195
в виде эллипса; они суть болыпие и малые, но фигурно одни другим
совершенно подобны. Все они развалились до основания. При входе у стен
были по две крупные башни, на середине двора были врыты толстые каменные
плиты для стрельбы из-за оных».
18
Бұл жерде «қамал» жөнінде сөз болып отыр.
Броневский, басқа да авторлар сияқты қазақтардың атауымен олардың пайда
болуын қалмақтармен байланыстырады.
19
Шын мәнінде бұл құрылымдар
қалмақтарға дейін пайда болған. Бекініс қоршау- қамалдардың пайда болуы
қалмақтардың тарихымен байланысты емес, олар қалмақтардан бұрын ерте
пайда болған. Жартылай отырықшы қыстаулар орта ғасырларда аула және
қора (қура) деп атала бастайды. Бұл кезде аула сөзінің мағынасы кеңейгені
байқалады, оның ұғымы қорымнан қыстауға дейінгі аралық дегенді білдіреді.
Олардың арасындағы айырмашылық мынада, аулаға киіз үйлер, арбалар,
шошалалар ғана емес, сондай-ақ мал қамайтын қаша сыйған, сондықтан
қорадан қарағанда ауланың көлемі үлкен болды.
«Қора» сөзі «аула» сөзі сияқты қорғау мағынасын береді. «Қора» сөзінің
қорымның қарапайым түрі «қоршау» және қорғаныс қабырғасы бар қамал -
«қорған» сөзінің түбірі бір.
Орталық және Солтүстік Қазақстанда ауа-райы қатты аймақтарда
қорымдар, бұрынғы замандағы сияқты тастан, шикі кірпіштен немесе шымнан
тұрғызылған. Қарқаралының жанындағы алып қорым туралы М.Красовский
былай жазды: «К югу от селения тянется стена довольно значительной высоты,
в иных местах около 5 аршин и толщиной 2 аршина. Отсутствие башен и
пристроек, огромное пространство, занимаемое стеной, указывает на то, что
внутрь огороженной площади сгонялся скот».
23
Тас қорымдар кей жерлерде
бүкіл қойнау арқылы бір жартастан екінші жартасқа өткен. Кейбір ғалымдар
осы тас үйінділерінің адам қолының ісі екендігіне күмән келтіреді. Осындай
қорымдар жабайы аң аулау кезінде оны қамау үшін жасалған деген пікір бар.
Достарыңызбен бөлісу: