Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Дина Караевна



бет3/5
Дата29.06.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20606
түріСабақ
1   2   3   4   5

«Биші фонтан» видео

Видео

Үйге тапсырма

44-бет оқу, тәжірибе жасау. Суға байланысты тыйым сөздер, мақалдар жатта.

Күнделікке жазып алады.

Бағалау

Оқушы берілген критерилер бойынша өздерін өздері бағалайды.

Сабаққа белсене қатысып отырған оқушылардың қорытынды бағасын қоямын.



Күнделікке баға қойылады.

Рефлексия

«Білемін»

«Білдім» оқушы өз ойын айтып бөліседі.

«Білгім келеді»


Білгісі келетінін стикерге жазып жапсырады.

Дүниетанудан ашық сабаққа рефлексиялық есеп.

7.12.2015 ж дүниетану пәнінен «Су еріткіш. Суда ерімейтін заттар» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабаққа оқу ісінің меңгерушісі Жумабекова Б. Ө және бастауыш сыныптың мұғалімдері: Жолдасова Ш.А, Аханова Г.К, Жарлығасынова Г.К, сонымен бірге химия пәні мұғалімі Аханова Г.К қатысты.

Сабақты психологиялық ахуал тудырудан бастадым. Ол үшін оқушылар шеңбер жасап тұрды. Содан кейін өздерінің тілектерін табиғат құбылысына теңей отырып айтты. Мысалы: қардай аппақ болайық, гүлдей жайнайық, ағаштай мықты болайық, жолбарыстай жылдам болайық деген сияқты теңеулер айтты.

Содан кейін оқушылар ұсынылған қағаздарды алды. Сондағы суреттер арқылы топқа бөлінді. Олар мынадай топтар болды: ағаш, жаңбыр, қар, бұлт. Әр топ өздері жайлы білетіндерін айтып ортаға салды.

Қызығушылығын ояту бөлімінде жұмбақтар жасырдым. Жұмбақтың шешуі болынша да ойларын ортаға салды.

«Кластер» әдісі бойынша су туралы білетіндерін постерге жасап қорғады. Сол кезде оқушылар судың үш күйін еске түсіріп қайталап кетті.




Судың күйін қорытындылау үшін семантикалық картаны топтаса отырып, толтырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет