықтайды, яғни сол бүтіндіктің идеясы. Бүтіндік, әрине, барлық уақытта қозғалыста, бірақ ол қозғалыс соның өзін үнемі қайта түзеп, қалпына келтіріп отыру керек.
  • Антика дәуіріндегі диалектикалық ой -бүтіндіктің ішкі қайшылыққа құрылғанын, соған сәйкес іштей терістеушілікке, қарама-қарсылықтардың бірі екіншісіне ауысып отыратынын да айтқан. Бұл әсіресе Гераклитке тән көзқарас. Антикалық диалектикалық идеяда бар нәрсені бейнелеу тиісті құндылықпен байланысып жатыр. Оларда өмірдің өзінің қандай екенін ғана емес, болуға тиіс талабын да суреттейді. Мысалы, Платон үшін бүтіндіктің идеясы өзінің өмірлік мұратын іске асырудың жолы.
  • Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі –
  • XVIII, ХІХ-ХХ ғасырлар. Оның негізін салушылар - классикалық неміс философиясы, Маркстік диалектикалық ой. Бұл кезеңдегі диалектикалық ойлау концепциялары да әр түрлі принциптерге негізделген, бірақ оларды жақыңдастыратын негізгі ерекшеліктер: даму идеясы, іс-әрекет, белсеңділік принципі.
  • Антикалық дәуір мен Жаңа дәуір философиясын жақындастыратын идея – барлық болмысты, адамды қоса, біртұтас ететін оның субстанциялық негізі. Ол субстанциялық негізді, әрине, бұрын да, жаңа дәуірде де әр ойшыл әр түрлі нәрселерден көрді. Бірақ субстанцияның барлығына күмәнданған жоқ. Бұл тұрғыдан даму идеясына сай қаңдай да болса тұтастық, бүтіндік бір негізден өрбиді.
  • Жаңа дәуір диалектикасының өзгешелігі - дүние тұтасымен алғанда да, жеке салаларын оқшау қарағанда да үздіксіз даму жолында. Қозғалыс, өзгерістердің ішкі мәні - даму. Тек даму ғана өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті тұтастыратын нәрсе.
  • Жаңа дәуірде, яғни буржуазиялық қатынастар мен өнеркәсіптің айрықша пәрменділікпен өрістеуі танымның, ғылымның қоғамдағы орнын барынша зорайтып, рухани өмірдің негізгі пішінін анықтаушы күшке айналдырды. Ғылыми емес немесе оған қайшы келетін нәрселер түкке тұрмайтын нәрседей бағалана бастайды.
  • Ғылыми ойлаудың негізгі объектісі болмыстағы заттар мен процестердің арасындағы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болғандықтан сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар шығады. Ғылыми танымда ой мен ойдың арасындағы қатаң бірінші екіншісі міндетті түрде туындайтын қатынастар жоғары бағаланады. Философиядағы ойдың еркін өрбуінің орнына ғылымдағыдай бұлтартпайтын тұжырымдар мен негіздеу алға шықты. Спинозаның этиканы геометриялық ережелердей құруы, Декарттың философиясын дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомадан ("Мен ойлаймын ендеше мен өмір сүремін") бастағысы келуі т.т. бұл дәуірде үйреншікті нәрсе.
  • Ойлаудың сезім түгіл адамның тіпті табиғаттан ада болған абсолюттік формаларының бірінен-бірі үдемелі өрбу жолымен тұтас өлімдік системаға айналуын іске асырған Гегель болды. Ол өз жүйесін философияның ғылымға айналуының шегі деп қарады. Тіпті негізгі еңбегін "Логика ғылымы" деп атады. Табиғатта, адам да Aбсолюттік рухтың даму жолындағы нақты сыртқы формаға ие болған іске асқан формалары, оның озін-өзі тануының формалары.
  • Гегельдің жүйесіндегі даму -
  • Абсолюттық рухтың Абсолюттік идеяға дейінгі дамуы. Барлық логикалық формалар, категориялар рухтың осы сапарындағы бір сәт қана ие болатын келбеттері. Әрбір бүтін құбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама-қарсы жақтар, ұмтылыстар, бағыттар бар, олар бір-бірін теріске шығарады әрі бір-бірін толықтырады. Құбылыстарда абсолюттік ішкі тепе-теңдік жоқ, сондықтан да олар үнемі қозғалыста. Гегель ішкі қайшылыққа соншалықты зор мән берген. Қайшылық, оның ойынша, өміршендіктің кезі.
  • К.Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалғастырды. Бірақ ол диалектикалық сипат адамнан, әлемнен тыс рухтың емес, табиғат пен адамның, адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диалектика ең алдымен адамның дүниені өзгерту қызметіне тән, яғни адамзат тарихында неғұрлым айқын.
  • К.Маркс және әсіресе оның бағытын жақтаушы Ф.Энгельс диалектиканы, жалпы философияны ғылымға жатқызды. Олар өз философиясын материализмге санап, өзінің философиялық көзқарастарын материалистік диалектика деп атады. Материалистік диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым. Маркстің түсінуінде қоғамдық сананы қоғамдық болмыс анықтайды, ол қоғамдық болмыс - адамдардың өз өмірін жасаудың және қайта жасаудың тәсілі. Бұл ұғымға қоғамдасқан адамдардың өзара қатынастары ажыратады.
  • Объективтік диалектика деп табиғаттағы процестердің диалектикалық заңдары, ал адам істерінде, ойлауында ол диалектика тек субъективтік деп есептеледі. Осылай түсіну Ф.Энгельстен бастау алған еді. Ал бұл Маркстің ойынан әлдеқайда алшақ. Кеңес дәуіріңде ресми қалыптасқан, марксизм деп есептелген философияның өзі де әртүрлі бағытта болды. Олардың ішінде Маркске дейінгі натурфилософияға жақындығы да бар еді. Маркстің іс-әрекеттік принципінің өзі көп уақытқа дейін алаңсыз мойындалмай келді.
  • Диалектика XX ғасырда
  • Батыс философиясында күрделі өзгерістерге ұшыраған. Кеңес дәуірінде батыстың қазіргі заманғы философиямен жеткілікті таныс болуға қарапайым оқырманды былай қойғанда, философиямен айналысатындардың өзіне мүмкіндік аз еді. Сондықтан ондағы болған өзгерістерді, тек жалпы сипаты жағынан ғана айтуға мүмкін болды. Тек соңғы он жылда ғана осы рухани қазынаға кең дәрежеде ден қойылды.
  • Батыстың, соның ішінде, әсіресе, батыс Европа ойшылдарының XX ғасырдағы негізгі ерекшелігі - жекеліктің, даралықтың, жалқылықтың дербес мәнділігіне ден қою.
  • Бірақ, мұндағы жекелік табиғаттағы, заттар дүниесіндегі жекелік емес, тек адамның, әрбір адамның өзіндік оқшау өмірі, тағдыры.
  • XIX ғасырда осы бағытты
  • бастаған жеке ойшылдар:
  • С.Кьеркегор (1813-1855)
  • А.Шопенгауэр (1788-1860)
  • Ф.Ницце (1849-1900)
  • А.Бергсон (1859-1941)
  • XX ғасырдағы диалектикалық ойды екі ағымға бөлуге болады. Оның бірі - диалектиканы тек адам өмірінің, оның іс-әрекеттерінің, жеке тағдырдың, өмірлік мәнінің, жан дүниесінің аясында қарау, соның көрінісі деп түсіну. Бұлардың алғашқы легі ғасырдың бас кезінде көрінген француз жаңа гегельшілдері Жан Валь, Ж.Ипполит, А.Кожев, жаңа гегельшіл неміс А.Либерг. Бұлар Гегельді экзистенциализм бағытымен ұштастыруға тырысқан.
  • Диалектикалық ойды осы бағытта дамытқан XX ғасыр философиясының экзистенциализм өкілдері:
  • неміс философтары К.Ясперс, М. Хайдеггер және Франкфурт мектебі өкілдері Т.Адорно, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т.б.; француз экзистенциализмінің өкілдері Ж.П.Сартр, М.Мерло-Понти т.б.
  • Аталмыш ойшылдардың көпшілігі -Ж.П.Сартр, Франкфурт мектебі өкілдері жалпы табиғатта диалектика жоқ деп есептейді. Бұл тұрғыда олар Гегельдің белгілі идеясын қолдайды.
  • Неорационализм деп аталатын екінші ағымның өкілдері Г.Башляр, Н.Малуд. Бұлар диалектикалық процестерді ғылымның, танымдық қызметтің дамуынан көреді. Диалектика жекеліктің дербестігінде емес, жалпылау қызметінің жалпы мәні бар нәтижелерінде, солардың тарихи қалыптасуында, динамизмінде деп дәлелдеуге тырысады.
  • Метафизика
  • Бұл терминді алғаш қолданған Аристотель. Бұл саланы Аристотель алғашқы философия деп атаған. Алғашқы философия бойынша сезімдермен тануға болмайтын тек ақылмен ғана мәніне жете алатын түпкі бастаулар туралы ғылым. Ғылым мен философия тарихында ұзақ уақыт білімдердің осы саласын метафизика деп атап кетті. Яғни, физикадан кейінгі білімдер саласы дегенді білдіреді. Қазіргі Батыс философиясында көбіне осы мағынада қолданылады.
  • Метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында алғаш қол-данған Гегель. Ол мұны негізінде ХҮІІ-ХҮШ ғасырлардағы ғылымға, әсіресе философияға қолданады. Метафизиканың бұл мағынасы танымдағы, ойлаудағы сыңаржақтылығы, әр нәрсенің өзгерісін, тарихи қалыптасуын ескермейді, басқа нәрселермен байланыссыз оқшау алып қарауды көрсетеді.
  • Метафизика ғылым саласында осындай қатынастың көрінісі. Метафизика Маркске дейінгі материалистерге, жалпы эмпирикалық бағытқа тән ойлаудың үрдісі. Оның ең негізгі белгісі - барлық нәрсені, әлемді өзгермейтін бір қалыпта қарау.
  • Ал бұған байланысты оның тағы бір ерекшелігі - ішкі қайшылықты мойындамау. Қайшылық, айырмашылық, тепе-теңсіздіктер бүгін нәрсенің ішінде емес, оны басқа бүтіндіктермен салыстырғанда ғана бар. Яғни олардың бәрінде сыртқы бір күш бар. Қозғалыс бар, бірақ ол өзгерістерге апармайды. Бұл тұрғыдан әлем пайда болмайды және жоғалмайды, немесе оны жасайтын сыртқы бір күш бар. Әрбір заттың қозғалысы сыртқы бір күштің ықпалының нәтижесі.
  • Философиялық үрдіс болғандықтан метафизика да диалектика сияқты белгілі бір адамдық құндылықтармен байланысты болуы тиіс. Философиялық үрдістер ретінде диалектика да, метафизика да өмірге бейтарап бола алмайды. Олардың әрқайсысы адамға өзіне қалай өмір сүру керектігін өмірдің бір жобасын (моделін) ұсынады.
  • XX ғасырдағы француз ойшылдарының бірі Жан-Поль Сартр: әрбір адамның өмірі - оның өзінің жобасы, оның бүкіл адамзатқа ұсынатын өмірлік үлгісі дейді.
  • Зейін қойып,
  • тыңдағандарыңызға
  • рахмет !!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет