Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет126/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Жартас 

 тау
. Атау «тасты жар» деген мағынаны білдіреді.
Жауыр
– таулы мекен. «Жауыр» атауы сол бір мекенжайдың кедір-
бұдырлығын меңзейді.
Керегетас
– Сарыарқада жиі кездесетін атау, мағынасы тау қыраты, тік 
құлама жартас немесе тау төбешігі. 
Қаражар 
– жардың түсіне байланысты айтылған болу керек.
Қарақойтас
– жеке шоқылардың аты. Атау қазақша «қара» және көлемі 
қойдай тастарды атау сөздерінен қалыптасқан (салыстырмалы – түйетас, 
арғымақтас). 
124
Тоғжанов Е., Аршабеков Т. Атамекен. оқу құралы. – Қарағанды, 2002.


223
Қожар
- Нұраның оң жақ жағасындағы шоқы. Атау шоқының үсті бұжыр-
бұжыр, кедір-бұдыр болғандықтан солай аталған. 
Қызылтау
- тау аттары. «Қызғылт түсті палеозой граниттерінен түзілген 
таулар». Түске байланысты атау. 
Қызылжар
– жар өзеннің жағасының тік болып опырылып қалған жері. 
Жардың өңін «қызыл» сөзі білдіріп тұр, топырақ бетінің реңімен байланысты. 
Қызғылт қоңыр, сортаң топырағында әр түрлі дала өсімдіктері өседі. Қызылтау 
– тау аттары. 
Қотыр Қызылтау
– таудың жерін жамылған тас қабатына сәйкес аталған. 
Қотыр Қызылтау – етегі жер, ал төбелері тасты болғандықтан жер солай 
аталады. Қожыр тау, кедір-бұдыр тас мағынасында түркі сөзі. 
Қожыр
– Нұраның оң жақ жағасындағы шоқы. Бұл атау шоқының 
бітімі бұжыр-бұжыр, кедір-бұдыр келетінін білдіреді. Темір мағыналы кені 
кездесуіне қарай тау жынысы қызыл реңді болып, соған қарай жер өңі де 
қызыл болуына байланысты Қызылтау аталады. Қотыр, яғни жері ұсақ тастар 
қабатымен жамылған. 
Керней
– тау әрі елді мекен аты. Керней – үрмелі музыка аспабы, немесе 
кісі аты.
125
Қушоқы 
– ағаш-ормансыз тау төбесі. 
Оғыз төбе
– тау. Оғыз тау, Оғыз төбе Қазақстан жерінде жиі кездесетін 
атау. Бұл атаудың шығуы, тарихи тұлға Оғыз /Уыз/ ханмен және оғыздық 
этноспен байланысты болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет