РАЙЫС
–
елді-мекен.
Жаңаар. ауд.,
Отаутас тауының солтүстік жағында.
Ақтауды мекендеген Алтай Сайдалы руының беделді ел адамының есімінен
қойылған атау. Раис сөзі араб тілінде – «1. төраға, бастық, 2. шариат заңдарының
орындалуын қадағалайтын шенеунік» деген мағынаны білдіреді [Джанузаков
Т., б.154].
ТҮГІСКЕН
–
елді-мекен, с/о.
Біздің ойымызша,
Түгіскен атауының
мағынасы «түгі өскен» емес, қазіргі «түйіскен» сөзінің фонетикалық көне
формасы ретінде бірнеше өзен, судың немесе елдің бір жерге келіп, қосылған,
түйіскен жері деген ұғымға саяды [ҚГАС (ЖО)., б.265].
Антротопонимдер
Көне түркі жазба ескерткіштері ескі замандардан жеткен қазақ тілі
тарихының қайнар көзі болып табылады. Бұл ескерткіштерде қазіргі тілімізге
қатысты көптеген элементтерді кездестіреміз. Солардың қатарында кісі
есімдері де бар. Тіл табиғатына тән даму заңдылықтары нәтижесінде болған
біршама өзгерістерге қарамай, қазіргі тіліміздегі есімдермен әртүрлі қырынан
байланысады. Сондықтан, көне есімдер мен олардың бүгінгі тіліміздегі
нұсқаларын салыстыруды қазіргі қазақ антропонимикасының алдында
130
тұрған міндеттердің бірі ретінде тануымыз керек. Бүгінге дейін бұл бағытта
зерттеулердің жүргізілгені белгілі. «Қазақ есімдерінің тарихы» атты еңбегінде
ғалым Т.Жанұзақов кісі есімдерінің морфологиялық құрылымына біршама
талдаулар жасаған болатын.
Топонимдер құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи
ерекшеліктерін айқын көрсетеді (жер бедері, өсімдіктер, топырақ т.б.)
сонымен қатар этноним мен антротопонимдерден жасалған топонимдердің
де құрамы мол. Бұл топтағы атаулар осы өңірдің этногенезінен толық хабар
береді. Олардың кейбіреулері ұзақ уақыт қолданылу нәтижесінде көнеленіп,
географиялық атау ретінде қойылу себептері ескіріп, ұмыт болған. Бектауата
– тарихи тау , биіктігі 1215 м., село , Қарағанды обл. Халық аңызы бойынша:
«Бектау ата және Бегазы деген екі әулие болған. Олар қашып келіп, осы
тауды пайдаланған». Балқаш қаласының оңтүстік
шығысында 60 км. Жерде
Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды.
Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Әулиетау деп аталуы – тауға
сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Балқаш маңайын зерттеген
ғалым П.Сарычев былайша жазады: «Бектау ата – оңтүстік пен солтүстікті
жалғастыратын нысана іспетті керуен жолдың бойында тұрған «шамшырақ».
Оның сүйір төбесі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан көзге ілінеді. Көлдің
астынан жарып шыққандай сұстиып тұрады және «бері тарт» дегендей ишарат
береді. Сол таудың астында үлкен үңгір бар. Ол мөп-мөлдір тұщы суға толы. Су
бетінің деңгейі әрдайым бір қалыпты: жоғары көтерілмейді, төмен түспейді.
Табиғаттың осы жұмбағының көріністері дала жұртының сезімін билеп,
атаудың постпозитивтік компоненті боп тұрған «ата» сөзін қоныстырғандай»
(орысша текстен аударған Е.Қойшыбаев). Қазақстан жерінде ата тіркесімен
аталатын жерлер (мәселен, Әулиеата, Сунақата, Асықата) көбіне сол жердің
«киелі», «қасиетті», «әулиелік» құдіретіне байланысты халық нанымына
сай қойылып отырған. Демек, осы себептен Бектауата «қасиетті», «әулие»,
«киелі Бектау» деген мәнді аңғартады. Әр елді мекен сияқты Бектауата тауы
жайлы да халық арасында аңыз бар. Бағзы заманда бір қарт өмір сүріпті, ол
кісінің ауылдастары жау тарапынан қысым көріп, ауыл болып қашуға мәжбүр
болған. Қарт адам халқын тау мен тастан, өзен мен көлдерден өткізіп, мал
асырап, жақсы күн кешуге болатындай мекенге көш бастап, алып келеді. Ауыл
халқы тау етегіне жайғасады, ал, қарт адам үңгірлердің біріне кетуді шешеді.
Ақсақал кетер алдында: «Мен мына жатқан таудың ішіндегі үңгірге кетемін,
егер, менен бір нәрсе қажет болса, үңгірге келіңдер, барынша көмектесемін,
бірақ, сендерге бір шартым бар. Кімде-кім анау таудың басына шығатын болса,
бір жамандық келеді. Сондықтан, онда баруға тыйым саламын», – деген екен.
Қарттың сөзіне құлақ аспаған бір адам, таудың басына шығып, одан құлап,
жараланған екен. Содан бері бұл тау «Бектау ата тауы» деп аталып кеткен.
131
Жауыртау – атауын халық аңыздарында жиі кездестіреміз. Бұл атау
туралы көнекөз қариялардың айтуынша: «Айбас Қозының ел-жұртын іздеуге
шығып, астындағы атының одан әрі жүруге жарамай, жауыр болып қалған
жері, қазіргі Теміртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған еді», –
дейді. Теміртау қаласының солтүстік жағында жауыр аттың иығы секілді
айғыздалып жатқандығы үшін Жауыртау деп атап кеткен кішігірім шоқы
бар. Атадан балаға ауысып отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды
«Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу» жырымен сабақтастырады. Ол жырда былайша
суреттеледі: «Жауыр атты сен жүрсің, жаба тоқып, Көктайың жауыр қылған
соған орай !..» Кәдуелгі «жетпіс жыл баққан малының жеті жапырақ етін тісіне
басуға қимайтын» – Қарабай әкесі өлген Қозыны қомсынып қаша көшетін
аңыз бар. Ұзақ көш жолында қырық нары арып өліп, Қарабайға Аякөзге
келгенде ноғайлы Шақшақ байдың баласы Қодар Баянға ғашық болады ғой.
Кешікпей-ақ тоқсан мырзасын жалшылыққа берген Қодар Қарабаймен
әмпей болып алады. Сонда әбден шарасы таусылған Баян Айбас деген жігітті
қанатты қара биеден туған Бақа айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы
Қозыға жібереді. Сәлемдеме деп алтын сандыққа домбырасы мен моншағын,
басындағы қарқара қадаған топысын салып берген екен. Қарабайдың қырық
нарын жалмаған ұзақ жол Айбастың арғымағына да оңай тимепті. Шексіз-
шетсіз сары дала Айбастың өзін де, астындағы тоқпақ жал бақа айғырды да
титықтатса керек. Алайда қаншалықты қалжырап, қажыса да Айбас Баянның
өтінішін орындау үшін Қозы Көрпештің елін бетке алып жүре берсе керек.
Бірақ, амал қанша, елсіз-күнсіз сары дала астындағы аттың титығына жетіп,
бір жерлерге келгенде болдырып, тоқырап тұрып қалыпты. Айбас алған
бетінен сонда да қайтпайды. Бақа айғырды Тоқырауын бойының сонысына
тынықтырып алып, тағы да жүріп кетеді ғой. Ай жүреді, апта жүреді, бір
жерлерге келгенде мінген атынын тұяғы сөгіліп, арқасы ошақтай жауыр
болып, мүлдем міністен қалған екен.
Осынау жауыр аттың қалған жері содан бері «Жауыртау» атаныпты
дейді қыр аңызы. Ер жігіттің атын арытқан Жауыртауды қазір Теміртау
деп атайды. Халық жүрегінен шыққан атау өміршең болады. Шынында да
Теміртау дегеніңіз – ел өміріндегі тарихи-әлеуметтік өзгерістерімен біте
қайнасқан атау. Теміртау десе Теміртау. Кәдуілгі «тау-тау темір » деген сөзден
шыққан атау. Теміртау – 1945 жылға дейін Самарқант қалашығы аталып келіп,
1945 жылдың аяғында Теміртау қаласына айналған. Қарағанды облысына
қарасты, Самарқант су қоймасының жағасындағы қала. Бұл жерде темір көп
болғандықтан да Теміртау аталған.
Шерубай-Нұра – Қарағанды облысының Абай ауданында Шерубай-Нұра
деп аталатын өзен және аттас бөген бар. Атау дара мағыналы екі сөзден
жасалған, бірінші Шерубай сыңары кісі есімінен жасалған. Ол көне түркі
132
тіліндегі шери, алтай тіліндегі черу – «әскер», «армия» дегенді білдіретін сөз,
ал ұйғыр, өзбек тілінде шериқ деп аталып, «әскер, қолбасшы» деген мағына
береді. Бұл сөзге қазақ тіліндегі бай сөзі қосылып кісі есімі жасалған. Ал
Гидронимнің екінші Нұра Сыңарын зерттеушілер монғолдың жыры дегенді
білдіретін сөзі деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |